"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 13-10-2016, 12:18, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1102

Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бөлімі Павлодар машина жасау колледжін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында өткізілген мерекелік іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапаттады.

Жаңалық қосты admin1, 13-10-2016, 11:47, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 777

 

2016 жылы 13 қазанда әйелдердіңденсаулығын сақтау онкүндігі аясында алдын алу мақсатында колледждегі әйелдер ұжымына радиологоиялық бөлімнің онколог дәрігері Г.С: Богомолованы шақырумен лектория ұйымдастырылды. Ол «Сүт бездерінің қатерлі ісігі» тақырыбында дәріс оқыды және соңында бейне фильм көрсетілді.

 

Жаңалық қосты admin1, 13-10-2016, 08:54, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1146

ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында 12 қазанда «Жаңа қазақстандық жол: мәдени саясат» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткіздік. Конференцияға 1 және 2 курстың оқушылары қатысты. Оқушылармен қызықты слайдтар мен баяндамалар дайындалды. Оқушы Сәрсембаев А. «Қазасқтан Стратегиясы – 2050», Еркіндіков А. «Болашақтың қаласы», Иванов Р. «Қазақстандық жол – саяси мәдениет», Тыржикаев А. «Қазақстанның мәдени саясаты» тақырыптарында баяндама дайындады. Іс-шараны Б.Т. Адуова қорытындылады.

Жаңалық қосты admin1, 12-10-2016, 12:48, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 960

2016 жылы 12 қазанда Бұхар Жырау атындағы қалалық мұражайда облысымыздың ардақты ақыны Арман Қанидың шығармашылық кеші өтті. Кешке колледжіміздің қазақ тобында білім алатын 1 курс студенттері қатысты. Кеште ақынның жалынды жырлары оқылып, арнайы шақырылған қонақтар өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Іс-шара соңында оқушылар мұражайды аралап, ондағы тарихи жәдігерлермен танысты.

 

Жаңалық қосты admin1, 12-10-2016, 10:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 999

Колледждің келесі құрамдағы ұл балалар командасы: Шайхимов Нұрлан ТМ 14-11-1т., Хохряков Леонид ЛП 15-11-1т., Сағынтай Еламан ТМ 15-11-1т. колледж оқушыларының 2 лигасындағы XXVI   облыстық спартакиада бағдарламасы бойынша ұл балалар арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арнайы өткізілген үстел теннисі бойынша облыстық жарыста құрметті 2-ші орынға ие болды

 

Жаңалық қосты admin1, 10-10-2016, 10:25, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1084

1. Күлімдеңіз. Жаңа ұжымға бейімделу кезеңінде көбірек күлімдеп жүруге тырысыңыз. Ұжымға жаңадан келген уақытта сіздің бірінші әсеріңіз қалыптасады. Көптеген психологиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша бірінші әсер тез қалыптасады: 10-нан 40 секундқа дейін және бұл әсер келесі қарым-қатынастарда жалғасады. Бұл бір фотосурет тәрізді. Егер де бірінші әсер жағымды болса онда әрі қарай ұжымда жұмыс істеуге жеңіл болады. Егер де сіз шиеленісушілік пен жақтырмаушылық болса онда ұжымда да осындай көрініс қалыптасады.

2. Өзіңізді басқалардан жоғары санамаңыз. Ұжыммен болған алғашқы күні  адамның (әсіресе ол ұялшақ, ұяң болса) бойында күштену пайда болып байланыстан қашады және тұйық болады. Бұл кез келген адам үшін ұжыммен араласу ширығу болып табылады. Сіздің мұндей суық қарым-қатынасыңызды өзгелер өзін өзгелерден жоғары ұстайды деп пайымдауы мүмкін. Сондықтан қандайда бір қиындықтарға қарамастан бірінші күннен бастап, адамдардан «оқшау» болмаңыз, керісінше көбірек байланысқа түсіп, көмек сұраңыз.

3. Қайырымдылық, шыдамдылық танытып, әзілге жақын болыңыз. Ұжымды қалай болса да қабылдаңыз. Адамдарды болмысына қарап қабылдау қиын. Біз оларды өзімізге ұнайтын жақтарынан ғана қабылдауға ұмтыламыз. Бірақ та олар әр түрлі – әр қайсысының өздерінің тәжірибесі мен проблемалары бар. Ашуланбаңыз және қайғырмаңыз әрі адамның мінез-құлқын өзгертуге тырыспаңыз. Шыдамдылық танытуды үйреніңіз.

5. Еңбек сүйгіштікке үйреніңіз және жалқауланбау. Сіз үнемі ұжымның көз алдында екендігіңізді есте сақтаңыз. Олардың сіз туралы пікірі қымбатқа түсуі немесе жаңа қарым-қатынастарға жол бастауы мүмкін.

6. Басқаларға көмектесуге дайын болыңыз. Егер де сіз группаласыңыздың проблемасын байқасаңыз, бос уақытыңыз болса оған көмекке қол ұшын созыңыз. Оны басқа группаластарыңыз бен оқытушылар әрқашан оң бағалайды.

7. Қиын жағдайларда қулық танытпаңыз және жалтармаңыз. «Барлық құпияның түбінде мәлім болатынын» есте сақтаңыз. Қателіктеріңізді түбінде біліп қояды, жазалайды деген қорқынышты күткенше, оны уақытында хабарлаңыз.

8. Басқаларды сөз қылмаңыз.

 

Жаңалық қосты admin1, 3-10-2016, 12:08, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 937

Ұстаздар күні — ең сүйікті кәсіптік мерекелердің бірі. Бұл күні ұстаздар өздерінің оқушыларынан құттықтаулар қабылдады әрі оларға гүлдер мен құттықтау хаттар табысталып, қабырға газеттерін шығарды. Ұстаз – тек ғылым-білімге үйрететін адам ғана емес, сонымен қатаррухани және адамгершілік бастауының тасымалдаушысы. Ұстаз ерекше азаматтық борышты – жас ұрпақты тәрбиелеу міндетін атқарады. Олардың білімі мен тәжірибесі, дәстүрлер мен жаңашылдықты жаңғырту оқу мекемесінің негізінде жатыр. Осы күні ең үздік ұстаздар колледж әкімшілігінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Мерекелік кеш колледж оқушыларының дайындаған.

 

Жаңалық қосты admin1, 26-09-2016, 12:05, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1275

2016 жылдың 19 – 27 қыркүйек аралығында Бейбітшілік күніне арналған онкүндік өткізілді, іс-шара барысында колледж оқушылары белсенділік танытып: газеттер шығарды, «Біз бейбітшілікті қалаймыз» тақырыбында шығарма жазып, бейбітшілік қорына ақша жинады, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы тақырыбында бейбітшілік сабағы өткізілді, таныстырулар дайындалып, сынып сағаттары өткізілді. Онкүндікті линейкамен аяқтап, онда іс-шараға үздік қатысқан қатысушыларды грамотамен марапаттадық.

 

Жаңалық қосты admin1, 26-09-2016, 11:38, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1051

22 және 24 қыркүйек аралығында Жастар бастамасын дамыту орталығымен танысу, оқушыларды әр түрлі клубтарға, жобаларға, бағдарламаларға тарту мақсатында оқуға жаңадан қабылданған 1 курс оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар жас отбасына «Тұрғын үйді жалға беру» мемлекеттік бағдарламасымен танысты. Сонымен қатар олар ЖҚКО-ның жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік қызметке тарту, тегін психологиялық, заңнамалық көмек алу мәселелері бойынша көмек көрсететіндігін білді.

Кейбір оқушылар клубтарға қызығушылық танытып, жазылуға өтініш білдіріп жатты. 

 

Жаңалық қосты admin1, 20-09-2016, 11:48, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1085

Тәуелсіздіктің 25 – жылдығын мерекелеу мен Жалпыға ортақ еңбек қоғамының идеясын дамыту аясында 2, 3 және 4 курстар оқушыларымен және «KSP Steel» ПФ ЖШС зауытының өкілі Н.Ф. Загрутдиновамен, кәсіптік оқыту бөлімінің басшысы И.П. Павловпен, ЭСПЦ-2 шарпрокат станының басшысы Б.К. Мажитовпен, Техникалық бақылау басқармасының шағымдармен жұмыс жөніндегі бюро басшысымен кездесу өткіздік. Алғы сөзбен директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары С.С. Иманқұлова сөз сөйледі. Кездесу барысында колледж бен кәсіпорынның бірлескен іс-әрекеті туралы мәселелер талқыланды, кәсіпорынның шығаратын өнімі туралы фильм көрсетілді, өндірістік іс-тәжірибеден өту мен дуальдық оқыту туралы мәселелер қозғалды.