"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 27-10-2016, 17:25, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1075

2016 27 қазанда студенттердің белсенді шығармашылық өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру, таңдаған мамандықтарының маңыздылығын сезіндіру, бірінші курстарды колледждің дәстүріне жақындату мақсатында Студенттерге арнау күнін өткіздік. ТМ-15-9-1 және ТОРА -14-9-1 топтарының студенттері қызықты бағдарлама дайындады. Колледж директоры Қ.А. Қаирбаев оқушыларды студент қатарына кірулерімен құтықтады. 

 

Жаңалық қосты admin1, 27-10-2016, 09:09, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 983

2016 жылы 24 қазанда 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы әйгілеу мақсатында Павлодар машина жасау колледжінде спорт жөніндегі әдіскер А.Қ. Кожиков оқушыларға қысқы Универсиада туралы айтып, колледждің фойесінде таңғы жаттығу өткізді. Іс-шараға колледждің 200-ден астам оқушысы қатысты.

  

Жаңалық қосты admin1, 26-10-2016, 10:31, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1373

Колледжге бейімделу үрдісі жеңіл болу үшін ұлыңыздың немесе қызыңыздың төмендегі ережелерін қадағалаңыз:

Күн тәртібін сақтаңыз: сағ. 23-00-ге дейін ұйықтауға жатуы керек, себебі 8 сағаттық ұйқы қажет;

Уақытты аз жұмсап, өзінің тұрмыстық жағдайын дұрыс ұйымдастырсын;

Таза ауада күніне 2 сағат болуы керек. Бұл көңіл-күйді жақсартады;

Күнде денешықынтырумен айналыссын;

Өзінің денсаулығын нығайтып, жеке тазалықты сақтасын;

Көбірек оқып, өздігінен жұмыс істесін;

Үнемі оқытушылармен, сынып жетекшілермен байланыста болыңыз.

Жанжал туындаған жағдайда баладан ажырап қалмаңыз, бірінші достасыңыз, содан соң өз істеріңізбен айналысыңыз.

 -  Баланың үйге үйір болуына жағдай жасаңыз; үйге келе жатқанда «Бәрінен де біздің үйде жақсы!» деген сөзді айтуды ұмытпаңыз.

 -  «Сен жақсысың, бірақ өзгелерден артық емессің» деген бұрыннан белгілі психологиялық формуланы балаңыздың бойына сіңдіріңіз.

 -  Ұлыңызбен немесе қызыңызбен жанжалдасқан кезде ашуға беріле берілмеңіз, өйткені олар да өзінің дұрыс еместігін үнемі сезінбеуі керек. Сіз бұл іс-әрекетіңізбен балаларыңыздың қателіктері мен жеңілістерін мойындауларына үйретесіз.

 -  Балаларыңызды «Бүгін не қызықты болды?», «Немен айналыстыңдар?», «Колледжде қалай?» деген сұрақтармен қарсы алыңыз.

 -  Балаңыздың өмірінде болып жатқан жаңалықтарды шыдамдылықпен және қызығушылықпен тыңдаңыз.

 -  Балаңыздың табысына қуаныңыз. Оның уақытша сәтсіз кезеңдеріне ашуланбаңыз.

Жаңалық қосты admin1, 20-10-2016, 09:28, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1718

2016 жылы 20 қазанда колледждің барлық 4 курсында ЭКСПО – 2017 арналған «Жасыл экономика – болашақтың экономикасы» тақырыбында сынып сағаттары түрінде бірегей сабақ өткізілді, онда дәрістер оқылып, бейнефильмдер көрсетілді, пікірталастар болды

 

Жаңалық қосты admin1, 20-10-2016, 08:52, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1232

20.10.2016 жылы Павлодар машина жасау колледжінде еңбек және соғыс ардагері, прокуратураның құрметті қызметкері генерал – майор Д.Нт Фалеевтің қатысуымен дөңгелек үстел өткіздік. Бұл іс-шара «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» ЖҚ жетекшісі Сәркенов Оразалы мен «Жас Отан» ЖҚ белсенділерінің бастамасымен болды.

Кездесудің тақырыбы: «Жастар арасындағы жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу».

Өз баяндамасында О. Сәрсенов құқық қорғау органдарының статистикалық мәліметтері кәмелеттік жасқа толмаған адамдардың жасаған қылмыстар санына назар аударуға мүмкіндік береді, қазіргі уақытта бұл жағдай жоғарғы деңгейде. Жастар арасындағы қылмыс жасау мәселесі мемлекеттің назарынан тыс қалмады. Сондықтан қазірден бастап, жас ұрпақтың қылмыс әлеміне кетіп қалу қаупінің алдын алып, барлық тиімді әдістер арқылы оларды қауіпсіздендіру қажет. Іс-шара барысында проблемалық мәселелерге және оның шешу жолдарына тоқталды. Құрметті қонақ Генерал-Майор Фалеев Дмитрий Никитович, соғыс кезінде басынан өткізген қиыншылықтарды, жолдастарының әскери ерліктерін, өз отанына деген адалдығын және прокурорлық лауазымындағы жұмыстары туралы айтып өтті. Бүгінгі таңда ол Павлодар қ. Ұлттық гвардияның 5512 әскери бөліміндегі Әскери даңқ мұражайының құрметті мүшесі. Тоқсаныншы жылдардың ауыр кезеңдерінде әскери бөлім қаржылай қиындықтарға тап болған, соғыс ардагері, зейнеткер жаста заңнамалық қолдау көрсеткен. Сөз соңында соғыс ардагері жас ұрпақтың заңдарды сақтап, өз отанын шексіз сүюді және жастардың салауатты өмір салтымен өмір сүру керектігін айтты.

Жаңалық қосты admin1, 18-10-2016, 09:54, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1073

Ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Отанды сүю, Отанымыздың тарихына құрметпен қарау аясында және Отан қорғаушылардың ерліктерін есте сақтау үшін 2016 жылы 18 қазанда 1 курстағы ТМ 16-9-1 тобының студенттері сынып жетекшісі А.М. Рахметовамен Бизнес колледжде өткен «Ерлік сабағы», «Жас ұлан» іс-шарасына қатысты. Іс-шараға әскери қызметкерлер шақырылып, олар қалай әскери ұрыстарға қатысқандарын айтып өтті.

Іс-шарадан соң студенттер «Қазақ халқының даңқты қызы Кеңес Одағының батыры, 54-ші жеке атқыштар бригадасының мергені Ә.Н. Молдағұловаға» арналған көрмеге қатысты.

 

 

Жаңалық қосты admin1, 18-10-2016, 09:05, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1074

Бүгін «Нұр Отан» партиясының ғимаратында «Жас Отан» ЖҚ ПОФ мүшелерінің, дін өкілдерінің және ММ «Павлодар облысының дін істері жөніндегі басқармасы» өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінің» жанындағы «Жас Отан» ЖҚ белсенді-студенттері Д. Бакеева, К. Жакурова, Р. Сәбитов, Н. Амангелдиев, С. Арғынбаева іс-шараға қатысып, дін өкілдерімен кездесті. Кездесу пікірталас алаңы түрінде өтті, онда студенттер дінге қатысты мәселелер бойынша спикерлерге қызығушылық танытқан сұрақтарын қойды.

 

Жаңалық қосты admin1, 15-10-2016, 12:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1119

2016-2017 оқу жылы Павлодар машина жасау колледжіне 117 бала оқуға түсті. Оларға колледжге келген бірінші айларда оңай болған жоқ. Бейімделу мәселесі бірінші курс студенттері үшін маңызды болып табылады. Бірінші оқу жылының бойына бірінші курс студенттерінің студенттер ұжымына араласу үрдісі жүріп, ақыл-ой әрекетін тиімді ұйымдастыру бойынша дағдылары мен іскерліктері қалыптасады, таңдаған мамандықтарының маңызын түсініп, тиімді еңбек, бос уақытты өткізу, тұрмыстық режимі қалыптасады, тұлға сапасының кәсіби маңыздылығы дамиды және тәрбиеленеді. Студенттің табысты іс-әрекет жағдайына қажеттісі оның колледждегі оқудың жаңа ерекшеліктерін меңгеру болып табылады, сондықтан оларға аптасына бір рет колледжде өткізілетін бейімделушілік тренингтері жұмыс істейді.

Жаңалық қосты admin1, 15-10-2016, 09:57, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1125

Машина жасау колледжінің жанындағы «Жас Отан» ЖҚ белсенді-студенттері Д. Бакеева, Н. Амангельдиев, А. Еркіндіков, Н. Әлтаев, Н. Сани 2016 жылы 15 қазанда өткізілген жалпы қалалық сенбілікке қатысты . 

Қоқыс шығаруға арнайы техника бөлінде. Ортақ жұмыстың арқасында Амангелді көш. жақын жатқан учаскелер тазаланды.

      

Жаңалық қосты admin1, 13-10-2016, 12:51, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 772

2016 жылы 13 қазанда әйелдердің денсаулығын қорғау онкүндігінің аясында колледждің әйелдер ұжымының денсаулығын алдын алу мақсатында радиологиялық бөлімнің онколог дәрігері Г.С. Богомолованы шақырумен лектория ұйымдастырдық. Ол «Сүт бездерінің обыры» тақырыбында дәріс оқып, соңында бейнефильм көрсетілді.