"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 30-11-2016, 12:27, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 870

Қараша айында Павлодар машина жасау колледжінде жаңа жиынның барлық топтарында топтағы әр оқушының орындарын анықтау мақсатында «Топтың кемесі» ойыны түрінде бейімделушілік тренингін өткізілді.

Жаңалық қосты admin1, 30-11-2016, 11:22, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1531

2016 жылы қарашада жасөспірімдерге адам денсаулығына темекі шегудің жойқын әсері туралы ақпараттандыруды арттыру мақсатында, бос уақытты тиімді пайдалану, өзіне және қоршаған ортаға саналы және жауапты қарым-қатынасты енгізу үшін Машина жасау колледжінде темекі шегуден дүниежүзілік бас тартуға арналған онкүндік өткізілді.

 

 

КВН ойыны түрінде «Темекі шегу – денсаулыққа зиян!» іс-шарасы ТМ 16-9-1т. оқушыларының «Паприка» және ЛП 16-9-1т. оқушыларының «ОБА-НА» командаларының арасында өткізілді.    

 

Онкүндік аясында «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда» тақырыбында семинар-тренингін өткіздік. Оқушылардың бойында негізгі дағдыларды, өз ұстамдары мен әлеуметтік орта қысымына психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру мақсатында оқушылар «Мен жоқ деп айтатынымды білемін» жаттығуын орындады, онда балалар темекі тартуға ұсыныс білдіруден бас тартудың әр түрлі формаларын ұсынды.

 

Темекі шегудің алдын алу жөніндегі плакаттар байқауында жетекші орындарды ТМ 16-9-1, ЭЭЖ 16-11-1, ЭЭЖ 16-9-1 топтары алды.