"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 18-04-2015, 11:32, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1364

 Жас ұрпақты Отан қорғаушылардың ерлігіне құрметпен қарауға, Отанға сүйіспеншілікпен және құрметпен қаруға тәрбиелеу мақсатында, оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен өзін өзі жүзеге асыруға жағдай жасау. Жас ұрпақты белсенді азаматтық және ұлтжандылық тәрбие түрлеріне тарту, КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінде» ҰОС-тың 70-жылдығының құрметіне орай оқушыларды зерттеушілік жұмыстарға баулу мақсатында келесі іс-шаралар өткізілді:

Байқау шаралары: «Ардагерлер арамызда» ТОРА 14-9-1 тобы ҰОС-қа қатысқан павлодарлықтар туралы құжаттық материалдар дайындады. «Біз уақытты тоқтата алмаймыз, бірақ жадымызда сақтай аламыз» ТМ-14-11-1 тобы дайындады, «Әйел-аналар соғыс жылдарында» ТМ-13-9-2 тобы, «Ерлікті жүрегіңмен сезін» - ЛП -13-9-1 тобы.

  
                         

8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу аясында, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында 2015 жылы 6 наурызда колледжде «Колледж аруы» байқауын өткіздік, байқауға 7 үміткер қатысты, олар өте қызықты таныстырулар, дайындап, «Дайындық» интеллектуалдық байқауынан, «Шығармашылық» байқауынан өтті әрі аспаздық қабілеттерін көрсетіп, соңында «Дефеле» көрсетті. Байқауының нәтижелері бойынша №4 болып өнер көрсеткен, ТМ 13-9-1 тобының 2 курс оқушысы Суханова Жанель «Колледж аруы» атанды.

                  

   

 2015 жылы 3 наурызда тұрғындарды түберкулездің белгілері туралы хабарландыруды арттыру, уақытында емделудің тимділігі айту мақсатында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен, Павлодар түберкулезге қарсы диспансермен, «Денсаулық» жастар орталығымен және колледж оқушыларымен бірлесе отырып «Мен тірі тұрғанда түберкулезді тоқтатыңдар!», «Түберкулезді бірге жеңеміз!» ұранымен туберкулездің алдын алу бойынша акция өткіздік.

                   

Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20-жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан халықтарының ұлтаралық келісімдері мен толеранттылығын, ұлтаралық мәдениеттерді үгіттеу мақсатында колледжде келесі іс-шаралар өткізілді:
1. Славян мәдениетінің күні, ТОРА 14-9-1 тобы Достық үйінің Славян орталығымен бірлесе отырып дайындады, шараға орталықтың жетекшісі Т.И. Кузина мен бірге келген ансамбль кқатысты, олар салт-дәстүрлер көрсетіп әндер айтты.

                             

    

2. Фестивальді «Наурыз – достық мерекесі» тақырыбы бойынша ТМ 14-9-1 тобы жалғастырды. Олар қазақ халқының салт-дәстүрлерін, қонақжайлылығын көрсетіп, қара жорға биін орындады, айтыс өнерін және ұлттық спорт ойындарын көрсетті әрі наурыз көжеден дәм ұсынды.
2015 жылы 17 наурызда наурыз мерекесінің құрметіне орай «Шеберлер ауылы» байқауын өткіздік. Оған бірінші курстың төрт тобы қатысты, оқушылар барлық байқауларға белсенді түрде қатысып, ұлттық тағамдар байқауында өздерінің шеберліктерін көрсетті, Қара жорға биін орындады, ұлттық салт-дәстүрлерді, музыкалық нөмір мен ұлттық киімдерді көрсетті.

                                

                                

Байқауда ТМ 14-9-1 тобы жеңіске жетті. Құттықтаймыз!.
2015 жылы 19 наурызда колледж оқушылары ҰОС-тың 70-жылдығына арналған «Ерлік – елдің белгісі» облыстық әскери-патриоттық әндер байқауына қатысып дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!

                               

2015 жылы 20 наурызда Наурыз мерекесіне арналған мерекелік бағдарлама «Жігіттің сұлтаны» байқауымен аяқталды. Жарысқа колледждің 7 жігіті қатысты. Қатысушылар өздері туралы таныстыруларын көрсетіп, мақал-мәтел, жаңылтпаштар айту, спорт түрлерінен сайысқа түсті. Шығармашылық өнерімен көрермендерді тәнті етті. «Жігіт сұлтаны» номинациясы бойынша 3 курс студенті Айтжанов Абай жеңімпаз атанды. Құттықтаймыз!

                                

 

 

 

Жаңалық қосты admin1, 3-02-2015, 14:38, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1378

Январь 2014г. Январь 2014г.
Январь 2014г. Январь 2014г.

«Ерік-жігеріңді танытып, өз алдыңа үкен міндеттер қою арқылы оған өзгелерден жақсырақ қол жеткізуің қажет» Н.Ә.Назарбаев. Осындай ұранмен 2015 жылы 30 қаңтарда Павлодар Политехникалық колледжінде энергетикалық мамандықтар бойынша білім алатын студенттер арасында VII облыстық олимпиада өткізілді. Оған ЭЭЖ 13-9-1 тобының студенттері А. Ескендір, С. Жотаев және Н. Совет қатысты, жетекшісі арнайы пәндер оқытушысы А.А. Атымтаева. Студенттер қатысқаны үшін сертификаттармен, ал жетекшісі құрмет грамотасымен марапатталды.

Жаңалық қосты admin1, 27-01-2015, 08:58, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1470

2014 жылы 1-ші желтоқсанда Бірінші Президент күніне арналған жастар форумына колледжден 30 оқушы қатысты. ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында 9-шы желтоқсанда барлық курстарда «Менің отаным Қазақстан», «Ертеңгі күнге деген сеніммен», «Қазақстан тәуелсіздік хабаршысы» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.

 

2014 жыл 2-6 қараша аралығында  Павлодар қаласында колледждер арасында баскетболдан 14-ші облыстық спартакиада өтті. Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 8-шы орынды иеленді.

2014 жылы 4-ші желтоқсанда Естай атындағы ҚМС-да қазақ, орыс және ағылшын тілін меңгерген жастарды анықтау мақсатында қалалық «Тіл шебері» атты байқау өткізілді. Байқауға ТМ 14-11-1 тобының студенті Сағындық Кәкім қатысып, белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Студенттің жетекшісі қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы Күлжібаева Г.Т.

2014 жылы 10-шы желтоқсанда мемлекеттік тілде оқитын топтардың оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты ғылыми-танымдық конференция өткіздік.

2014 жылы 11-ші желтоқсанда жастар саясатының мәселелері жөніндегі ЖҚКО басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген қалалық «Елімай» байқау-викторинасына колледж оқушыларынан құралған команда қатысты.

2014 жылы 12-ші желтоқсанда колледж ұжымы мен оқушыларына арналған «Гүлдеп жайнай бер менің Қазақстаным» атты концерттік бағдарламаны ұйымдастырдық.

2014 жылы 12-ші желтоқсанда колледждің 15 оқушысы «Елім үшін не істедім» атты Жастар форумына қатысты.

2014 жылы 12-ші желтоқсанда колледждің 6 оқушысынан құралған команда ҰОС жеңісінің 70-жылдығына және ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Қыран 2014» атты әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстарға қатысты.

2014 жылы 25-ші желтоқсанда колледж оқушылары «Жаңа жылдық әзілдер» атты мерекелік бағдарламаны өткізді, онда жаңа жылдық әндер шырқалып, би билеп, көріністер көрсетілді.

2014 жылы 30-шы желтоқсанда колледж қызметкерлерінің балаларына арналған ертеңгілік өткіздік. Ол өте қызықты әрі көңілді болды.

 

Жаңалық қосты admin1, 27-01-2015, 08:52, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1341

2014 жыл 6 қарашада Павлодар қаласында колледждер арасында үстел теннисінен 14-ші облыстық спартакиада өтті. Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 6-шы орынды иеленді.

Бірінші Президент күнін мерекелеу аясында, қазақстандық ұлтжандылыққа тәрбиелеу, азаматтық көзқарасты қалыптастыру, оқушылардың туған елінің тарихына деген танымдық қызығушылықтарын дамыту мақсатында келесі іс-шаралар өткізілді: Колледждің кітапханасында «Н.Назарбаев – ҚР-дің Бірінші Президенті» атты көрме ұйымдастырылды.

2014 жылы 11-18 қараша аралығында Бірінші Президент күні мен ҚР Тәуелсіздік күніне арналған интеллектуалдық марафон өткізілді, оған 100-ден астам оқушы қатысты. Барлық курстарда бейне фильмдер көрсетіліп, сынып «Президентпен бірге мықты Қазақстан үшін», «Тәуелсіз мемлекеттің бірінші президенті», «Елді құрған көшбасшы», «1-ші желтоқсан – ҚР Бірінші Президент күні» атты сағаттары өткізілді.  

2014 жылы 21-ші қарашада колледждің 10 оқушысы «Жас Отан» ЖҚ-сы ұйымдастыруымен Достық үйінде өткізілген мемлекет басшысының курстасы Әбуов Рымбек Шаханұлынмен кездесуге қатысты.

2014 жылы 26-ші қарашада колледждің 2 тобы ҚР-дің Президенті Н.Ә. Назарбаевқа арналып С. Торайғыров атындағы кітапханада өткізілген көрмеге қатысты. 

2014 жылы 24-ші қазанда «Жастар бастамасын дамыту орталығы» ҚМБ-да жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқармасы облыстық «Жастар көзімен жабыраңқы кезең» фестивалін өткізді. Фестивальға ТМ 13-9-2 тобының студенті Саваровская Алена қатысып, «ГРАФИКА» номинациясы бойынша жүлделі 3-ші орынға ие болды. 

Жаңалық қосты admin1, 27-11-2014, 11:56, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1345

2014 жылы 1-ші қазанда «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы А. Саваровскаяның басшылығымен жастар комитеті Қарттар күніне орай оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, үлкендерге құрметпен қарау  мақсатында 1-ші курс оқушыларының еңбек ардагері, алғашқы тың игерушілердің бірі  С.Т. Смағұловпен кездесуін ұйымдастырды.

2014 жылы 3-ші қазанда Ұстаздар күніне орай колледждегі ТМ 13-9-1 және ТМ 14-11-1 топтарының оқушыларының күшімен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бағдарлама өте қызықты әрі әр түрлі жанрда болды. Сонымен қатар Жастар комитеті өзін-өзі басқару күнін ұйымдастырды.

2014 жылы 7-ші қазанда қазақстандық ұлтжандылықты қалыптастыру, ҚР рәміздеріне құрметпен қарау мақсатында 1-ші курс оқушыларының арасында қоғамдық пәндер оқытушысы З.Ж. Ахметованың ұйымдастыруымен «ҚР рәміздері» блиц турнирі өткізілді. Жарыста 1-ші орынды ТОРА 14-9-1 тобы иеленді. Құттықтаймыз!

2014 жылы 24-ші қазанда ГЮП инспекторы, полиция капитаны Ж.А. Тургульдиновтың, «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» дәрісімен В.А. Чебатаревтың, «Нашақорлықтың алдын алу мен оны ерте кезден анықтаудағы ата-аналардың рөлі» дәрісімен колледж психологының қатысуымен жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өткізілді. Колледж психологы тренинг өткізіп, отбасындағы сәтсіздік пен жасөспірімдердің өз өзіне қол жұмсаудың алдын алу туралы айтып өтті. Жиналыстың соңында ата-аналардың қойған сұрақтарына жауап бердік.

 

Павлодар қаласының мәдениет пен тілдерді дамыту бөлімі тілдерді енгізу мен дамыту бағдарламасының аясында 2014 жылы 29-шы қазанда Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында қалалық «Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» байқауын өткізді. Байқауға 2 курстағы ТМ 14-11-1 тобының студенті Сағындық Кәкім қатысып, жүлделі 3-ші орынға ие болды әрі бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Жаңалық қосты admin1, 6-10-2014, 17:08, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1615

    15.09.2014ж.-21.09.2014ж. аралығындағы БЕЙБІТШІЛІК АПТАЛЫҒЫ

Бірінші курс студенттері «Біз бейбітшілікті қалаймыз» тақырыбында қабырға газетін шығарды – осы іс-шараны ұйымдастырушы қоғамдық пәндер оқытушысы Барақбаев С.Т.;

Сонымен қатар бірінші курс оқушыларымен Бейбітшілік қорына 2850 (екі мың сегіз жүз елу) теңге сомасында ақшалай қаржы жиналды – ұйымдастырушы қоғамдық пәндер оқытушысы Неғманова Г.Б.;

2014ж. 15-21 қыркүйек аралығында дене тәрбиесінің оқытушысы А.Ғ. Кожиков ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінің» бірінші және жоғары курс студенттерінің арасында Бейбітшілік күніне арналған мини-футболдан жарыс өткізіді.

Жарысқа 1 курстың  - ТМ 14-9-1, ЛП 14-9-1, ТОРА 14-9-1, 2-4 курстың – ТМ 14-11-1, ТМ 13-9-2, ЛП 13-9-1 және ЭЭЖ 13-9-1 топтарының командалары қатысты. Жарысқа қатысуға жалпы – 49 ер бала жіберілді.

Жарыс нәтижелері төмендегідей болды: 1 курстар арасында ТОРА 14-9-1 тобының – «Газ Мяс» командасы 1-ші орынға ие болды, 2-ші орын – ТМ 14-9-1 тобының «REAL TM» командасының, 3-ші орын – ЛП 14-9-1 тобының «Арлан» командасының еншісінде.

Жоғары курстар арасында 1-ші орынды ТМ 13-9-2т., 2-ші орынды ЭЭЖ 13-9-1т., 3-ші орынды ТМ 14-11-1т. иеленді.

    17.09.2014ж. қоғамдық пәндер оқытушысы З.Ж. Ахметова мен Г.Б. Неғманова екінші курстың: ТМ 13-9-1т., ТМ 13-9-2т., ЛП 13-9-1т. оқушыларының арасында Украинада болған оқиғалар туралы бейнефильмді көрсетуді ұйымдастырып оны талқылады;

     Апталықты қоғамдық пәндер оқытушысы Б.Ш. Шушпаева бірінші курс оқушыларына арналған «21 қыркүйек Халықаралық бейбітшілік күні» тақырыбындағы ашық іс-шарамен аяқтады. Бұл шарада 20 және 21 ғасырлардағы барлық соғыстар мен оқиғалар айтылып, таныстырулар көрсетілді.

 

ЦӘК төрайымы: Калимова С.С.

Жаңалық қосты admin1, 11-06-2014, 16:13, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1814

Мемлекеттік тілдегі Web-сайттардың дамуы мен толық көлемде жұмыс істеуі үшін ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің дамуын арттыру мақсатында 2014 жылы 10 маусымда «Павлодар көлік және коммуникация колледжінде» өткізілген «Мемлекеттік тілдегі ең үздік білім беру сайты» байқауында біздің колледж жүлделі үшінші орынға ие болды.

Павлодар көлік және коммуникация колледжінде

Жаңалық қосты admin1, 2-06-2014, 16:46, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1370

Колледж оқушылары Саворовская Алена, Артемьева Кристина және Акат Асхат  2014 жылдың 16 ші -18 мамыр күндері Павлодар қаласында өткен Атамекен STARTUP  бизнес-жобалар сайысына қатысты. Осы оқушылар  сайысты ұйымдастыру жұмысына белсенділік  танытқан үшін алғыс хатпен марапатталды.

Атамекен STARTUP  бизнес-жобалар сайысына қатысу туралы
Атамекен STARTUP  бизнес-жобалар сайысына қатысу туралы
Атамекен STARTUP  бизнес-жобалар сайысына қатысу туралы

Жаңалық қосты admin1, 10-05-2014, 12:33, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1412

Хаирова Л.А орыс тілі және әдебиет оқытушысы   және математика пәнінің оқытушысы Жанкаринова Ж.Т,  республиқалық   қашықтық  ғаламтор арқылы  олимпиадаға қатысып, математика және орыс әдебиеті пәндері бойынша үздік нәтиже атына ие болды. Физика пәнінің оқытушысы Сулейменова Г.М  1  курс студенті Гофман  В дайындады, оқушы үздік нәтиже қөрсетті. 

 Қазақстандық  ғаламтор олимпиадаға қатысу.
Қазақстандық  ғаламтор олимпиадаға қатысу.
Қазақстандық  ғаламтор олимпиадаға қатысу.

 

Жаңалық қосты admin1, 29-04-2014, 15:11, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1553

2014 жылы 25 сәуірде ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінде» әлеуметік-қоғамдық пәндер оқытушыларының «Әлеуметтік-қоғамдық пәндер сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану» тақырыбында облыстық семинары өткізілді. Семинарға қала мен облыстың 20-дан астам оқытушылары қатысты. Колледж оқытушылары: Г.Б. Неғманова, Б.Ш. Шушпаева, З.Ж. Ахметова, С.Т. Барақбаев жоғарыда аталған тақырып бойынша әріптестерінің алдында баяндамаларымен сөз сөйледі. Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары С.С. Калимова ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың колледжде қалай енгізіліп жатқандығын айтып өтті. Семинарға қатысқан әріптестер семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын әрі оқытушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы оқытушының да, студенттің де жұмысын жеңілдететіндігін айтты.