"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 9-11-2016, 13:38, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1024

ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында 9 қарашада «Болашағымыз бірлікте» атты мұражай сабағын өткіздік. Сабақты өткізуге Бұхар Жырау атындағы мұражайдың қызметкерлерін шақырдық. Іс-шара ҚР Ән-ұранын орындаумен басталды. Музыкалық композицияда 1991 жылдан бастап қазіргі күнге дейінгі Тәуелсіз Республиканың жаңалығы көрсетілді. Бейне фильмдер көрсетіліп, ұлтжандылық әндер орындалды. 1 және 2 курстың оқушылары тыңдармандар болды.