"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 16-05-2013, 12:20, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1331

2013 жылғы 14 мамырда  ЛП-10-9-1тобыны оқушысы Досмақов Өжет және  СТР-12-11-2 тобының оқушысы Көкішева Алтыншаш ИнЕУ колледжінде өткен ТжКО жүйесіндегі оқу орындарының  арасында  экономикалық және техникалық мамандықтар бойынша кәсіби қазақ тілінен  II облыстық олимпиадаға қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша оқушылар  II дәрежелі  орынды  иеленіп,жеңімпаздар атанып. Олар диплом, сертификат және құнды сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздар мен  олардың оқытушыларын  Күлжібаева Г.Т. және Баймағамбетова М.Қ. құттықтап, болашақта  жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз!


 

 

Жаңалық қосты admin1, 16-05-2013, 11:59, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1472

 Адамгершілік-эстетикалық сапаларды қалыптастыру, отбасының құндылықтарын үгіттеу, әйелдердің тең дәрежеде мемлекеттік және қоғамдық өмірге араласуын көрсету әрі салауатты өмір салтын үгіттеу мақсатында машина жасау колледжінде «Әйел отбасының және мемлекеттің тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткіздік. Президент Н.Ә. Назарбаевтың «2050 стратегиясы» атты Қазақстан халқына жолдауындағы сөздерді негізге ала отырып, директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Ф.М. Акишева сөз сөйледі. Дөңгелек үстелге қатысушылар – колледждің студент қыздары, оқытушылар мен арнайы шақырылған қонақтар болды. Өз кезегінде сөз алған қонақтар: Павлодар қ. ІІБ аға инспекторы, полиция майоры А.Т. Қасымова әйелдерді зорлықтан қорғау жөніндегі полиция бөлімшесі өз қызметін адамның жеке тұлғасының еркінділігі мен конституциялық құқықтарды, заңдылықтарды және жариялылықты сақтау негізінде құрылғандығын айтты. 

 

alt alt
Жаңалық қосты admin1, 6-05-2013, 12:27, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1389

28.04.2013ж. студенттердің бойында белсенді өміршең ұстанымдылықты қалыптастыру, қазақстандық ұлтжандылықты қалыптастыру, халық бірлігінің, мейірімділік пен өзара келісім идеясын үгіттеу мақсатында 1-ші курс студенттерінің қатысуымен «Қазақстан бірлігі күні» атты мерекелік іс-шара өткіздік, онда студенттер халықтар достығы туралы сөз қозғап, ұлттық билерді көрсетті, әндер шырқады.

 

alt alt alt

Жаңалық қосты admin1, 6-05-2013, 12:25, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1491

23.04.2013ж. Қарулы Күштердің беделін арттыру, қазақстандық әскери қызметшілердің бейнесін түсіндіріп тарату мақсатында колледж студенттері Әскери Даңқ мұражайымен бірлесе отырып, Павлодар қ. әскери коммисариат қызметкерлерімен кездесуге және «Отан қорғаушылар – ел тыныштығында» атты көрменің ашылуына қатысты.

 

alt alt alt

 

Жаңалық қосты admin1, 6-05-2013, 12:24, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1419

2013ж. 23-ші сәуірдеқаржы полициясының инспекторлары Смаилов Әділет пен Төлегенов Диас жемқорлық іс-әрекеттерін түсіндіру мақсатында «Жемқорлық және оның қоғамдық қаупі» тақырыбында 1-ші курстың ЛП 12-9-1 және СМТР 12-9-1 топтарының студенттері алдында дәріс оқыды. Өздерінің ақпараттық баяндамаларында олар жемқорлықтың алдын-алу, онымен қазіргі әлемдегі күрес, нарықтық экономикаға өту барысындағы мемлекеттің жемқорлықпен күресу рөлінің арттыруы туралы мәселелерді қамтыды.

Дәріске 1-ші курстың 56 студенті қатысты.

Жаңалық қосты admin1, 6-05-2013, 12:24, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1473

18.04.2013ж. «Отбасының өзара іс-әрекет жүйесін оқу-тәрбие үрдісін жаңалау тәсілі ретінде жетілдіру» мақсатында сынып жетекшілеріне арналған оқытушылық семинар өткіздік. Семинарта төмендегі мәселелерді қарастырдық:Отбасы мен колледждің өзара іс-әрекет үрдісінің сараптамасы.        Кумбаева  А.Р. колледж психологы.Оқушылармен және ата-аналармен жұмыс кезіндегі кәсіби такт ережесі. Жунусова А.Қ. ЛП 12-9-1т. сынып жетек.Педагогтардың, балалардың және ата-аналардың бірлескен өзара іс әрекетін ұйымдастыру.   Шушпаева Б.Ш.,  «Құқық» үйірм. жетек.Соңында сынып жетекшілері ата-аналармен жұмыс жөнінде ұсыныстар алды.

Жаңалық қосты admin1, 2-05-2013, 10:48, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1812

Колледж өмірінен бір апта

 

Павлодар машина жасау колледжіндегі жалы білім беру мен қоғамдық пәндер апталығы «Білім – күш, ал қозғалыс – өмір» деген жалпы атаумен 15-19 сәуір аларығында өтті. Бұл іс-шара студенттерді ғылыми жұмыстарға қатыстыру, олардың мүмкіндіктерін ашу мақсатында жыл сайын өткізіледі. Ол оқушылардың жаңа білімдер жинақтауына мүмкіндіктер береді.

 

Бірінші күні физика пәнінің оқытушысы Ғ.М. Сүлейменова 1-ші курс оқушыларының арасында Космонавтар күніне арналған қызықты космостық конференция өткізді.

Әрі қарай эстафетаны математика, информатика және химия пәндерінің оқытушылары жалғастырды. Педагогтар Ж.Т. Жанкаринова, С.С. Калимова және Ж.Т. Кульшманова «Өз ойының» атты интеллектуалдық ойынды дайындады әрі өткізді. Оқушылар сұрақтарға аса қызығушылықпен жауап беріп отырды. Бірінші курс студенті Ержан Молдағалиев ең білімді студент деп танылды.

Интеллектуалық марафонға жалын мен жарыс рухын дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары А.Қ. Кожиков пен М.К. Сирлибаев ұйымдастырған «Көңілді старттар» сайысы қосты.

Мемлекеттік тілде оқитын топта Қазақстан тарихы пәні бойынша «Миллион кімге бұйырады» атты қызықты викторинаны қоғамдық пәндер оқытушысы С.Т. Барақбаев өткізді. «Электрлік, электрмеханикалық жабдықтары» мамандығы бойынша білім алатын ЭЭЖ 12-9-1 тобының студенті Жотаев Серік тарих білгірі атанды.

Пәндік апталық барысында қызықты, интербелсенді ашық сабақтар өткізілді: фихика пәні бойынша – оқытушы Ғ.М. Сүлейменова, «Адам және қоғам» пәні бойынша (орыс тобына) – Б.Ш. Шушпаева, «Адам және қоғам» пәні бойынша (қазақ тобына) – С.Т. Барақбаев. Педаготар сабақтарға шығармашылықпен дайындалды.

Барлық сабақтар мен іс-шараларда оқушылар мен ұстаздар белсенді әрі қызықты бірлескен жұмыс түрін көрсетті. Апталық қорытындысы бойынша жүлделі орын алғандар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. 

alt alt alt

Жаңалық қосты admin1, 4-04-2013, 13:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1448

2013 жылы 27 наурызда Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде Б. Ахметовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ахметов оқулығы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Павлодар машина жасау колледжінің оқытушысы Л.А. Хаирова осы ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Орыс әдебиеті сабақтарында блоктық-модульдік оқытуды пайдалану» баяндамасымен сөз сөйледі.

Ғылыми-тәжірибелік конференция өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған әрі конференцияға қатысушылардың мақалалары жарияланған жинақ басылып шығарылды.

 


Жаңалық қосты admin1, 29-03-2013, 17:34, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1613

2013 жылы 20 наурыз күні колледжде «Армысың әз-Наурыз 2013» мерекелік іс-шарасы болып өтті. Іс-шара барысында әкімшілік колледждің 1-2 курс студенттерінің арасында мерекелік дастархан байқауын өткізіп, жеңімпаздарды марапаттады, мерекелік шара оқытушылар мен студенттер ұйымдастырған концертке ұласты.


Жаңалық қосты admin1, 29-03-2013, 17:32, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1501

2013 жылы 7-ші наурыз күні колледжде 8-ші наурыз – халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Колледж әкімшілігі мен оқытушылары және студенттері іс-шара барысында нәзік жандыларды шын жүректен құттықтап, еңбекте табыс оқуда жеміс тіледі. Кеш соңы қызықты концертке ұласты.