"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 16-10-2018, 09:05, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 926

Қалыптасқан дәстүр бойынша КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінде» Халықаралық қарттар күніне арналған «Қамқорлық» қайырымдылық айлығы өткізілді. «Қайырымдылық іс істе» акциясының аясында 16.10.2018ж. ТОРА 17-9-1 тобы белсенділік танытты. Топтың оқушылары мен олардың ата-аналары Ленин кентінде тұратын Гребнова Анна Петровнаға отын жеткізіп берумен және оны дайындап беруге көмек көрсетті. Зейнеткер Гребнова Анна Петровна біздің студент Ивашин Александрдың қамқоршысы болып табылады. Анна Петровна колледждің балалары мен басшылығына көрсеткен көмектері үшін алғыс айтты.

Жаңалық қосты admin1, 21-07-2018, 17:15, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 699

20-21 шілдеде «Жасыл ел» кубогы үшін қалалық шағын футболдан турнир өтті. Павлодар машина жасау колледжінің командасы №16 мектеп-лицейінің стадионында өткен турнирге қатысты. Колледж командасы турнирде төртінші орынды иеленді және дипломға ие болды, ал бөлімнің жауынгері Гимадаев Кирилл «Жасыл ел» кубогы үшін турнирде «Үздік қақпашы» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.

Жаңалық қосты admin1, 29-01-2016, 09:58, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1486

ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығының аясында қазақстандық ұлтжандылықты қалыптастыру, тұрақты, табысты, бәсекеге қабілетті мемлекет жөнінде Қазақстанның қол жеткізген жетістіктеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында колледжде бірқатар іс-шаралар өткізілді:

2016 жылы 26 қаңтарда Бұхар Жырау мұражайының қызметкерлерін шақырумен «Еркіндік пен ар-намыс белгілері» тақырыбында мұражай сабағы өткізілді, онда біздің мемлекетіміздің қалыптасу тарихы туралы айтылып, бейнефильмдер көрсетілді және халық әндері орындалды. Іс-шара қызықты өтіп, оқушылар өздеріне қажетті көптеген қызықты материалдарды алды.

 

2016 жылы 28 қаңтарда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауына арналған «Мәңгілік ел, біздің абыройлы және ұлы Қазақстан» атты ұлтжандылық акция – концерті өткізілді. Бұл іс-шара қазақстандық ұлтжандылыққа, азаматтылыққа, толеранттылыққа, Отанымызды мақтан тұтуға тәрбиелеуге, ой-өрісті кеңейтуге бағытталған. Акцияға шақырылған қонақтардың: «Құқық» үйірмесінің жетекшісі Б.Ш. Шушпаева мен колледждегі «Жас Отан» ЖҚ жетекшісі Н. Қапашевтің сөз сөйлеуі.

 

2016ж. 29 қаңтарда П. Васильев атындағы кітапханамен бірлесе отырып «Тәуелсіздік – бұл еркіндік, бақыт» тақырыбында кітапхана сабағын өткіздік, онда кітапхана қызметкерлері ҚР рәміздері туралы атты.