"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 29-09-2017, 11:51, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 826

29 қыркүйекте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен Жүрек күні аталып өтті.Оның басты міндеті - жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупі және олардың алдын алу қажеттілігі туралы адамдардың хабардар болуын арттыру.Дүниежүзілік жүрек күні аясында Павлодар машина жасау колледжінде "Бір әлем, бір үй, бір жүрек" акциясы өтті.

Жаңалық қосты admin1, 29-09-2017, 09:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1098

Жыл сайын қазан айының бірінші жексенбісінде біздің республикада «Ұстаздар күні» мерекесі аталып өтіледі.

Осы күні біздің қымбатты педагогтарға алғыстар айтылып, концерттер ұйымдастырылады. Бұл мерекелік іс-шара біздің назарымыздан да тыс қалған жоқ.

Таңертеңнен колледж студенттері педагогтарға құттықтау өлеңдерімен «тірі дәліз» ұйымдастырып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Мереке иелеріне ЛП 15-9-1 және ЭЭЖ 16-11-1 топтарының студенттері дайындаған мерекелік концерт ұсынылды. Колледж басшысы Қаирбаев Қайрат Айткенұлы құттықтау сөз сөйлеп, белсенді әрі дарынды педагогтарға грамоталар табыстады.

Концертте Серлан Әсет пен Өмірбек Толқынның орындауындағы керемет «Ұстазым», сонымен қатар Марат Мерхат, Серлан Әсеп пен Көкеш Әнеттің орындауындағы «Ана» әндері шырқалды. Концерттің барысында біз жас ұстаздармен жақынырақ танысып, оларға әзіл емтихан ұйымдастырылды. Сонымен қатар студенттер оқытушыларды өздерінің «Емтихан» сахналық көрінісімен тәнті етті. Іс-шара соңында «Ұстазым» атты жақсы әні шырқалды.

 

 

Жаңалық қосты admin1, 21-09-2017, 11:47, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1163

21.09.2017 жылы колледжде Еңбек күніне арналған мереке аясында әлеуметтік серіктестіктермен кездесу өткізілді. 3-4 курс оқушыларына «KSPStill» ЖШС ПФ өкілдерімен «Дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. Іс-шараға кадрлық қамтамасыз ету қызметінің басшысы – С.В. Кайдаш, №2 Электроболатбалқыту цехінің өндірісін дайындау басқармасының басшысы – А.М. Жүнісов, Құбырпрокаты өндірісінің технологиялық бөлімінің инженер-технологы – Д.С. Ахметов, оқу орталығының жетекшісі – Н.Ф. Загрутдинова, сонымен қатар колледж әкімшілігінің өкілдері мен арнайы пәндер оқытушылары қатыстыв колледже, в рамках праздника, посвященного Дню труда прошла встреча с  социальными партнерами. «Дөңгелек үстел» қонақтары оқушыларға өздерінің кәсіпорындары мен өз өндірістерінің ерекшеліктері туралы айтып, бейнероликтер көрсетті, оқушыларды әрі қарай жұмысқа орналастырумен іс-тәжірибеден өтуге зауытқа шақырды. Балалар қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды. 

 

Жаңалық қосты admin1, 20-09-2017, 11:48, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1108

20.09.2017 жылы колледжде  тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу өткізілді. 1-ші курс оқушыларымен әңгімелесу үшін учаскелік полиция инспекторы Ж.В. Баженов пен ДУИС пробациялық қызмет бөлімінің басшысы Г.Б. Тусекешова шақырылды. Олар құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша сөз сөйледі. оқушыларды жасөспірімдер арасындағы құқық бқзушылықтар туралы ҚР заңдарының баптарымен таныстырды әрі пайдалы ақпараттар берді

 

 

Жаңалық қосты admin1, 14-09-2017, 10:18, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1156

14.09.2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында колледжде тоғыз құмалақ ойыны бойынша флешмоб өткізілді. Ойынға 16 адам қатысты. Оған жауапты дене тәрбиесінің оқытушысы А.Ғ. Кожиков болды.