"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 19-09-2016, 11:54, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1311

Колледжде қыркүйек айының төртінші аптасында өздерінің жүрек жылуын колледж оқушыларына арнап, құрметті еңбек демалысына шыққан еңбек ардагерлерімен кездесу өткізу дәстүрге айналды. Бұл күні оларға колледж бойынша экскурсия ұйымдастырып, музыкалық құттықтаулар мен сыйлықтар табысталды, дастархан жайылды. Құрметті ардагерлер өткен күндерді еске алысып, колледжде болып жатқан өзгерістерге қуанды, ән айтып би билеп жақсы көңіл күймен үйлеріне тарасты. Олар өз кезегінде колледж әкімшілігіне, ұжымға өздерін ұмытпай үнемі осындай кездесулер өткізіп отыратындығына алғыстарын айтты.

Жаңалық қосты admin1, 12-09-2016, 11:05, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1550

Денсаулық – әр адамның толық әрі бақытты өмір сүруінің негізгі кепілі. Ол жоспарланған мақсаттарға, негізгі өміршеңдік міндеттерге қол жеткізуге, әр түрлі қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Жақсы денсаулық адамның ұзақ әрі белсенді өмір сүруіне жағдай жасайды.

Әр адам әсіресе жасы ұлғайған сайын өз денсаулығының қадірін түсіне бастайды. Сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыру бала кезден басталуы керек. Салауатты өмір салтын үгіттей отырып, біз колледжде өте көп іс-шаралар өткіземіз. Оның біреуі дәстүрлі түрде өткізілетін Денсаулық күні, бұл іс-шара 2016ж. 9 қыркүйекте Усолка мөлтек ауданында орналасқан «Ертіс» спорттық базасында өткізілді. Оқушылар футбол ойнады, кір тасын көтеріп, қанат тартысты. «Көңілді старт» сайысы өте қызықты әрі тартымды өтті. Ауа райының қолайсыздығы біздің спортшылрымызға бөгет бола алмады. Оқушылар арасында үздік деп танылғандар грамоталармен марапатталды.

 

Жаңалық қосты admin1, 2-09-2016, 11:01, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1211

1 қыркүйек – білім және бірінші қоңырау күні. Бұл күн біздің машина жасау колледжінің табалдырығын бірінші рет аттағалы отырған оқушылардың көптен күткен күні. Осы күні мәжіліс залы мен аудиториялар жанданып, бірінші курс оқушылары мен олардың ата-аналары бірінші қоңырауды – Білім сабағын тағатсыздана күтті. Білім сабағы мәжіліс залында Қазақстан Ата-заңының 21-жылдығына, ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Мәңгілік ел» ұлтжандылың актісінің аясында «Мен – өз елімнің патриотымын» акциясы түрінде өтті. Іс-шараға ата-аналар мен колледждің педагогтары қатысты.

 

Жаңалық қосты admin1, 6-06-2016, 12:16, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1003

ҚР мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу аясында, студенттердің өз мемлекетінің тарихына деген қызығушылықтарын арттыру, ұлтжандылық сезімдерінқалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау мақсатында колледж бойынша келесі іс-шаралар өткізілді:

- Іс-шара ҚР Әнұранын орындаумен басталды;

- ЛПТ 15-9-1 тобы «Мемлекеттік рәміздер – халықтың рухани бағыты» тақырыбында ақпараттық таныстыру материалын дайындады әрі өткізді;

- «Тәуелсіздік белгілері» викторина;

4 маусымда біздің оқушылар ҚР рәміздерінің күніне арналған аймақтық форумға қатысты, онда 1-ші курс студенті Серлан Әсет алғыс хатпен марапатталды.

Жаңалық қосты admin1, 23-05-2016, 11:06, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1066
2016 жылғы 19-21 мамыр аралығында ПМПИ-де  өткен  Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры профессор Т.) Шаяхметовті еске алуға арналған ЖОО студенттері арасында бокстан VIII дәстүрлі ашық турнирінде "Үздік төреші" атағына  ұстаз Сенкебаев Т.К. ие болды.

Жаңалық қосты admin1, 10-05-2016, 12:09, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1069

Жеңіс күнін мерекелеу аясында колледж бойынша келесі іс-шаралар жоспарланды және өткізілді:

2016 жылы 24 сәуірде республикалық «Патриот» акциясы аясында өткізілген облыстық «Жеңіс туы» әскери-патриоттық эстафетасының ашылуына арналған шеруге қатыстық.

3 мамырда Павлодар қ. Әскери даңқ мұражайына саяхат ұйымдастырылды.

4  мамырда әскери-ұлтжандылық әндер мен сап түзеу байқауын өткіздік.

5 мамырда «Даңқты ерлер отаны» тақырыбында сынып сағатын өткіздік.

6  мамырда Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне арналған «Біздің есімізде мәңгілік сақталады!» мерекелік концерті өткізілді.

 

Жаңалық қосты admin1, 13-04-2016, 11:53, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1206

2016 жылы 13 сәуірде ҚР Тәуелсіздігінің 25 – жылдығын мерекелеу аясында, ұлтжандылық сезімге тәрбиелеуге жағдай жасау және қазақ халқының мәдениеті мен тарихи мұрасын құрметтеу әрі қызығушылық таныттыру мақсатында «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты конференция өткізілді. Конференцияны ТМ 14-9-1 тобының сынып жетекшісі Г.Қ. Ахметова ұйымдастырды.

 

«Бейбітшілік және келісім – Қазақстанның таңдауы» тақырыбымен Жүнісова Саида, «Қазақстанның мәдени мұрасы» тақырыбымен Хамитова Жұлдыз, «Мемлекеттік рәміздер – халықтың мақтанышы» тақырыбымен Сәдуақасова Әсем, «Менің Қазақстаным, астанам менің болашағым» тақырыбымен Бойченко Полина, «Ұлттық валюта – бәсекеге қабілетті Қазақстанның басты белгісі» тақырыбымен Қаирханов Әсет баяндамамен сөз сөйледі. Баяндамашылар Қазақстанда бір шаңырақ астында бейбітшілік пен келісімшілікте жүзден астам ұлттар мен ұлыстар өмір сүріп жатқандығын, оларды ортақ – Біз Қазақстан халқы біріктіретінімізді айтып өтті. Конференция соңында қатысушылар грамоталармен марапатталды.

Жаңалық қосты admin1, 6-04-2016, 11:54, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1126

2016 жылы 6 сәуірде КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінің» бірінші курс оқушыларының қатысуымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына арналған «Мәңгілік ел, біздің беделді және ұлы Қазақстан» ұлтжандылық акция-концерті болып өтті. Бұл шара студенттерді қазақстандық ұлтжандылыққа, азаматтылыққа, толеранттылыққа тәрбиелеуге, Отанымызды мақтан тұтуға, ой-өрісті кеңейтуге бағытталған.

 

Акцияға шақырылған қонақтардың: «Құқық» үйірмесінің жетекшісі Б.Ш. Шушпаева мен колледждегі «Жас Отан» ЖҚ жетекшісі Н. Қапашевтің сөз сөйлеуі.

Жаңалық қосты admin1, 28-03-2016, 17:02, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1808

2016 жылы 28 наурызда Б.Т. Адуова ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Менің Қазақстаным – менің елім» атты викторина өткізді. Іс-шараға «Шаңырақ» және «Бірлік» командалары қатысты. Сайыс барысында «Шаңырақ» командасы Республикамыздың қалыптасу тарихы бойынша өздерінің терең білімдерін көрсетіп, жеңіске жетті.

 

Жаңалық қосты admin1, 22-03-2016, 17:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1252

Көктем келді, Наурыз бізді өзінің керемет іс-шараларымен қуанышқа бөледі. Мерекелік іс-шараға көптеген оқушылар қатысты. Жаңа жиын топтары 14 наурызда «Шеберлер ауылы» мерекелік көрінісін ұйымдастырып, дастархан жайды, концерттік нөмірлер мен қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетті. 15 наурызда барлық курстарда «Наурыз көктем тынысы» сынып сағатын өткіздік, 17 наурызда ТМ-13-9-1 және ТМ -14 -11-1 топтары «Елімнің ырысы – Наурыз» мерекелік концертін ұйымдастырды. 25 – 27 наурыз аралығында «Кенесары» клубының мүшелері Наурыз мерекесіне орай бокстан өткізілген халықаралық жарысқа қатысып, 2 және 3 орындарды иеленді.