"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
---
Жаңалық қосты admin1, 29-05-2023, 12:19, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 67

Ағымдағы жылдың 17 мамырында Павлодар машина жасау колледжінде жылы және достық жағдайда «Жұмыс берушілер күні» өтті. Кездесуге «Қазақстан алюминийі» АҚ жастар комитетінің өкілдері, Павлодар қаласы мектептерінің оқушылары және 1-3 курс студенттері қатысты. Жастар комитетінің өкілдері жұмыстың артықшылықтары, кәсіпорын қызметкерлеріне әлеуметтік пакет ұсыну, компаниядағы жастар бастамалары мен жобалары туралы айтып берді. Жас мамандар үшін қандай жағдайлар жасалғаны туралы өз әңгімелерімен бөлісті. Өз кезегінде біздің студенттер өз мамандықтары туралы айтып, викторина өткізіп, шығармашылық нөмірлерін көрсетті.  Белсенді оқушылар мен студенттер үшін жағымды бонустар демеушілердің сыйлықтары болды.  Кездесу соңында кофе-брейк өтті.

День Работодателя