"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 31-01-2013, 10:19, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1538
Жаңалық қосты admin1, 21-01-2013, 12:07, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1574

17.01.2013ж. Павлодар машина жасау колледжі директорының ТЖ жөніндегі орынбасары Ф.М. Акишева сынып жетекшілеріне «Тәрбие үрдісін саралау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Онда тәжірибелі сынып жетекшілері таныстырулар дайындап, төмендегі мәселелерді талқылады:

1. Оқытушының тәрбиелеу жұмысына дайындығын өздік саралау.

2. Топтардағы саралау жұмыстарының нәтижесі.

3. Топтағы студенттердің тәрбиелік саралауы.

4. Психологтың тренингі.

Дөңгелек үстел соңында ұсыныстартар айтылды. 

 


Жаңалық қосты admin1, 21-01-2013, 12:03, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1592

ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінің» 1-ші курс оқушыларына арналған (90 оқушы) «Зорлыққа жол жоқ – бақытты болуға құқығымыз бар» атты Республикалық акция болып өтті. 2012 жылы 9-шы қарашада семинар өткіздік. Семинардың мақсаты: нәзік жандыларға зорлық-зомбылық жасауға бейім тұлғалармен жеке-алдын алу жұмыстарын іске асыру, зорлық көрсетудің алдын алу және ескерту жасау.

Семинар жұмысына Павлодар қ. ІІБ полициясының инспекторы, полиция майоры А.Т. Қасымова, «Әйелдер ұлт болашағы» қоғамдық бірлестігінің директоры Ж.Ю. Бороздина қатысты.

Талқылауға ұсынылған мәселелер:

1) ҚР-дің «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңына түсініктеме беру.
2) Өз-өзіне қол жұмсаушылықтың алдын алу.

 


Жаңалық қосты admin1, 16-01-2013, 08:51, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 2119

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 

Қазақстан халқына «НҰРЛЫ ЖОЛ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» Жолдауы 

 

Жаңалық қосты admin1, 16-01-2013, 08:43, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1926

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясының

Павлодар қалалық филиалына қарасты

ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінің»

«Нұр Отан» ХДП-ның бастапқы партия ұйымы

 2014 жылы 27 қаңтарда ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінің» мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын» талқылау бойынша партиялық жиналыс болып өтті. Талқылау барысында келесі мәселелер қарастырылды: «7 басты әлеуметтік жобалар», «Экономиканы дамыту бойынша 7 стратегиялық қадам», «2014 – жолдауындағы10 жаңалық», «Әлеуметтік дамудың 7 стратегиялық қадамы». 

ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінің» «Нұр Отан» ХДП-ның бастапқы партиясы 2007 жылы құрылды. Партия ұйымының төрағасы болып колледждің қоғамдық пәндер оқытушысы Барақбаев Серік Төлекұлы, орынбасары лауазымына қоғамдық пәндер оқытушысы Шушпаева Бахытгүл Шаухватқызы, хатшылық қызметке Какенова Жанна Нұрланқызы сайланды. Акишева Фарида Мақсұтқызы «Нұр Отан» ХДП-ның Павлодар қалалық филиалының бақылау-тексеру комиссиясының төрайымы. Партия ұйымының қатарында колледждің 40 мүшесі бар. Колледжде бастапқы партия ұйымы құрылған уақыттан бастап, партия мүшелері жыл сайын колледжішілік («Қазақстан Республикасының жыл сайынғы жолдауына» арналған «дөңгелек үстел» өткізу, наурыз айында дәстүрлі мерекелер: 8-ші наурыз Халықаралық әйелдер күні, 22-ші наурыз «жаңа жыл - әз наурыз!» мерекелерін өткізу, сәуір айында қалалық «Нұр Отан» ХДП төрағасының орынбасары А. Ешмұратов және облыстық «Жас Отан» ұйымының төрағасы С. Шалабаевтың қатысуымен ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінде» болатын кезектен тыс жиналысын өткізу, мамыр айында дәстүрлі мерекелер: 7-ші мамыр Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері күніне, 9-шы мамыр Ұлы Жеңістің 68 - жылдығына арналған мерекелік іс-шараларын өткізу, маусым айында өткізілген іс-шаралар мен кездесулерге талдау жасау, қыркүйек айында Білім күніне арналған мерекелік іс-шаралар, кездесулер өткізу, қазан айында колледж ішілік іс-шаралар, конференциялар өткізу, қараша айында ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжіндегі» «Нұр Отан» ХДП бастапқы ұйымының жиналысын өткізу, желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шаралар, конференциялар өткізу т.б.) және «Нұр Отан» ХДП-ның қалалық және облыстық филиалдары ұйымдастырған барлық деңгейдегі іс-шараларға белсенді түрде ат салысады.

 

«Нұр Отан» ХДП-ның қалалық бөлімінің жетекші мамандарымен колледжімізде кездесу кештерін ұйымдастыру дәстүрге айналған. Атап айтқанда «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының бұрынғы: төрағасы (қазіргі «Нұр Отан» облыстық ХДП төрағасының орынбасары, облыстық депутат) В.А. Берковскиймен, төраға орынбасары, қалалық депутат А. Алиақбаровпен және «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Р. Рахимжановпен, қазіргі: «Нұр Отан» қалалық ХДП төрағасының орынбасары,қалалық депутат А. Ешмұратовпен, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы, қалалық депутат С. Шалабаевпен және қалалық депутат А.И. Винерцевпен бірнеше рет кездесулер өткізіліп, 2008 жылы бұрынғы «Нұр Отан» қалалық ХДП төрағасының орынбасары, қалалық депутат А. Алиақбаров колледждегі партия ұйымының төрағасы С.Т. Барақбаев пен Б.Ш. Шушпаеваны «Алаш партиясының 90-жылдығына» арналған құрмет грамотасымен, 2010 жылы 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай өткізілген іс-шараға қатысып, колледждің белсенді студенттерін Мақтау қағаздарымен марапаттады. 2010 жылы Павлодар облыстық «Нұр Отан» ХДП-ның төрағасы А. Вербняк бастапқы партия ұйымының төрағасы С.Т. Барақбаевты, партия мүшесі Ф.М. Акишеваны «Нұр Отан» ХДП-ның 10-жылдығына арналған Алғыс хатпен, 2011 жылы қазан айында Павлодар қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалы төрағасының бірінші орынбасары А. Ешмұратов бастапқы партия ұйымының төрағасы С.Т. Барақбаевты, колледж директоры, партия мүшесі Қ.А. Қаирбаевты, партия мүшелері Ф.М. Акишев мен Б.Ш. Шушпаеваны «Нұр Отан» ХДП-ның бағдарламалық мақсаттарын жүзеге асыруға мол үлес қосқаны үшін және Тәуелсіздіктің 20-жылдығына орай Алғыс хатпен марапаттады. Бұл Алғыс хаттарды қалалық депутат, партия мүшесі А.И. Винерцев колледжде өткізілген «Мұғалімдер күні» іс-шарасына қатысып, табыстады.  

 

Бастапқы партия ұйымының төрағасы С.Т. Барақбаев пен партия мүшесі Ф.М. Акишева «Нұр Отан» ХДП Павлодар қалалық филиалы өткізген VІІ-ші (2010ж. 30 желтоқсан), ІХ-шы (2011ж. 18 қаңтар), ХІ-ші (2011ж. 6 желтоқсан), ХІІ-ші (2012ж. 20 қараша) кезектен тыс және есеп беру-сайлау конференцияларына делегат болып қатысты. Партия ұйымының төрағасы С.Т. Барақбаев бірнеше рет қалалық «Нұр Отан» ХДП-ның жиналыстарында есептік комиссияның мүшесі болды, Ф.М. Акишева қаллық «Нұр Отан» ХДП-ның ХІІ-ші есеп беру-сайлау конференциясында бақылау-тексеру комиссиясының төрайымы есебінде есеп беріп, сөз сөйледі.

 

Алдағы уақыттарда колледждің басқа да қызметкерлері өз тараптарынан белсенділік танытып, еліміздің, «Нұр Отан» ХДП-ның қоғамдық-саяси өміріне ат салысып партияның құрметті мүшесі болатындығына сеніміміз мол.  

 

 

 

Павлодар облыстық және қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалдарының Алғыс хаттарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталғандар:

Барақбаев Серік Төлекұлы

(ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінің»

«Нұр Отан» ХДП-ның бастапқы партия ұйымының төрағасы)

  
2008жылы қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалының  «Алаш партиясының 90-жылдығына арналған ғылыми танымдық конференцияны дайындап, белсенділік танытқаны үшін» Құрмет грамотасымен;
2010 жылы Павлодар облыстық «Нұр Отан» ХДП филиалының «Нұр Отан» ХДП-ның 10-жылдығына орай Алғыс хатпен;
2011 жылы қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалының «Нұр Отан» ХДП-ның бағдарламалық мақсаттарын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін және Тәуелсіздіктің 20-жылдығына орай Алғыс хатпен марапатталды.
 

Қаирбаев Қайрат Айткенұлы 

(колледж директоры және партия мүшесі)

2011 жылы қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалының «Нұр Отан» ХДП-ның бағдарламалық мақсаттарын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін және Тәуелсіздіктің 20-жылдығына орай Алғыс хатпен марапатталды.
 

Акишева Фарида Мақсұтқызы

(директордың ТЖ жөніндегі орынбасары,

«Нұр Отан» ХДП-ның Павлодар қалалық филиалының

бақылау-тексеру комиссиясының төрайымы)

 
2010 жылы Павлодар облыстық «Нұр Отан» ХДП филиалының «Нұр Отан» ХДП-ның 10-жылдығына орай Алғыс хатпен;
2011 жылы қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалының «Нұр Отан» ХДП-ның бағдарламалық мақсаттарын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін және Тәуелсіздіктің 20-жылдығына орай Алғыс хатпен марапатталды.
 

Шушпаева Бахытгүл Шаухватқызы

(колледждің сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі,

бастапқы партия ұйымының төраға орынбасары)

 
 2008жылы қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалының  «Алаш партиясының 90-жылдығына арналған ғылыми танымдық конференцияны дайындап, белсенділік танытқаны үшін» Құрмет грамотасымен;
2011 жылы қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалының «Нұр Отан» ХДП-ның бағдарламалық мақсаттарын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін және Тәуелсіздіктің 20-жылдығына орай Алғыс хатпен марапатталды.
        

Фотолар:

«Астана» мұз айдыны орталығында Павлодар облыстық және қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалдарының Тәуелсіздіктің 20-жылдығына орай өткізген іс-шарасына  колледждің белсенділерінің қатысуы

alt alt

 

Колледж белсенділерінің Конституция күніне арналған іс-шараға қатысуы

alt

 

Колледждегі партия мүшелерінің Ч.Ж. Зайкеновпен кездесіп, партия ісін дамытуға өз ұсыныстарын білдіруі

alt alt 

 

Рәміздер күніне арналған іс-шараға колледж оқытушылары мен белсенділерінің қатысуы

alt

 

«Жас Отан» жастар қанатының бұрынғы төрағасы

Р. Рахимжановпен кездесу

alt

 

 

«Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының бұрынғы: төраға орынбасары, қалалық депутат А. Алиақбаровпен кездесу

және белсенді студенттерді марапаттауы

alt alt

 

«Нұр Отан» облыстық ХДП төрағасының орынбасары, облыстық депутат

 

 В.А. Берковскиймен кездесу

alt

 

«Нұр Отан» жастар қанатының есептік-сайлау конференциясына колледждің бесленді студенттері мен «Нұр Отан» бастапқы ұйымының төрағасы С.Т. Барақбаевтың қатысуы

alt

 

Жаңалық қосты admin1, 16-01-2013, 08:39, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1593

«Павлодар облысына 75 жыл» мерейтолық медалімен наградталды

Павлодар облысы әкімінің 2012 жылғы 11 желтоксандағы өкіміне сәйкес Акишева Фарида Мақсұтқызы

alt

alt alt

 

Жаңалық қосты admin1, 16-01-2013, 08:38, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1722

Оқытушы Г.Т. Күлжібаева 2012ж. 29-шы қарашада оқытушыларға арналған қазақ әдебиеті пәні бойынша қашықтықтық Қазақстандық интернет олимпиадаға қатысып, құрметті «Қола жүлдегер» 3-ші орын алды. 

 

alt alt

Жаңалық қосты admin1, 16-01-2013, 08:35, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1492

2012 жылы 30-ші қарашада ПМПИ базасында ЖОО-ның 50 жылдығына арналған «Жоғары педагогиклық мектептің инновациялық білім беру ортасын институтциаландыру» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысына біздің колледждің оқытушылары да қатысты.

Қоғамдық пәндер оқытушысы Б.Ш. Шушпаева «Оқытуға жаңа көзқарас» бөлімі бойынша «Тарих пәнінің сабақтарындағы ақпараттық-коммуникативтік технологиялар» тақырыбында баяндама дайындады.

Физика пәнінің оқытушысы Ғ.М. Сүлейменова «Шекарааралық кеңістіктегі интеграциялық үрдістер» бөлімі бойынша «Физика пәнін оқытуда интеграцияны пайдалану» тақырыбында баяндама дайындады.

Оқытушылар сонымен қатар «Үздіксіз тіларалық білім беру қағидаларын іске асыруға тұжырымдамалық көзқарас» семинарына қатысты және естелік сертификаттармен марапатталды.

Жаңалық қосты admin1, 16-01-2013, 08:35, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1710

2012 ж. 30-шы қарашада Машина жасау колледжі Екібастұз политехникалық колледжінде өткен 3-ші облыстық «Павлодар аймағындағы экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары» атты студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. 2-ші орын иегерлері ТМ 10-9-1 тобының студенттері Филиппов Владимир мен Соколы Евгений «Ауаны тазалаудың тиімді әдістері» ғылыми жобасымен, жобаның жетекшісі химия пәнінің оқытушысы Ж.Т. Кульшманова.

«Нұр Отан» қоғамдық бірлестік партиясы атынан «Үздік әлеуметтік жоба таныстыруы» арнайы номинациясына  «Қатты тұрмыстық қалдықтарды жою» ғылыми жұмысының тақырыбымен ТОТ 12-11- тобының студенті Төлеуов Дастан ие болды, жетекшісі арнайы пәндер оқытушысы Ж.Е. Нұрахметова.

«Құю өндірісінде Екібастұздық көмірді пайдалану» тақырыбындағы  ғылыми жобасы үшін Қатысушы сертификатымен ЛП 10-9-1 тобының студенті Стреляева Мария марапатталды, жетекшісі П.О. Быков.

Студенттер біз сіздерді құттықтаймыз! Сіздерге жаңа табыстар мен жеңістер тілейміз!

 alt alt alt

Жаңалық қосты admin1, 16-01-2013, 08:31, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1434

2012 жылы 9 қарашада Павлодар қ. Ақпараттық технологиялар Орталығының базасында облыстық «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» байқауының 2-ші кезеңі өтті. Оқу үрдісін («Автомобиль құрылысы» бойынша электрондық оқулық) мультимедиялық қамтамасыз ету номинациясы бойынша арнайы пәндер оқытушысы В.В. Сныткин құрметті ІІІ-ші орынға ие болды. Web – сайтты ұйымдастыру номинациясы бойынша жабдықтар жөнінен инженер В.Н. Беспрозванный мен директорды АТ жөніндегі орынбасарының м.а. С.С. Калимова да құрметті ІІІ-ші орынға ие болды.

 

alt alt alt