"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 27-01-2015, 08:58, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1452

2014 жылы 1-ші желтоқсанда Бірінші Президент күніне арналған жастар форумына колледжден 30 оқушы қатысты. ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында 9-шы желтоқсанда барлық курстарда «Менің отаным Қазақстан», «Ертеңгі күнге деген сеніммен», «Қазақстан тәуелсіздік хабаршысы» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.

 

2014 жыл 2-6 қараша аралығында  Павлодар қаласында колледждер арасында баскетболдан 14-ші облыстық спартакиада өтті. Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 8-шы орынды иеленді.

2014 жылы 4-ші желтоқсанда Естай атындағы ҚМС-да қазақ, орыс және ағылшын тілін меңгерген жастарды анықтау мақсатында қалалық «Тіл шебері» атты байқау өткізілді. Байқауға ТМ 14-11-1 тобының студенті Сағындық Кәкім қатысып, белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Студенттің жетекшісі қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы Күлжібаева Г.Т.

2014 жылы 10-шы желтоқсанда мемлекеттік тілде оқитын топтардың оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты ғылыми-танымдық конференция өткіздік.

2014 жылы 11-ші желтоқсанда жастар саясатының мәселелері жөніндегі ЖҚКО басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген қалалық «Елімай» байқау-викторинасына колледж оқушыларынан құралған команда қатысты.

2014 жылы 12-ші желтоқсанда колледж ұжымы мен оқушыларына арналған «Гүлдеп жайнай бер менің Қазақстаным» атты концерттік бағдарламаны ұйымдастырдық.

2014 жылы 12-ші желтоқсанда колледждің 15 оқушысы «Елім үшін не істедім» атты Жастар форумына қатысты.

2014 жылы 12-ші желтоқсанда колледждің 6 оқушысынан құралған команда ҰОС жеңісінің 70-жылдығына және ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Қыран 2014» атты әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстарға қатысты.

2014 жылы 25-ші желтоқсанда колледж оқушылары «Жаңа жылдық әзілдер» атты мерекелік бағдарламаны өткізді, онда жаңа жылдық әндер шырқалып, би билеп, көріністер көрсетілді.

2014 жылы 30-шы желтоқсанда колледж қызметкерлерінің балаларына арналған ертеңгілік өткіздік. Ол өте қызықты әрі көңілді болды.

 

Жаңалық қосты admin1, 27-01-2015, 08:52, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1327

2014 жыл 6 қарашада Павлодар қаласында колледждер арасында үстел теннисінен 14-ші облыстық спартакиада өтті. Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 6-шы орынды иеленді.

Бірінші Президент күнін мерекелеу аясында, қазақстандық ұлтжандылыққа тәрбиелеу, азаматтық көзқарасты қалыптастыру, оқушылардың туған елінің тарихына деген танымдық қызығушылықтарын дамыту мақсатында келесі іс-шаралар өткізілді: Колледждің кітапханасында «Н.Назарбаев – ҚР-дің Бірінші Президенті» атты көрме ұйымдастырылды.

2014 жылы 11-18 қараша аралығында Бірінші Президент күні мен ҚР Тәуелсіздік күніне арналған интеллектуалдық марафон өткізілді, оған 100-ден астам оқушы қатысты. Барлық курстарда бейне фильмдер көрсетіліп, сынып «Президентпен бірге мықты Қазақстан үшін», «Тәуелсіз мемлекеттің бірінші президенті», «Елді құрған көшбасшы», «1-ші желтоқсан – ҚР Бірінші Президент күні» атты сағаттары өткізілді.  

2014 жылы 21-ші қарашада колледждің 10 оқушысы «Жас Отан» ЖҚ-сы ұйымдастыруымен Достық үйінде өткізілген мемлекет басшысының курстасы Әбуов Рымбек Шаханұлынмен кездесуге қатысты.

2014 жылы 26-ші қарашада колледждің 2 тобы ҚР-дің Президенті Н.Ә. Назарбаевқа арналып С. Торайғыров атындағы кітапханада өткізілген көрмеге қатысты. 

2014 жылы 24-ші қазанда «Жастар бастамасын дамыту орталығы» ҚМБ-да жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқармасы облыстық «Жастар көзімен жабыраңқы кезең» фестивалін өткізді. Фестивальға ТМ 13-9-2 тобының студенті Саваровская Алена қатысып, «ГРАФИКА» номинациясы бойынша жүлделі 3-ші орынға ие болды.