"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 29-11-2017, 15:10, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 918

«Саламатты тұрғын үй» акциясы аясында 2017ж. 29 қарашада КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінің» жатақханасында санитарлық және физикалық мәдениетті дамытып салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру арқылы өз тұрғылықты жерін жақсарту, денсаулығына қажетті жауапкершілікті ақпараттандыру мақсатында оқушылармен флеш-моб өткізілді. 

 

Жаңалық қосты admin1, 16-11-2017, 10:32, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1006

2017ж. 16 қарашада КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінің» студенті Арипов Жыргал Темекі шегуден бас тарту күні (19 қараша) және оған арналған онкүндікке орай «Салауатты өмір салтын қолдау орталығы» ЖШС-мен ұйымдастырылған «Дені сау жастар – дені сау болашақ» конференциясына қатысты. Арипов Жыргал – «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша екінші курста оқиды, оқу үздігі, колледждің қоғамдық өміріне белсенді қатысушы. Студенттің баяндама тақырыбы «Менің колледжім – денсаулық аумағы» әрі таныстыру слайдтары дайындалды. Студенттің баяндамасында дене, психикалық және адамгершілік саулық, басқаша айтқанда аурулар мен дене ақаулықтарының болмауы ғана емес, «денсаулық – бұл дене, рухани және әлеуметтік сәттілік» идеясы қамтылған. Әр құрылымға студент көбінесе өз тобынан, колледждің тәрбие жұмысынан, сонымен қатар өзініңбелсенділік өміршеңдік ұстанымынан мысалдар келтірді. Конференцияға қатысқаны үшін Арипов Жыргал үшінші орынға ие болды.

Жаңалық қосты admin1, 6-11-2017, 22:02, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 863

Өткізілетін орын: колледждің мәжіліс залы

Лектор: Әлімханов Олжас Сансызбайұлы – Павлодар қ. бойынша Жемқорлыққа қарсы комитеттің маманы

Қатысқандар:  Барлығы 72 оқушы: 21 адам - ТМ16-9-1т., 18 адам – ЭЭЖ 16-9-1т., 18 адам – ЛП16-9-1т., 15 адам – ТМ17-11-1т.

          О.С. Әлімханов әлемдік көлемдегі жемқорлық картасы туралы оқушыларға айтып, бірнеше елдердің жемқорлық деңгейі бойынша салыстырма жасады. Ол Қазақстанның 131 орында тұрғандығын айтты. 2016 жылы жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық тұлғалардың қолдауында болған 8 ҰҚТ-ның қылмысы әшкереленіп, 90 адам жазаға тартылды. Сондықтан жемқорлықпен күресті күшейту үшін Қазақстанда Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі құрылды. Бұл арнайы бөлім жемқорлық құқық бұзушылықты жүйелі түрде ескерту және оның алдын алу үшін құрылған. ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсанда №1131 Қаулысында жемқорлық құқық бұзушылық оқиғалары туралы хабарлама үшін бір реттік ақшалай сыйлық қарастырылған. 

          Әрі қарай оқушыларға жемқорлық және іс-шаралар мен оларды ескерту туралы бейне фильм көрсетілді.

           Оқушыларға дәріс өте ұнады, өйткені ол мазмұнды әрі тиімді болды. 

 

Жаңалық қосты admin1, 4-10-2017, 08:55, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1071

04.10.2017 г. в рамках акции «Қасиетті жерлерге саяхат» группой ТОРА 16-9-1 был посещен палеонтологический природный памятник «Гусиный перелет», который расположен в черте города, на правом берегу Иртыша. Учащиеся ближе ознакомились с историческим местом Павлодарской области. Информация по посещению памятника были опубликованы в социальных сетях «Вконтакте», «Instagram» под хэштегами #руханижанғыру #руханижанғырупавлодар 

 

Жаңалық қосты admin1, 29-09-2017, 11:51, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 835

29 қыркүйекте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен Жүрек күні аталып өтті.Оның басты міндеті - жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупі және олардың алдын алу қажеттілігі туралы адамдардың хабардар болуын арттыру.Дүниежүзілік жүрек күні аясында Павлодар машина жасау колледжінде "Бір әлем, бір үй, бір жүрек" акциясы өтті.

Жаңалық қосты admin1, 29-09-2017, 09:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1106

Жыл сайын қазан айының бірінші жексенбісінде біздің республикада «Ұстаздар күні» мерекесі аталып өтіледі.

Осы күні біздің қымбатты педагогтарға алғыстар айтылып, концерттер ұйымдастырылады. Бұл мерекелік іс-шара біздің назарымыздан да тыс қалған жоқ.

Таңертеңнен колледж студенттері педагогтарға құттықтау өлеңдерімен «тірі дәліз» ұйымдастырып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Мереке иелеріне ЛП 15-9-1 және ЭЭЖ 16-11-1 топтарының студенттері дайындаған мерекелік концерт ұсынылды. Колледж басшысы Қаирбаев Қайрат Айткенұлы құттықтау сөз сөйлеп, белсенді әрі дарынды педагогтарға грамоталар табыстады.

Концертте Серлан Әсет пен Өмірбек Толқынның орындауындағы керемет «Ұстазым», сонымен қатар Марат Мерхат, Серлан Әсеп пен Көкеш Әнеттің орындауындағы «Ана» әндері шырқалды. Концерттің барысында біз жас ұстаздармен жақынырақ танысып, оларға әзіл емтихан ұйымдастырылды. Сонымен қатар студенттер оқытушыларды өздерінің «Емтихан» сахналық көрінісімен тәнті етті. Іс-шара соңында «Ұстазым» атты жақсы әні шырқалды.

 

 

Жаңалық қосты admin1, 21-09-2017, 11:47, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1171

21.09.2017 жылы колледжде Еңбек күніне арналған мереке аясында әлеуметтік серіктестіктермен кездесу өткізілді. 3-4 курс оқушыларына «KSPStill» ЖШС ПФ өкілдерімен «Дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. Іс-шараға кадрлық қамтамасыз ету қызметінің басшысы – С.В. Кайдаш, №2 Электроболатбалқыту цехінің өндірісін дайындау басқармасының басшысы – А.М. Жүнісов, Құбырпрокаты өндірісінің технологиялық бөлімінің инженер-технологы – Д.С. Ахметов, оқу орталығының жетекшісі – Н.Ф. Загрутдинова, сонымен қатар колледж әкімшілігінің өкілдері мен арнайы пәндер оқытушылары қатыстыв колледже, в рамках праздника, посвященного Дню труда прошла встреча с  социальными партнерами. «Дөңгелек үстел» қонақтары оқушыларға өздерінің кәсіпорындары мен өз өндірістерінің ерекшеліктері туралы айтып, бейнероликтер көрсетті, оқушыларды әрі қарай жұмысқа орналастырумен іс-тәжірибеден өтуге зауытқа шақырды. Балалар қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды. 

 

Жаңалық қосты admin1, 20-09-2017, 11:48, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1119

20.09.2017 жылы колледжде  тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу өткізілді. 1-ші курс оқушыларымен әңгімелесу үшін учаскелік полиция инспекторы Ж.В. Баженов пен ДУИС пробациялық қызмет бөлімінің басшысы Г.Б. Тусекешова шақырылды. Олар құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша сөз сөйледі. оқушыларды жасөспірімдер арасындағы құқық бқзушылықтар туралы ҚР заңдарының баптарымен таныстырды әрі пайдалы ақпараттар берді

 

 

Жаңалық қосты admin1, 14-09-2017, 10:18, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1168

14.09.2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында колледжде тоғыз құмалақ ойыны бойынша флешмоб өткізілді. Ойынға 16 адам қатысты. Оған жауапты дене тәрбиесінің оқытушысы А.Ғ. Кожиков болды.

Жаңалық қосты admin1, 15-05-2017, 17:09, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1134

 

15 мамырда Халықаралық отбасы күні аясында Машина жасау колледжінде отбасылық салтты қайта жаңғырту, рухани құндылықтарды нығайту арқылы отбасындағы баланың жеке тұлғааралық өсуі мен дамуын қалыптастыр мақсатында туған адамдарға бір уақытта қоңырау шалу акциясы өткізілді.