"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 18-12-2015, 10:53, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1404

 2015 жылдың 8 - 17 желтоқсан аралығында   жалпы орта білім  пәндері бойынша  Қазақстандық интернет олимпиада өтті, біздің колледж студенттері Муратова Аймгуль  ЛПТ -15-9-1 топ студенті   және Касьянов Владислав  ТМ-159-1 топ  студенті  орыс тілі пәні бойынша  интернет олимпиадаға қатысып,  жақсы қөрсеткіштер қөрсетті. Оларға  қатысқан үшін сертификат табысталды.

 

Жаңалық қосты admin1, 11-12-2015, 17:54, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1278

2015 жылы 11 желтоқсанда Павлодар қ. ішкі саясат бөлімінің, «Ұлт денсаулығы» қоғамдық қорының және «Павлодар облысының кәсіпкерлер мен жетекшілер одағының» жетекшісі А. Гагуевтың қатысуымен 1 курс оқушыларына  арналған семинар ұйымдастырылды. А. Гагуев кәсіпкерлік қызмет мәселелеріне, Б. Нукин тәртіпсіздік пен құқық бузушылықтың алдын алуды ескерту бойынша жастар бірлестігінің жұмыстарына тоқталып өтті.

 

---
Жаңалық қосты admin1, 10-12-2015, 18:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1045

ЖИТС-пен күрес жөніндегі дүниезүзілік кампанияның айлығы аясында «Мақсатқа бағыттау: 90% АИТ-жұқпалы ауруға шалдыққан адамдар АРТ алатын болады, 90% АРТ алатын адамдардың жұқпалы ауруы төмендейтін болады» ұранымен 8.12.2015ж. «АИТ/ЖИТС-тың алдын алу бойынша қауіпсіздік бағыты» тренингі өткізілді. Оны «ПСОСӨС» ЖШС-ның маманы Г.А. Жүсіпова өткізді.

 

2015 жылы 10 желтоқсанда ЖИТС бойынша айлық викторинамен, байқаумен аяқталды. Оған екі команда қатысты, ЛП 15-11-1 тобы сайыста жеңіске жетіп, грамотамен марапатталды.

 

Жаңалық қосты admin1, 30-11-2015, 23:07, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1161

2015 жылы 27 қарашада колледж оқушыларының 2 лигасы  арасындағы 25-ші облыстық спартакиаданың бағдарламасы бойынша Павлодар машина жасау колледжінің командасы жасөспірімдер арасындағы волейболдан 1-ші орын алды. Жаттықтырушы Кожиков А.Ғ.

 

 

Жаңалық қосты admin1, 29-11-2015, 10:34, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1353

2015 жыл 25 қараша колледжіміздің 4-ші курс студенті Қапашев Н. «Әлеуметтік маңызды және қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, дипломмен әрі планшетпен марапатталды.

Жаңалық қосты admin1, 10-11-2015, 09:49, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1151

     ҚР Бірінші Президенті күніне арналған «Қайырымдылық керуені», «Балаларға қуаныш сылайық» акциясы аясында Павлодар машина жасау колледжінің ұжымы 2015 жылы 27 қарашада колледжде оқитын жетім-балаларды мерекемен құттықтап, әр қайсысына сыйлықтар, жалпы сомасы 16 500 теңге болатын 11 дана 1500 теңге сомасындағы азық-түлік жинағын табыстады.

  

     2015 жылы 26 қарашада Дүниежүзілік кампанияның ЖИТС-пен күрес айлығының аясында «Мақсатқа бағыттау: 90% АИТ-жұқпалы ауруға шалдыққан адамдар АРТ алатын болады, 90% АРТ алатын адамдардың жұқпалы ауруы төмендейтін болады» ұранымен Павлодар облысының ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығы НПО-мен бірлесе отырып «АИТ-статусын анықтау үшін тестілеуден өт» акциясын өткіздік, колледж студенттерінің арасында экспресс тестілеу мен сауалнамаға 100-ден астам оқушы қатысты.

 

     2015 жылы 25 қарашада Достық үйінде облы әкімі Қ.А. Бозымбаевтың қатысуымен облыстық «Менің табысым – елімнің табысы» байқауына қатысушыларды марапаттау рәсімі болып өтті. Колледжіміздің 4-ші курс студенті Қапашев Н. «Әлеуметтік маңызды және қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, дипломмен әрі планшетпен марапатталды

 

                       

 Тиімді тамақтану айлығының аясында 2015 жылы 19 қарашада ҚБ «Ұлттық тамақтану орталығының» қызметкері Нұрахметова Г.Ш. колледж оқушыларымен «Дұрыс тамақтан, жеңіл өмір сүр» немесе «Дені сау, белсенді, ақылды және әдемі болу үшін дұрыс тамақтану қажет» тренингін өткізді.

Іс-шара салауатты өмір салтын қалыптастыруға, дұрыс тамақтануға, салмақты бақылауға бағытталған, шараға 100-ден астам оқушы қатысты.

   

 2015 жылы 13 қарашада «NOMАД» ОЖБ өкілі Е. Серікпаевтың қатысуымен дөңгелек үстел өткіздік, ол өз баяндамасында жастар арасындағы толеранттылық пен діниаралық келісім қағидаларын үгіттеу мәселелерін қозғады. Армян мәдени орталығының төрайымы Аракелян Сусанна Дерениковна мәдени орталықта жастар арасында діни саясат пен діниаралық келісімді үгіттеу мен оны түсіндіру бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтты.

 

     Толеранттылық күнін мерекелеу аясында студенттерге «толеранттылықты, толеранттылық қарым-қатынасты» түсіндіру, өзге адамдарды құрметтеуге және жақсы қарым-қатынас құруға тәрбиелеу, коммуникативтік дағдыларды дамыту мақсатында келесі іс-шаралар атқарылды:

2015 жылы 12 қарашада «Құқық» үйірмесінің жетекшісі Шушпаева Б.Ш. «Халықаралық толеранттылық күні» ақпараттық сағатын өткізді.

  

Діни экстремизмнің алдын алу.

2015 жылы 4 қарашада колледждің мәжіліс залында 1 және 2 курс студенттеріне арналған «Терроризм мен экстремизмнің алдын алудағы азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы жөніндегі бөлімнің инспекторы М.Б. Жағыпаров дәріспен сөз сөйлеп, бейнефильм көрсетілді, дін мәселелі жөніндегі заңнамалық база талқылауға салынды, соңында ақпараттық материалдар таратылды.

 

     2015 жылы 5 қарашада осы тақырып жалғастырылып, 1 және 2 курстар арасында «Экстремизм мен терроризмнің қанды салдары» тақырыбында ақпараттық сағат өткіздік.

 

 

Студенттерге арнау

     Мерекелік безендірілген залда 2015 жылы 3 қарашада жоғарғы курстың студенттері бірінші курстың студенттерін қарсы алды, өйткені олар Павлодар машина жасау колледжінің үлкен әрі тату отбасының студенттеріне және оның бір бөлігіне айналды!

 

    Студенттердің арнау күнімен колледж директоры Қ.А. Қаирбаев құттықтады.

 

   Мерекелік концертті жоғарғы курстың студенттері әнмен, флешмобпен жалғастырды. Колледждің бірінші курс студенттерін колледж түлегі Зейніл Айдын құттықтап, өзінің әндерін тарту етті. Мереке соңында студенттер өздерінің анттарын беру салтын өткізді.

Жаңалық қосты admin1, 5-11-2015, 19:38, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1715

     Тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі қазақстандық ұлтжандылықты қалыптастыру болып табылады. Белсенді азаматтық ұстаным мен мемлекеттік рәміздерге деген құрметке, қазақ халқының тарихи мұрасына тәрбиелеу мақсатында 2015 жылдың 1-8 қазан аралығында 1-ші курс оқушыларының арасында ҚР рәміздері туралы білімдерін тексеруге арналған сауалнама жүргізілді. 21-ші қазанда ҚР Әнұранын білу мен оны орындау байқауын өткіздік, қатысушылар мерекелік формада келіп, өздерінің ұйымшылдығын және осы шараның маңыздылығын көрсетті. Байқаудың нәтижесі бойынша 1-ші орынға ЛПТ 15-9-1, 2-ші орынға ТМ 15-9-1, 3-ші орынға ТМ 15-11-1 топтары, алғыс хатқа ЛП 15-11-1 тобы ие болды. 27.11.2015ж. «Тарих доңғалағы» байқауы өткізілді, байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде 9 сынып негізіндегі 1-ші курс оқушылары ҚР рәміздері бойынша теориялық білім сайысына түсті, мұнда ТМ 15-9-1 тобы жақсы нәтиже көрсетті, екінші күні ЛП 15-11-1 тобы жақсы нәтижемен аяқтады. Білім сайысы қараша айында жалғасатын болады.

 

2015 жылы 27 қазанда «Тарих доңғалағы» байқауы өткізілді, байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде 9 сынып негізіндегі 1-ші курс оқушылары ҚР рәміздері бойынша теориялық білім сайысына түсті, мұнда ТМ 15-9-1 тобы жақсы нәтиже көрсетті, екінші күні ЛП 15-11-1 тобы жақсы нәтижемен аяқтады. Білім сайысы қараша айында жалғасатын болады.

 

2015 жылы 30 қазанда ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларына арналған көркемсөз оқу шеберлерінің арасындағы «Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» атты қалалық байқауға ЛП 15-11-1 тобының студенті Тұрсынғалиева Жаннұр қатысып алғыс хатпен марапатталды.

                      

2015 жыл 30 қазанда Павлодар қаласында 2-ші лигадағы колледждер арасында тоғызқұмалақтан 25-ші облыстық спартакиада өтті. Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 1-ші орынды, қыздар командасы 2 орынды иеленді. 

2015 жылы 28 қазанда «Қазақ хандығын билеушілердің рөлі» интеллектуалдық марафоны болып өтті. Сайысқа 2-ші курстың екі тобы қатысып, олар хандар туралы таныстырулар дайындады, командалар бір-біріне сұрақтар қойды, жанкүйерлермен жұмыс жүргізіліп, соңында ойын өткізілді.

 

 

2015 жылы 27 қазанда Кульшманова Ж.Т облыстық СӨС орталығының дәрігері Г.А. Жүсіпованы шақырумен антиалкогольдік акциясын дайыдап өткізді. Акцияның тақырыбы: «Алкоголь – сананың жауы!», оған 1 және 2 курстың оқушыларықатысып, акция флешмоб, таныстыру, сахналау, музыкалық нөмірлер түрінде өткізілді.

 

2015 жылы 23-ші қазанда КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінің» жатақханасында 1-ші курс студенттерінің арасында «Күзгі бал» байқауы өтті. Іс-шара тәрбиеші Ж.Н. Какенованың басшылығымен Студенттік кеңес мүшелерімен дайындалды. Бесінші қабаттың кіре берісі шарлармен, жапырақтармен, плакаттармен безендірілді. Байқауға Әр бөлмеден бір өкілден қатысты, атап айтқанда Сейтқалиева Айнаш, Қарағаева Нұргүл, Валл Зоя, Долматова Любовь, Амангелдиева Феруза. Әр қатысушыны жігіттер ортаға алып шығып, олармен күзгі вальс биін биледі. Байқау бірнеше тапсырмалардан тұрды: өлеңмен немесе прозайкалық түрде өзі туралы айту және салатқа әдемілеп алмалар кесу, көздерін байлап картошка жинау, өздерінің серіктеріне барынша көп жапырақтар жабыстыру. Іс-шара көңілді әрі қызықты өтті, барлық қатысушылар тұрмыста қажетті шағын сыйлықтар алды.

 

2015 жыл 23 қазанда Павлодар қаласында 2-ші лигадағы колледждер арасында үстел теннисінен 25-ші облыстық спартакиада өтті.

Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 3-шы орынды, қыздар командасы 8 орынды иеленді.

2015 жылы 20 қазанда облыстық СӨС-ті қалыптастыру орталығының дәрігері Жүсіпова Г.А. «Дені сау отбасы – дені сау ұрпақ» тақырыбында «Денсаулық мектебі» семинарын өткізді. Семинарға 1-ші курстың ЛПТ 15-9-1 және ТМ 15-9-1 топтары қатысты. 23 қазанда ол «Темекі шегудің, нашақорлықтың және ішімдік ішудің алдын алу» таныстыруымен жалпы колледждік ата-аналар жиналысында сөз сөйледі

 

2015 жылы 13 қазанда «Жемқорлық. Жемқорлықпен күрес» тақырыбындағы дәріспен Павлодар облысы бойынша жемқорлыққа қарсы мемлекет қызметінің істері жөніндегі департаменттің бас маманы Жақаев Талғат Ерланұлы мен «Жас Отан» ЖҚ қалалық филиалының жетекшісі Манабаева Айгерім сөз сөйледі. кездесудің мақсаты құқықтық сауаттылықты қалыптастыру, жемқорлықтан бас тарту. Жиналысқа жаңа жиынның 92 оқушысы қатысты.

 

2015 жыл 2 қазанда Павлодар қаласында 2-ші лигадағы колледждер арасында жеңіл атлетикалық алыс қашықтыққа жүгіруден 25-ші облыстық спартакиада өтті.

Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 3-шы орынды иеленді

 

Жаңалық қосты admin1, 1-10-2015, 23:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1227

     «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа нөлдік шыдамдылық» акциясы.

   2015 жылы 30 қыркүйекте мемлекет басшысының тәртіпсіздікке «Нөлдік шыдамдылық» қағидасын қаматамасыз ету бойынша тәжірибелік шараны іске асыру аясында Павлодар машина жасау колледжінде «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа нөлдік шыдамдылық» акциясы өткізілді.
Акцияға Павлодар қ. ГЮП ОАП ІІБ аға инспекторы, полицияның аға лейтенанты Р.А. Калькин мен «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» ЖҚ-ның жетекшісі Манабаева Айгерім қатысты.
Ұйымдастырушылар акцияның мақсаты оқушылардың бойына тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтардың «нөлдік шыдамдылық» қағидасын қалыптастыру, құқықтық мәдениет пен сауаттылықты арттыру екендігін және Павлодар қ. осы бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатқандығын айтып өтті. Колледж оқушыларының атынан акцияны қолдау үшін колледждің «Жас Отан» ЖҚ хатшысының м.а. Кужиртаев Әділет сөз сөйледі. Акцияға 1-2 курстардың 98 оқушысы қатысты.

 

    25 қыркүйекте 2015 жылғы ІІІ еңбек семестрінің жабылуына арналған Павлодар облысының «Жасыл Ел» студенттік құрылыс және жастар отрядының слеті өтті. Слетке біздің студенттер өздерінің командирі Какенова Жанна Нұрланқызымен шақырылды. Жанна Нұрланқызы 7 жыл бойы «Жасыл Ел» отрядының командирі болып жұмыс істеді. Биылғы жылы «Жасыл Ел» студенттік құрылыс және жастар отрядының құрылғанына 10 жыл толуына орай Какенова Жанна Нұрланқызы «Үлгілі аймақтық штаб» номинациясы бойынша «Жасыл Ел» студенттік құрылыс және жастар отрядыныңжұмысына белсенді қатысқаны үшін дипломмен марапатталды. 

 23 қыркүйекте Қарттар мен Ұстаздар күні мерекесінің қарсаңында колледждің еңбек ардагерлеріне құрмет көрсеттік. Колледжге барлық еңбек ардагерлері шақырылды. Олар уақытты жақсы өткізіп, өткен кездерді еске алды және іс-шараны жақсы ұйымдастырғаны үшін колледж директорына үлкен алғыстарын айтты.

Жаңалық қосты admin1, 5-06-2015, 09:50, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1465

Соғыстың сұрапыл жылдары – блокаданың қиын жылдары.

Сұрапыл соғыстың және ұмытылмас қиын күндердің аяқталғанына 70 жыл болды. Уақыт өтіп, жан жарасы жазылды. Өртенген қалалар ғайып болып, жаңа ұрпақтар өсіп-жетілді. Бірақ та, адамзаттың есінде 1941 жылдың 22 маусымы тек қатерлі күн емес, сонымен қатар ұзақ 1418 күн мен түнге созылған Ұлы Отан соғысы есебінің басталғаны ретінде есінде қалды. Павлодар машина жасау колледжінде жеңістің 70 – жылдығына арналған іс-шара аясында оқушылардың туған еліміздің және оның халқының жасаған ерліктерін мақтан тұтуына, еліміздің тарихы мен оның батырларына құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында ерлік сабағы өткізілді. «Киелі соғыс» әнінің сүйемелдеуімен жүргізушілер ленинградтықтардың тоғыз жүз күн от қоршауында, аяусыз аштықтың қыспағында үш қыс отынсыз, сусыз, электр жарығынсыз, жаудың үздіксіз оқ атқылауына қалай төтеп бергендігін айтты. Оқушылар ленинградтық қыз Таня Савичеваның жазбаларын тыңдап, бейне фильмдерді көрді, ленинградтықтардың естеліктерін, қазақ халқының ақыны Ж. Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім!» өлеңін тыңдады әрі «Өмір жолы» туралы айтылды. Осы сабақ арқылы оқушылар қандай қиын-қыстау жолмен бейбіт өмірге қол жеткендігін білді.

Жаңалық қосты admin1, 18-05-2015, 10:36, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1263

13.04.2015ж. – 18.04.2015ж. аралығында

Жалпы білім беретін және қоғамдық пәндер

ЦӘК-нің пәндік апталығы өткізілді

Оқытушының аты-жөні

Іс-шаралар

топ

күні

уақыты

кабинет

1

Ахметова З.Ж.

Конференция

1 курс

14.04.2015ж.

13.30 сағ.

мәжіліс залы

2

Барақбаев С.Т.

Шушпаева Б.Ш.

Акция

«Экстремизм, терроризм, радикализм»

1 курс

13.04.2015ж.

14.30 сағ.

мәжіліс залы

3

Сулейменова Г.М.

Жанкаринова Ж.Т.

Викторина

«Эрудит»

1 курс

16.04.2015ж.

15.20 сағ.

мәжіліс залы

4

Кульшманова Ж.Т.

ЗОЖ

1 курс

14.04.2015ж.

15.20 сағ.

302

5

Неғманова Г.Б.

Викторина

«География білгірі»

1 курс

14.04.2015ж.

15.20 сағ.

302

6

Кожиков А.Қ.

Ашық сабақ

ТМ14-9-1

15.04.2015ж.

2 пар

спорт залы

7

Сенкебаев Т.К.

Ашық сабақ

ТОРА 14-9-1

15.04.2015ж.

3 пар

спорт залы

8

Калимова С.С.

Ашық сабақ

ТОРА 14-9-1

13.04.2015ж.

3 пар

301

9

Теміртасов Д.Қ.

Ашық сабақ

ТОРА 14-9-1

13.04.2015ж.

4 пар

спорттық алаң