"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 21-01-2013, 12:07, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1576

17.01.2013ж. Павлодар машина жасау колледжі директорының ТЖ жөніндегі орынбасары Ф.М. Акишева сынып жетекшілеріне «Тәрбие үрдісін саралау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Онда тәжірибелі сынып жетекшілері таныстырулар дайындап, төмендегі мәселелерді талқылады:

1. Оқытушының тәрбиелеу жұмысына дайындығын өздік саралау.

2. Топтардағы саралау жұмыстарының нәтижесі.

3. Топтағы студенттердің тәрбиелік саралауы.

4. Психологтың тренингі.

Дөңгелек үстел соңында ұсыныстартар айтылды. 

 


Жаңалық қосты admin1, 21-01-2013, 12:03, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1596

ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінің» 1-ші курс оқушыларына арналған (90 оқушы) «Зорлыққа жол жоқ – бақытты болуға құқығымыз бар» атты Республикалық акция болып өтті. 2012 жылы 9-шы қарашада семинар өткіздік. Семинардың мақсаты: нәзік жандыларға зорлық-зомбылық жасауға бейім тұлғалармен жеке-алдын алу жұмыстарын іске асыру, зорлық көрсетудің алдын алу және ескерту жасау.

Семинар жұмысына Павлодар қ. ІІБ полициясының инспекторы, полиция майоры А.Т. Қасымова, «Әйелдер ұлт болашағы» қоғамдық бірлестігінің директоры Ж.Ю. Бороздина қатысты.

Талқылауға ұсынылған мәселелер:

1) ҚР-дің «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңына түсініктеме беру.
2) Өз-өзіне қол жұмсаушылықтың алдын алу.