"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 3-02-2015, 14:38, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1378

Январь 2014г. Январь 2014г.
Январь 2014г. Январь 2014г.

«Ерік-жігеріңді танытып, өз алдыңа үкен міндеттер қою арқылы оған өзгелерден жақсырақ қол жеткізуің қажет» Н.Ә.Назарбаев. Осындай ұранмен 2015 жылы 30 қаңтарда Павлодар Политехникалық колледжінде энергетикалық мамандықтар бойынша білім алатын студенттер арасында VII облыстық олимпиада өткізілді. Оған ЭЭЖ 13-9-1 тобының студенттері А. Ескендір, С. Жотаев және Н. Совет қатысты, жетекшісі арнайы пәндер оқытушысы А.А. Атымтаева. Студенттер қатысқаны үшін сертификаттармен, ал жетекшісі құрмет грамотасымен марапатталды.

Жаңалық қосты admin1, 2-02-2015, 15:38, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1670

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ РЕГЛАМЕНТТЕРІ

Біз өз жұмысымызда нормативтік-құқықтық құжаттар мен жоғары тұрған органдардың қаулыларын басшылыққа аламыз. Маусым айында, нақты айтқанда 2014 жылы 26-шы

маусымда №225/6, 2014 жылы 17-ші маусымда №207/6, №208/6 Павлодар облысының әкімдігі мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекітті.

Колледж мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Қызмет көрсетушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, қызмет көрсетушінің бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін санамағанда дүйсенбіден жұмаға дейін сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі аралықтағы үзіліспен көрсетіледі.

  1. «Техникалық және кәсіптік, орта білім беруден кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау»

Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007ж. 27-ші маусымдағы Заңының 26 бабына, 2014ж. 31-ші тамыздағы №599 «Техникалық және кәсіптік, орта білім беруден кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» (әрі қарай үлгі) мемлекеттік қызмет көрсету үлгісінің қосымшасына сәйкес көрсетіледі.

1.1.        Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау және оның нәтижелерін беру техникалық, орта білім беруден кейінгі оқу мекемелерінің базасында іске асырылады.

1.2.        Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып – мемлекеттік қызмет көрсету үлгісінің қосымшасына сәйкес форма бойынша техникалық және кәсіптік, орта білім беруден кейінгі оқу мекемелерінде құжаттарды қабылдау туралы қолхат болып табылады.

  1.        «Техникалық және кәсіптік білім беру туралы құжаттардың екінші нұсқасын тапсыру»

Мемлекеттік қызмет ҚР Үкіметінің 2014ж. 30-шы сәуірдегі №423 (әрі қарай үлгі) қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету үлгісінің 9 тармағына сәйкес көрсетіледі.

2.1.        Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау және оның нәтижелерін беру техникалық, орта білім беруден кейінгі оқу мекемелерінің базасында іске асырылады.

2.2.        Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – техникалық және кәсіптік білім беру туралы құжаттардың екінші көшірмесін тапсыру.

  1.        «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқушыларға жатақхана ұсыну»

Мемлекеттік қызмет ҚР Үкіметінің 2014ж. 30-шы сәуірдегі №423 (әрі қарай үлгі) қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету үлгісінің 9 тармағына сәйкес көрсетіледі.

3.1.        Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау және оның нәтижелерін беру техникалық, орта білім беруден кейінгі оқу мекемелерінің базасында іске асырылады:

-       күндізгі оқу түрі бойынша – 20-шы тамыздан кешіктірмей;

-       кешкі және сырттай оқу түрі бойынша – 20-шы қыркүйектен кешіктірмей;

3.2.         Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жатақхана ұсыну туралы жолдама мемлекетттік қызмет көрсету үлгісінің 1 қосымшасына сәйкес.

  1.        Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі: қағаз түрінде.
  2.        «Техникалық және кәсіптік, орта білім беруден кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) әрекет ету тәртібі.

5.1.         Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша процедура бастамасының негізі, үлгінің 9-шы тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың қосымшасымен қызмет алушының өтініші болып табылады;

5.2.         Қызмет көрсетушінің қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы қызмет көрсетушіден алынған құжаттарды қабылдау мен оны тіркеуді іске асырады және қызмет алушыға – 15 минут ішінде мемлекеттік қызмет нәтижелерін береді;

5.3.         Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша процедура нәтижелері оқу мекемесіне құжаттар қабылдау туралы қолхат болып табылады.

  1.        «Техникалық және кәсіптік, орта білім беруден кейінгі білім беру туралы құжаттардың екінші нұсқасын беру туралы» мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) әрекет ету тәртібі.

6.1.         Қызмет көрсетушінің оқу бөліміндегі қызметкері қызмет алушыдан алған құжаттардың түп нұсқасы мен көшірмелерін қабылдайды және оны тіркейді, қызмет алушыға түп нұсқаны қайтарады және қызмет көрсетушінің жетекшісіне қарарға тапсырады – 15 минуттан кем емес;

6.2.         Қызмет көрсетушінің жетекшісі құжаттарды қарастырады және жауапты орындаушыны анықтайды – 1 жұмыс күні;

6.3.         Жетекші құжаттың екінші нұсқасын қарастырады, қол қояды және оқу бөліміне жібереді (1 жұмыс күні);

6.4.         Қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы құжаттың екінші нұсқасын дайындайды, қызмет көрсетушісінің жетекшісіне қарарға және қол қоюға жібереді (26 жұмыс күні);

6.5.         Қызмет көрсетушінің оқу бөліміндегі қызметкері есеп журналына құжаттың екінші нұсқасын тіркейді және қызмет алушыға мемлекетттік қызмет нәтижелерін береді немесе ХҚКО-ға жібереді (15 минуттан кем емес);

6.6.         Нәтиже – техникалық және кәсіптік білім беру туралы құжаттардың екінші нұсқасын беру.

  1.        «Техникалық және кәсіптік, орта білім беруден кейінгі білім беру ұйымдарында оқушыларға жатақхана ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) әрекет ету тәртібі.

7.1.         Қызмет көрсетушінің оқу бөліміндегі қызметкері қызмет алушыдан алған құжаттарды қабылдайды және оны тіркейді, құжаттардың түп нұсқасын көшірмелермен салыстырады, қызмет алушыға түп нұсқаны қайтарады және қызмет көрсетушінің жетекшісіне қарарға тапсырады (15 минуттан кем емес);

7.2.         Қызмет көрсетушінің жетекшісі құжаттарды қарастырады және жауапты орындаушыны анықтайды – 1 жұмыс күні;

7.3.         Қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы жатақхана ұсыну туралы жолдаманың жобанысын дайындайды, жетекшіге қарарға және қол қоюға жібереді (3 жұмыс күні);

7.4.         Қызмет көрсетушінің жетекшісі жолдама жобасын қарастырады, қол қояды және оқу бөліміне жібереді (3 жұмыс күні);

7.5.         Қызмет көрсетушінің оқу бөліміндегі қызметкері жолдаманы тіркейді және қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін береді (15 минуттан кем емес);

7.6.         Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – колледждегі оқушыларға жатақхана ұсыну туралы жолдама үлгінің 1 қосымшасына сәйкес формада. 

                                                                                «Техникалық және кәсіптік, орта

                                                                                    білім беруден кейінгі білім беру

                                                                                     ұйымдарына құжаттар қабылдау»

                                                                                     мемлекеттік қызмет көрсету

                                                                                  үлгісіне қосымша

Қызмет алушыдан құжаттар алу туралы қолхат

Оқу мекемесі__________________________________________________________

                                                      (оқу мекемесінің атауы)

(ауыл, аудан, қала және облыс атауы)

Құжаттар қабылдау қолхатының №___________

Азамат (ша)______________________________________келесі құжаттар алынды:

  1.     Қабылдау туралы еркін түрдегі өтініш;
  2.     Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
  3.     3х4 көлемдегі 4 дана фото сурет;
  4.     086-У үлгідегі дәрігерлік анықтама флюрография суретінің қосымшасымен (І және ІІ топтағы мүгедектерге және бала кезінен мүгедектерге дәрігерлік-әлеуметтік сараптама);
  5.     Ұлттық біріңғай тестілеу немесе кешендік тестілеу сертификаты (болған жағдайда);
  6.     Қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттар жеке немесе заңды өкілдерге көрсетеді, түп нұсқадан жауапты хатшы көшірме істейді.

Қабылдады, аты-жөні (болған жағдайда)__________________(қолы)

_____  ______________ 20__ж.

                                                                                «Техникалық және кәсіптік

                                                                                    білім беру туралы құжаттардың

                                                                                     екінші түп нұсқасын беру»

                                                                                     мемлекеттік қызмет көрсету

                                                                                  регламентіне 2 қосымша

Әр процедураның ұзақтығы көрсетілген процедура (әрекет) бірізділігі мен құрылымдық бөлімшелердің (қызметкердің) арасындағы

Блок-схема

Регламент

                                                                                    «Техникалық және кәсіптік

                                                                                    білім беру ұйымдарында оқушыларға

                                                                                     жатақхана ұсыну»

                                                                                     мемлекеттік қызмет көрсету

                                                                                  регламентіне 2 қосымша

Әр процедураның ұзақтығы көрсетілген процедура (әрекет) бірізділігі мен құрылымдық бөлімшелердің (қызметкердің) арасындағы

Блок-схема

Регламент

Қызмет көрсету карточкасы

Білімі туралы құжаттың екінші түп нұсқасын беру

қызмет көрсету түрі

  1.                                ________________________________________________________

(құжаттарды қабылдайтын тұлғаның аты-жөні (комиссия төрағасы)

  1.                               ________________________________________________________

(қызмет көрсететін өкілетті орган (ұйымның атауы)

  1.     _____________________________________________________________________

(құжаттарды қабылдау күні және қызмет көрсетудің бекітілген мерзімі (күні)

  1.     _____________________________________________________________________

нақты қызмет көрсету күні (құжаттарды беру)

немесе ұсынудан бас тарту (қызмет ұсынбау себептері көрсетіледі)

  1.     _____________________________________________________________________

құжаттарды қабылдауды іске асыратын тұлғаның аты-жөні (комиссия төрағасы)

(мемлекеттік қызмет алушымен толтырылады)

  1.     _____________________________________________________________________

қызмет алушының немесе қызмет алушы болып табылатын заңды тұлғаның өкілетті өкілінің

аты-жөні, қолы, күні (студент)

  1.     Көрсетілген қызметтің бағасы (таңдаған ұяшыққа «» белгісі қойылады (студент толтырады)

 

Нашар

Қанағаттанарлық

Жақсы

Сіздің көрсетілген қызметке қоятын бағаңыз

 

 

  

8. Мемлекеттік қызмет алушының ескертулері мен ұсыныстары (студенттің өзі толтырады).

_____________________________________________________________________