"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 26-01-2024, 14:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 198
Жаңалық қосты admin1, 22-12-2023, 09:44, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 4

Ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында Машина жасау колледжінің студенттері қоғамдық пәндер оқытушылары Д.С. Жұмағалиева мен С. К.Бегимованың жетекшілігімен
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Саналы ұрпақ
«студенттік клубтар слеті» облыстық байқауына қатысты. Байқаудың мақсаты – өскелең
ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа
төзбеушілікті көрсететін құндылықтарды насихаттау, сақтау және нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ жастардың назарын қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелеріне
аудару. Слет бағдарламасына 2 конкурс кірді: өткен оқу жылындағы «Саналы ұрпақ» клубы
қызметінің тұсаукесері және «Жемқорлықсызымыз болашақ» тақырыбында театрландырылған қойылым байқауы.«Саналы ұрпақ» студенттік клубының мүшесі Битдорф Богдан ТМ 20-9-1т. клубтың 2022-2023 оқу жылындағы жұмысы туралы қызықты, ерекше форматта мазмұнды есеп
берді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бауырсақ» театрлық қойылымына келесі студенттер: Студенттер Парламентінің Президенті Жукаускас Анастасия, «Саналы ұрпақ»клубының мүшелері: Асылханова Джамиля ЭМОП 20-9-1т., Альмуханов Саян және Тілеген Мирас ЛП 23-9-1т., Сейвальд Артем, Ватаева Раиса және Казанцева Кристан ТМ 23-9-1т. қатысты.Балалар, сіздерге көрсеткен белсенділіктеріңіз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз, оқуда және шығармашылықта денсаулық пен табыс тілійміз!

 

Іс-шаралар

 

Іс-шаралар

Жаңалық қосты admin1, 30-04-2022, 11:06, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 55

30 сәуір күні колледжде "Сыбайлас жемқорлық және онымен күресу әдістері" тақырыбында эссе байқауы өтті. Байқауға 1 курс студенттері қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 1-ші орынды ТОЭ 21-9-1 тобынан Каиров Санжар, 2-ші орынды ТМ 21-9-1 тобынан Михеев Михаил иеленді.