"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 30-05-2023, 12:16, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 77

29.05.2023 ж. бастап 30.05.2023 ж. дейін Павлодар машина жасау колледжі "Балалық шақ әлемі қандай ғажап!" Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған флешмобқа қатысты Бұл әрқашан жарқын,шуақты, шынымен қуанышты балалық шақ мерекесі!Осы мерекеге орай колледжде спорттық іс-шаралар өтті: "Спорттық флешмоб", "Көңілді старттар" және басқа да көптеген жарыстар!

флешмоб "Балалық шақ әлемі қандай ғажап!"

---
Жаңалық қосты admin1, 29-05-2023, 12:19, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 65

Ағымдағы жылдың 17 мамырында Павлодар машина жасау колледжінде жылы және достық жағдайда «Жұмыс берушілер күні» өтті. Кездесуге «Қазақстан алюминийі» АҚ жастар комитетінің өкілдері, Павлодар қаласы мектептерінің оқушылары және 1-3 курс студенттері қатысты. Жастар комитетінің өкілдері жұмыстың артықшылықтары, кәсіпорын қызметкерлеріне әлеуметтік пакет ұсыну, компаниядағы жастар бастамалары мен жобалары туралы айтып берді. Жас мамандар үшін қандай жағдайлар жасалғаны туралы өз әңгімелерімен бөлісті. Өз кезегінде біздің студенттер өз мамандықтары туралы айтып, викторина өткізіп, шығармашылық нөмірлерін көрсетті.  Белсенді оқушылар мен студенттер үшін жағымды бонустар демеушілердің сыйлықтары болды.  Кездесу соңында кофе-брейк өтті.

День Работодателя

Жаңалық қосты admin1, 12-05-2023, 15:55, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 91

12 мамырда Павлодар машина жасау колледжінде қызметкерлер мен студенттерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру бойынша оқу-жаттығулар өткізілді.

Колледж әкімшілігі алгоритмдерге сәйкес қызметкерлер мен білім алушыларды эвакуациялауды ұйымдастырды, сондай-ақ техникалық құралдардың: дабыл түймесі, турникеттер мен бейнекамералардың жұмыс істеуіне тексеру жүргізді. Бірнеше минут ішінде келген жеке күзет ұйымы жедел әрекет етті. Бұл іс-шаралар жүйелі түрде оқу орнында өткізіледі.

Учения

 

Жаңалық қосты admin1, 4-05-2023, 12:39, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 99

2023 жылы 4 мамырда ШЖҚ КМК «Павлодар машина жасау колледжінің» оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері арасында Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен өткізілген «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазуға қатысты.

Общенациональный диктант