"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 29-09-2017, 11:51, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 830

29 қыркүйекте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен Жүрек күні аталып өтті.Оның басты міндеті - жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупі және олардың алдын алу қажеттілігі туралы адамдардың хабардар болуын арттыру.Дүниежүзілік жүрек күні аясында Павлодар машина жасау колледжінде "Бір әлем, бір үй, бір жүрек" акциясы өтті.

Жаңалық қосты admin1, 29-09-2017, 09:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1102

Жыл сайын қазан айының бірінші жексенбісінде біздің республикада «Ұстаздар күні» мерекесі аталып өтіледі.

Осы күні біздің қымбатты педагогтарға алғыстар айтылып, концерттер ұйымдастырылады. Бұл мерекелік іс-шара біздің назарымыздан да тыс қалған жоқ.

Таңертеңнен колледж студенттері педагогтарға құттықтау өлеңдерімен «тірі дәліз» ұйымдастырып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Мереке иелеріне ЛП 15-9-1 және ЭЭЖ 16-11-1 топтарының студенттері дайындаған мерекелік концерт ұсынылды. Колледж басшысы Қаирбаев Қайрат Айткенұлы құттықтау сөз сөйлеп, белсенді әрі дарынды педагогтарға грамоталар табыстады.

Концертте Серлан Әсет пен Өмірбек Толқынның орындауындағы керемет «Ұстазым», сонымен қатар Марат Мерхат, Серлан Әсеп пен Көкеш Әнеттің орындауындағы «Ана» әндері шырқалды. Концерттің барысында біз жас ұстаздармен жақынырақ танысып, оларға әзіл емтихан ұйымдастырылды. Сонымен қатар студенттер оқытушыларды өздерінің «Емтихан» сахналық көрінісімен тәнті етті. Іс-шара соңында «Ұстазым» атты жақсы әні шырқалды.