"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 30-11-2016, 12:27, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 868

Қараша айында Павлодар машина жасау колледжінде жаңа жиынның барлық топтарында топтағы әр оқушының орындарын анықтау мақсатында «Топтың кемесі» ойыны түрінде бейімделушілік тренингін өткізілді.

Жаңалық қосты admin1, 30-11-2016, 11:22, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1525

2016 жылы қарашада жасөспірімдерге адам денсаулығына темекі шегудің жойқын әсері туралы ақпараттандыруды арттыру мақсатында, бос уақытты тиімді пайдалану, өзіне және қоршаған ортаға саналы және жауапты қарым-қатынасты енгізу үшін Машина жасау колледжінде темекі шегуден дүниежүзілік бас тартуға арналған онкүндік өткізілді.

 

 

КВН ойыны түрінде «Темекі шегу – денсаулыққа зиян!» іс-шарасы ТМ 16-9-1т. оқушыларының «Паприка» және ЛП 16-9-1т. оқушыларының «ОБА-НА» командаларының арасында өткізілді.    

 

Онкүндік аясында «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда» тақырыбында семинар-тренингін өткіздік. Оқушылардың бойында негізгі дағдыларды, өз ұстамдары мен әлеуметтік орта қысымына психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру мақсатында оқушылар «Мен жоқ деп айтатынымды білемін» жаттығуын орындады, онда балалар темекі тартуға ұсыныс білдіруден бас тартудың әр түрлі формаларын ұсынды.

 

Темекі шегудің алдын алу жөніндегі плакаттар байқауында жетекші орындарды ТМ 16-9-1, ЭЭЖ 16-11-1, ЭЭЖ 16-9-1 топтары алды.

 

Жаңалық қосты admin1, 24-11-2016, 10:40, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1133
Жаңалық қосты admin1, 22-11-2016, 13:04, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 972

2016 жылы 22 қарашада Павлодар машина жасау колледжінде «Экстремизм мен терроризмнің қазіргі қауіп-қатеріне қарсы тұру» тақырыбында семинар өткізілді.  Семинарға қоғамдық пәндер оқытушылары, 1 курстың сынып жетекшілері және 1 курстын 75 оқушысы қатысты. Семинардың жұмысы Павлодар облысының діндер ісі жөніндегі Басқарманың діниаралық қарым-қатынасты дамыту орталығының қатысуымен өтті.

Жаңалық қосты admin1, 10-11-2016, 13:14, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1102

2016 жылы 26 қазан және 10 қараша айларының аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында жас ұрпақтың ұлтжандылық сезімдерін арттыру, шығырмашылық қабілеттерін шыңдау мен қызығушылықтарын жетілдіру, ҚР рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, еліміздің тарихын болашақ ұрпақ арқылы үгіттейтін жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру мақсатында келесі іс-шаралар өткіздік: колледждің ЖК-сы Қазақстан тарихын оқушылардың  қаншалықты білетіні туралы сауалнама өткізді, оған 100-ден астам оқушы қатысты. Сонымен қатар тарих білгірі байқауын өткіздік, нәтижесінде 2 курстың студенті Жапаров Ильяс үздік білгір атағын иеленді. 1 және 2 курстың 6 тобы ҚР Ән-ұранын орындау байқауына қатысты.

 

Жаңалық қосты admin1, 9-11-2016, 13:38, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1023

ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында 9 қарашада «Болашағымыз бірлікте» атты мұражай сабағын өткіздік. Сабақты өткізуге Бұхар Жырау атындағы мұражайдың қызметкерлерін шақырдық. Іс-шара ҚР Ән-ұранын орындаумен басталды. Музыкалық композицияда 1991 жылдан бастап қазіргі күнге дейінгі Тәуелсіз Республиканың жаңалығы көрсетілді. Бейне фильмдер көрсетіліп, ұлтжандылық әндер орындалды. 1 және 2 курстың оқушылары тыңдармандар болды. 

 

 

Жаңалық қосты admin1, 3-11-2016, 12:21, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1079

3 қарашада СӨС бағдарламасының аясында және Павлодар облысының жастар ұйымы мен балалар Қауымдастығын жастардың репродуктивті денсаулығын нығайту мен қолдау мақсатында семинар-тренинг өткізді. Семинар барысында беинероликтер көрсетіліп, лекториялар мен тренингтер өткізілді.