"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 10-01-2014, 10:22, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1441

2013 жылы 27 желтоқсанда колледждің мәжіліс залында 1 курс студенттеріне  арналған «Біздің  көңілді  Жаңа жыл» атты жаңа жылдық іс-шарасы өткізілді. Мереке өте көнілді және қызықты өтті. Барлық оқушылар сайыстарға  және сұрақ-жауаптарға белсене қатысып, жаға жылдық әндер орындады.

Іс-шарада жетім-оқушылар назардан тыс қалмады, осы күні колледждің директоры олардың әр қайсысын жаңа жылмен құттықтап сыйлықтар табыстады.

alt

 

Халықтың мәдени құндылығын меңгерту, ҚР рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, оқушылардың өз мемлекеті туралы білімдерін кеңейту мен жүйелендіру арқылы қазақстандық ұлтжандылықты қалыптастыру мақсатында ҚР Тәуелсіздігіне арналған онкүндік өткіздік.

alt  alt

 

alt

 

Онкүндік ҚР Ән-ұранын білу мен оны дұрыс орындау мақсатында бірінші курс оқушыларының арасында байқау өткізумен 2013 жылы 14 қарашада басталды. Бұл байқауда ТМ 13-9-2 тобы жеңіске жетті.

alt alt

 

2013 жылы 4-5 желтоқсан аралығында колледждің жастар комитеті «Менің Қазақстаным» интеллектуалдық марафонын ұйымдастырды. Ол екі кезеңде өткізілді. ТМ 13-9-1 тобы өз мемлекетінің тарихын үздік білушілері болып атанды

alt alt

 

10-шы желтоқсанда барлық курстарда «Мен тәуелсіз мемлекеттік азаматымын» тақырыбына арналған сынып сағаты өткізілді және онкүндік 13-ші желтоқсанда «Тәуелсіздік – елдің ерлік жолы» мерекелік концертімен аяқталды.

Жаңалық қосты admin1, 23-12-2013, 12:17, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1456

Әдістемелік семинар

2013 жылдың 19 желтоқсан күні колледжде «Оқу-өндірістік және кәсіби білім беруді жаңартудың өзекті мәселері» атты тақырыпта әдістемелік семинар өтті, жоғарыда айтылған тақырып бойынша  колледж оқушылары    курстан  өтті.   Оқытушыларға  қазақ тілі және әдебиет оқытушысы Мубаракова Н.Ж. «Бенджамин Блум таксономиясының  білім беру мақсаттары» , тарих пәнінің оқытушысы Шушпаева Б.Ш. «Орта білім беру  пәндер сабақтарында компетенция дамытуға бағытталған  тапсырмалары », ағылшын тілінің оқытушысы Хамитова А.С. «Сын тұрғысынан оқушыларды жазу және оқу арқылы оқыту»  атты баяндамалар ұсынды.Баяндамашылар сонымен бірге  оқытушыларға практиқалық тапсырмаларды  ұсынды, таксономия бойынша сұрақтар дайындау, компетенция дамытуға арналган сапасы жөғары сұрақтар дайындау, және сабақта қолдануға болатын  «Тапсырма сұрақтары», «Сәйкестіктер» әдістер ұсынылды. 

Жаңалық қосты admin1, 20-12-2013, 11:26, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1259

          23.11.2013  «Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасы» ММ, « Павлодар облысының Қазақстан студенттер Альянсы» ЖБҰ студент жастарының арасында облыстық «ACTIVEGENERATION-2013» арнайы жобалар байқауын өткізді. Біздің ТМ 10-9-1 тобының студенттері Филиппов Владимир, Соколы Евгений, СТР-12-11-2 тобының студенті Лекеров Ерболат іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша байқау жеңімпаздары болды.

         В. Филиппов пен Е. Соколы  «Ауаны тазалаудың тиімді әдістері» жобасымен 1-ші орын алды. Жобаның жетекшісі Ж.Т. Кульшманова, Смекенова К.К.

Жаңалық қосты admin1, 5-12-2013, 14:56, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1307

Жаңалық қосты admin1, 4-11-2013, 08:56, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1271

2013 жыл 11 қазанда Павлодар қаласында колледждер арасында тоғызқұмалақтан 13-ші облыстық спартакиада өтті.

Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 7-шы орынды, қыздар командасы 4 орынды иеленді.


Жаңалық қосты admin1, 4-11-2013, 08:54, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1231

2013 жыл 3 қазанда Павлодар қаласында колледждер арасында жеңіл атлетикалық кросстан 13-ші облыстық спартакиада өтті.

Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 12-шы орынды иеленді


---
Жаңалық қосты admin1, 25-10-2013, 15:32, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1509

Объявление.

Вниманию родителей!

25 октября 2013 года в 18-00 состоится родительское собрание.

Приглашаем  всех родителей.                   

Для первого курса общеколледжное  родительское  собрание. (актовый зал)

 

Повестка дня:

Знакомство с Уставом колледжа  - директор колледжа К.Каирбаев.
Курение и статистика     – врач – нарколог Чебатарев В.А.
Профилактика правонарушений среди несовершеннолетних. - Инспектор ГЮП.ТургульдиновЖ.А.
- Профилактика семейного неблагополучия, стрессовых и суицидальных настроений  подростков.  Психолог.
Разные.

Для 2 и 3 курса     по теме:

- Как не попасть в секту.
- Защита прав детей и укрепление семьи.
Итоги успеваемости и посещаемости за 1 курс.   (Отв. Классные руководители.)

 

Для 4 курса.

Анализ   успеваемости и выход на дипломный проект.
Подготовка   к    НОК.
Прохождение преддипломной практики и предварительное трудоустройство.   (Отв. Классные руководители.)
Жаңалық қосты admin1, 11-10-2013, 15:01, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1490

Жастар арасында дұрыс тамақтану мен шынығу белсенділігін үгіттеу мақсатында 2013 жылы 5 қазанда Павлодар машина жасау колледжінің «Дәрумендер» командасы облыстық «Дұрыс тамақтану – сымбаттылық пен жастықтың белгісі» байқауына қатысты. Команда өз өнерлерін көрсету барысында дұрыс тамақтанудың құпияларын ашып, сахналық көріністерде өздерінің әртістік қабілеттерін көрсете білді. Әділ-қазылар біздің команданың өнерін жоғары бағалап, «Дәрумендер» командасы 2-ші орын мен «Сымбаттылық пен денсаулық грациясы» жүлдесін жеңіп алды.

    

Жаңалық қосты admin1, 20-06-2013, 12:41, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1438

2013ж. 19 маусымда ҚМКК «Павлодар машина жасау колледждінің» белсенді студенттері конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» флеш-мобына қатысты. Іс-шара барысында студенттер қала тұрғындарына акция буклеттерін таратып, жағажайда «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» деген ұранмен аспанға ақ және қара түсті шарларды ұшырды. 

  

Жаңалық қосты admin1, 3-06-2013, 11:38, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 2463

Халықаралық   ғылыми – тәжірибелік  конференция

2013жылғы 14 мамырда ағылшын тілінің оқытушысы Хамитова А.С. «Шетел тілді оқыту барысында коммуникативтік әдісінің элементтері» баяндасымен  С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінде өткен  « Тіл кедергісі жоқ білім және ғылым» халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясына қатысты. Анара Сағадатовнаға белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хат» табыс етілді.