"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 7-03-2016, 16:52, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1322

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында колледжде әр түрлі іс-шаралар өткізілді, атап айтқанда: «Әйел – Ана, Әйел – Ару» кітап көрмесі, 8 наурыз – әйелдер күні сынып сағаты. 4 наурызда оқушылар безендірілген плакаттар дайындап, колледждегі әйелдер ұжымын гүлдермен қарсы алды және ЛП – 14-9-1,  ТОРА – 14-9-1 топтарының оқушылары мерекелік концерт дайындады.

 

Жаңалық қосты admin1, 29-01-2016, 09:58, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1497

ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығының аясында қазақстандық ұлтжандылықты қалыптастыру, тұрақты, табысты, бәсекеге қабілетті мемлекет жөнінде Қазақстанның қол жеткізген жетістіктеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында колледжде бірқатар іс-шаралар өткізілді:

2016 жылы 26 қаңтарда Бұхар Жырау мұражайының қызметкерлерін шақырумен «Еркіндік пен ар-намыс белгілері» тақырыбында мұражай сабағы өткізілді, онда біздің мемлекетіміздің қалыптасу тарихы туралы айтылып, бейнефильмдер көрсетілді және халық әндері орындалды. Іс-шара қызықты өтіп, оқушылар өздеріне қажетті көптеген қызықты материалдарды алды.

 

2016 жылы 28 қаңтарда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауына арналған «Мәңгілік ел, біздің абыройлы және ұлы Қазақстан» атты ұлтжандылық акция – концерті өткізілді. Бұл іс-шара қазақстандық ұлтжандылыққа, азаматтылыққа, толеранттылыққа, Отанымызды мақтан тұтуға тәрбиелеуге, ой-өрісті кеңейтуге бағытталған. Акцияға шақырылған қонақтардың: «Құқық» үйірмесінің жетекшісі Б.Ш. Шушпаева мен колледждегі «Жас Отан» ЖҚ жетекшісі Н. Қапашевтің сөз сөйлеуі.

 

2016ж. 29 қаңтарда П. Васильев атындағы кітапханамен бірлесе отырып «Тәуелсіздік – бұл еркіндік, бақыт» тақырыбында кітапхана сабағын өткіздік, онда кітапхана қызметкерлері ҚР рәміздері туралы атты.

 

Жаңалық қосты admin1, 29-12-2015, 11:55, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1367

 2015 жылы 28 желтоқсанда колледжде 1 және 2 курс оқушыларына арналған Жаңа жыл – шоуын өткіздік, іс-шарада қызықты бағдарламалар, ойындар, билер Аяз ата мен ақшақардың әзілдері болды. Колледж директоры Қаирбаев Қ.А. жетім-балаларды жаңа жылмен құттықтап сыйлықтар табыстады.

 

Колледждің кәсіподақ пен жастар комитеті қызметкерлердің балаларына арналған таңертеңгілік ұйымдастырды. Балалар Аяз атаның қолынан сыйлықтар алды.

 

Жаңалық қосты admin1, 28-12-2015, 09:58, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1215

Студенттік кеңестің белсенділері «Жастық махаббат» тақырыбында лирикалық поэзия кешін өткізді. Балалар өлеңдер оқып, соңында осы тақырыпта суреттер салды.

 

Алдағы 2016ж. дайындалып ,келесі іс-шараларды өткіздік:Бөлмелерді мерекеге сай безендірдік

Кеш ұлдар мен қыздардың жаңа жылдық биімен ашылды

 

 Колледж оқытушыларына шырша түрінде мерекелік сыйлықтар дайындадық. Жаңа жылды мерекелеу және жаңа жылдық би кеші. Кеш көңілді әрі қызықты өтті. Барлық қатысушылар сыйлықтармен және кәмпиттермен марапатталды.

Жаңалық қосты admin1, 24-12-2015, 10:09, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1547

          Орта кәсіптік оқу мекемелерінің студенттері арасындағы IІ-ші облыстық полилингвалды олимпиада КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінің» базасында Павлодар облысының Білім басқармасының қолдауымен 2015 жылы 24 желтоқсанда екі бағыт бойынша: арнайы және әр түрлі мамандықта білім алатын студенттер арасында өткізілді.

 

      Осы олимпиаданың мақсаты:

- студенттерді халықаралық деңгейдегі коммуникативтік және білім беру кеңістігіне шығару әрі оларды халықаралық мәдени-тарихи кеңістікке бағыттау;

- оқушылардың санасына қазақ тілін мемлекеттік тіл, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын, неміс тілдерін халықаралық коммуникациялық тіл ретінде шығармашылық деңгейде меңгерудің тәжірибелік құндылықтарын сіңдіруге атсалысу;

- студенттердің жалпы мәдени дамуы мен өздік білім алуына пәнаралық байланыстары бар тілдерді меңгеруге жағдай жасау.

Олимпиадаға келесі колледждер қатысты: Павлодар көлік және коммуникация колледжі, Павлодар сервис және тамақтану колледжі, Павлодар бизнес колледжі, Павлодар қызмет көрсету колледжі, Ақсу қара металлургия колледжі, Қашыр аграрлық-техникалық колледжі, Павлодар мұнай-газ колледжі, Павлодар Қазтұтынуодағының экономикалық колледжі, Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі, Успен аграрлық-техникалық колледжі, Павлодар құрылыс және коммуналдық шаруашылық колледжі, Павлодар технологиялық колледжі, Павлодар инновациялық көпсалалық колледжі, Павлодар басқару колледжі, Павлодар машина жасау колледжі, Павлодар медициналық колледжі, Шарбақты аграрлық-техникалық колледжі, Екібастұз гуманитарлық-техникалық колледжі, Павлодар химикалық-механикалық колледжі, ИНеУ колледжі, Екібастұз ИНеУ-і.

   Олимпиадаға қатысуға 32 студент өтініш білдірді: олардың 26 студенті әртүрлі мамандық ал 6 студент арнайы бағыттағы мамандық бойынша.

   Олимпиадаға қатысушылардың жұмыстарын келесі әділ-қазылар бағалады, оның құрамына: әділ-қазылар төрағасы ПМПИ профессоры Р.Ж. Саурбаев, комиссия мүшері – ағылшын тілі пәнінің оқытушысы А.О. Әбдіразақова, қазақ тілі пәнінің оқытушысы Абдрахманова Ғайни Зекенқызы, ТжКО оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі А.Ж. Қалиева кірді.

    Қорытындыларды шығару мен қатысушыларды марапаттау олимпиада өткізілген күні мерекелік жағдайда өтті.

    Олимпиада қорытындысы бойынша әртүрлі мамандықтарда білім алатын студенттер арасында орындар төмендегідей бөлінді:

1 орын Диягер Ирина  (жетекші Қасым К.З. қазақ тілі пәнінің оқытушысы, Мұстафин Е.Е. ағылшын тілі пәнінің оқытушысы), Павлодар бизнес колледжі;

1 орын Сұлтанәлиева Әзиза (жетекші Кәрібаева Г.И.), Павлодар технологиялық колледжі;

2 орын  Садықов Нұрлан (жетекші Арынова Р.Е.) Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі;

3 орын Оразалы Айжан (жетекші Ерсін А. Хамитова А.С ағылшын тілі пәнінің оқытушылары, Күлжібаева Г.Т қазақ тілі пәнінің оқытушысы) Павлодар машина жасау колледжі;

3 орын Жамағат Гүлжан (жетекші Жақтай А. М. қазақ тілі пәнінің оқытушысы, Куркина К.З орыс тілі пәнінің оқытушысы, Иманшәріпова А.Ж ағылшын тілі пәнінің оқытушысы) Павлодар  бизнес колледжі;

    Арнайы бағыттағы студенттер арасында бір 3-ші орын тағайындалды Озыхан Ұлжан (жетекші Ахметова Г.К) Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі.

       Қатысушылардың жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды. Жеке біріншіліктегі жүлдегерлерге 1,2, және 3 дәрежелі дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Полилингвалды олимпиаданың барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталды.

II-ші областық полилингвалдық олимпиада өте жоғары ұйымдастырылған деңгейде өтті. Қатысушылар мен оқытушылар олимпиада ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.     

Жаңалық қосты admin1, 23-12-2015, 22:47, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1719

2015 жылы 23 желтоқсанда оқушыларға әлемдік орыны бар көрменің маңыздылығын түсіндіру, өз пікірін айту дағдысын дамыту мақсатында «Астана ЭКСПО – 2017» дөңгелек үстелін өткіздік. Шараны ТОРА -12-9-1 және ТМ-14-11-1 топтары дайындады.

 

Дөңгелек үстелге сарапшы-саясаттанушы – Б.Ш.Шушпаева, экономикалық мәселелер бойынша – М.В. Байбаева, энергетика мәселелері бойынша – Ғ.М. Сүлейменова шақырылып, олар сөз сөйледі. Р. Қуандық пен С. Әділов ЭКСПО – 2017 бойынша қызықты таныстыру дайындады әрі дөңгелек үстел бейне фильм көрсетілумен аяқталды.

 

Жаңалық қосты admin1, 22-12-2015, 10:19, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1348

2015 жылы 22 желтоқсанда колледжде жалпы білім беретін және техникалық пәндер бойынша олимпиада өткізілді. 

Олимпиаданың тапсырмалары төмендегідей болды:

  •  Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дмыту;
  •  Студенттердің қазіргі білімді терең әрі мықты меңгеруіне, олардың бойынша іскерлік пен дағдыға және ғылыми-зерттеушілік жұмысқа қызығушылықтарын қалыптастыру;
  •  Жеке жарыстарға қабілеттерін, алға қойған тапсырмаларды шешу жолын табу іскерлігін қалыптастыру;
  •  Дарынды және талантты студенттерді анықтау, олардың интеллектуалдық және кәсіптік бағдарын әрі қарай дамыту;
  •  Оқытушылардың шығармашылық жұмыстарын белсендендіру.

 

Олимпиада келесі пәндер бойынша жүргізілді: математика, физика, ағылшын тілі, кәсіби ағылшын тілі, қазақ тілі, кәсіби қазақ тілі, экономика, техникалық механика. Олимпиадаға 54 студент қатысты.

Олимпиада нәтижелері линейкада айтылып, жүлделі орындарға ие болған барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

Орындар төмендегідей бөлінді:

Техникалық механика бойынша:

1 орын Балғабай Абылай ТМ-14-9-1 тобы

2 орын Темірболат Әділет ТМ-14-9-1 тобы

3 орын Тұрсынғалиева Жаннұр ТМ-15-11-1 тобы

Экономика бойынша:

1 орын Ашықбаев Арман ТМ-15-11-1 тобы

2 орын Сағынтай Еламан ТМ-15-11-1 тобы

3 орын Фомин  Владимир ТМ-15-11-1 тобы

Физика бойынша:

3 орын Боровинских Виктор ТМ-15-9-1 тобы

Математика бойынша:

3 орын Мұратова Айымгүл ЛПТ-15-9-1 тобы

Ағылшын тілі бойынша:

2 орын Кириленко Николай ЛПТ-15-9-1 тобы

3 орын Касьянов Владислав ТМ-15-9-1 тобы

Кәсіби ағылшын тілі бойынша:

3 орын Қаирқанов Әсет ТМ-15-11-1 тобы

Қазақ тілі бойынша:

2 орын Хұмарзах Нұрбол ЛПТ-15-9-1 тобы

3 орын Хадный Көгершін ЛПТ-15-9-1 тобы

3 орын Лукманов Константин ЛПТ-15-9-1 тобы

          Кәсіби қазақ тілі бойынша:

2 орын Ақышева Бахыт ЛП-15-11-1 тобы

3 орын Дисұханов Нариман ЛП-15-11-1 тобы

Жаңалық қосты admin1, 19-12-2015, 10:49, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1113

С 8 декабря по 17 декабря 2015г проходили  казахстанские интернет олимпиады по общеобразовательным дисциплинам,   студенты нашего колледжа Муратова Аймгуль  из группы ЛПТ-15-9-1 и Касьянов  Владислав   из группы ТМ-15-9-1  приняли участие в интернет  олимпиадах по русскому языку и показали  хорошие результаты. За участие они были отмечены  сертификатами.

 

Жаңалық қосты admin1, 18-12-2015, 17:45, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1487

ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында оқушылардың бойында қазақстандық ұлтжандылықты қалыптастыру, азаматтылық белсенділікті сіңдіру, шығармашылық айлау қабілеттерін дамыту мақсатында 2015 жылы 10 желтоқсанда колледжде «Тәуелсіздіктің ақ таңы» конференциясы болып өтті. Модератор топ ЭЭЖ-12-9-1.

 

Сонымен қатар кітапханада «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» көрмесі дайындалды, 2 желтоқсанда «Менің Қазақстаным – менің елім» викторинасы, «ҚР мемлекеттік рәміздері бойынша үздік бұрыш пен стендтер дайындау» компьютерлік-графикалық жұмыс байқаулары, «Менің үйім. Менің тағдырым. Менің Қазақстаным», «Тәуелсіздік – бұл еркіндік, бақыт», «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» сынып сағаттары, 10.12.2015ж. мемлекеттік тілде білім алатын топтардың оқушылары қатысқан «Тәуелсіздіктің ақ таңы» конференциясы өткізілді.

 

12.12.15. 6 оқушыдан құралған команда ҚР Тәуелсіздік күніне арналған әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарысқа қатысты.

15.12.15. колледж ұжымына және оқушыларға арналған «Қазақстан – сүйікті елім» концерттік бағдарламасын ұйымдастырдық.

 

Жаңалық қосты admin1, 18-12-2015, 10:53, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1403

 2015 жылдың 8 - 17 желтоқсан аралығында   жалпы орта білім  пәндері бойынша  Қазақстандық интернет олимпиада өтті, біздің колледж студенттері Муратова Аймгуль  ЛПТ -15-9-1 топ студенті   және Касьянов Владислав  ТМ-159-1 топ  студенті  орыс тілі пәні бойынша  интернет олимпиадаға қатысып,  жақсы қөрсеткіштер қөрсетті. Оларға  қатысқан үшін сертификат табысталды.