"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 4-04-2014, 17:22, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1627

VI-шы облыстық энергетиктер олимпиадасының

қорытынды есебі.

     Орта кәсіптік оқу мекемелерінің оқушылары арасындағы VІ-шы облыстық энергетиктер Олимпиадасы Павлодар облысының Білім басқармасының қолдауымен 2014 жылы 26-шы наурызда екі бағытта: электрлік және жылу техникасының мамандықтары  бойынша ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінде» өткізілді. 

      Олимпиадаға 8 колледж қатысты: Павлодар машина жасау колледжі, Павлодар бизнес-колледжі, Павлодар политехникалық колледжі, Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі, Инновациялық Еуразиялық университетінің колледжі, Павлодар технологиялық колледжі, Сәтпаев атындағы инженерлік-техникалық институтының Екібастұз колледжі, Екібастұз Инновациялық Еуразиялық университетінің колледжі. Олимпиадаға қатысуға 33 студент өтініш білдірді: олардың ішінде 21 студент электрлік мамандық бойынша (14 студент орыс тілінде, 7 студент мемлекеттік тілде), сонымен қатар 12 студент жылутехникалық мамандығы бойынша (олардың ішінде 9 студент орыс тілінде және 3 студент мемлекеттік тілде).

Олимпиада қорытындысы бойынша электрлік мамандықтар бойынша орындар келесі түрде бөлінді:

1-ші орынды Солодухин Алексей (жетекшілері Абраева Н.М, Шалабаева М.А) иеленді. Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі.

2-ші орынды Данишевский Роман (жетекшісі Тенизова О.В.) иеленді. Павлодар бизнес-колледжі.

3-ші орынды Беличев Артем (жетекшісі Лихачева С.Н.) иеленді. Павлодар политехникалық колледжі.

            Жылутехникалық мамандығы бойынша жүлделі орындарға келесі колледждің оқушылары ие болды:

1-ші орын Алимбаев Тойлыбай (жетекшісі Абдрахманова К.Т, Кыдырмоллаева А.Н) Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі.

2-ші орын Письмиленов Нұрболат (жетекшілері Абдрахманова К.Т, Кыдырмоллаева А.Н) Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі.

3-ші орынды Коргун Андрей (жетекшісі Алишева Р.Т) иеленді. Сәтпаев атындағы инженерлік-техникалық институтының Екібастұз колледжі. 

Жылутехникалық мамандығы бойынша жалпы командалық есепте жүлделі орындарды келесі колледждер иеленді:

1-ші орында  Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің командасы;

2-ші орында  Сәтпаев атындағы инженерлік-техникалық институтының Екібастұз колледжі;

3-ші орында Инновациялық Еуразиялық университетінің колледжі.

Электрлік мамандығы бойынша жалпы командалық есепте жүлделі орындарды келесі колледждерге бөлінді:

1-ші орында  Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің командасы;

2-ші орында  Павлодар бизнес колледжінің командасы; 

3-ші орында  Павлодар политехникалық колледжінің командасы;.

  

 

Жаңалық қосты admin1, 4-04-2014, 17:20, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1396

2014 жылы 18 наурызда құқық бұзушылықтың алдын алу және «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексін түсіндіру мақсатында Павлодар қ. ІІБ аға инспекторы, полиция капитаны А.М. Сәрсембенованың қатысуымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтыңалдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткіздік. Дөңгелек үстел барысында үйдегі зорылық-зомбылық, күш көрсету сонымен қатар 79/3 б. – денсаулыққа залал келтіру, 79/5 б. – отбасылық-тұрмыс аясындағы құқықтық қарсылық әрекеттер мәселелерін қарастырып, бейнероликтер көрдік.

 

Жаңалық қосты admin1, 4-04-2014, 17:20, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1541

2014ж. 13-20 наурыз аралығында колледж әкімшілігінің, оқытушылар мен сынып жетекшілерінің, студенттердің көркем өнерпаз топтарының ұйымдастыруымен колледже «Наурыз» мейрамы тойлау бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда 13-ші наурызда колледж студенттеріне «Наурыз» мейрамын басқа халықтар қалай тойлайтындығы туралы ТМ 13-9-1т. оқушыларының таныстыруы, 13-18 наурыз аралығында ұлттық спорттық ойындар, спорттық жарыстар туралы таныстыру болды. 19-шы наурызда колледж асханасында 1 курс топтарының және олардың ата-аналарының, колледж әкімшілігі мен сынып жетекшілерінің қатысуымен: Ұлттық тағам, Қара жорға, Ұлттық салттар, Ұлттық киімдер бөлімдері бойынша байқаулары өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша ТМ 13-9-1 және ЭЭЖ 13-9-1 топтары бірінші орын, ЛП 13-9-1 тобы  екінші орын, ТМ 13-9-2 тобы үшінші орын иеленді. 20-шы наурызда колледж оқытушылары мен студенттері «Елімнің ырысы – Наурыз» атты қорытынды концерттік бағдарламаны ұйымдастырып өткізді.

 

Жаңалық қосты admin1, 4-04-2014, 17:18, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1441

2014 жылы 7 наурызда А.Қ. Жүнісова мен Ж.Е. Нұрахметованың  басшылығымен колледж оқушылары 8-ші наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік бағдарламаны дайындап өткізді. Колледждің нәзік жанды оқытушылары мен оқушы қыздарына әдемі сөздер мен әндер айтылды. Балалардың әндері, өлеңдері, билері мен әзілдері бәрінің көңілдерінен шықты. Барлығына рахмет. Мереке жүзеге асты.

 

Жаңалық қосты admin1, 4-04-2014, 17:14, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1494

     2014 жылы 5-ші наурызда колледждің қоғамдық пәндер оқытушысы С.Т. Барақбаевтың жетекшілігімен дайындалған «Қазіргі уақыттағы дін мәселесі және оның жастарға ықпалы» тақырыбындағы баяндамамен ЭЭЖ 10-9-1 тобының оқушысы Зейніл Айдын қаламыздағы Достық сарайында өткен «Дін және дәстүр» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып сертификатқа ие болды.
Айдынға толағай табыстар тілейміз!

Жаңалық қосты admin1, 4-04-2014, 17:13, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1347

2014 жылы 1 наурызда Павлодар мамандандырылған колледжінде «Қазіргі білім беруді, экономиканы және құқықты дамытудың үдерістері мен болашағы» атты облыстық колледжаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Конференцияға «Павлодар аймағы тұрғындарының экономикалық құқықтарды сақтауы» баяндамасымен ТОТ 12-11-1 тобындағы 3-ші курс оқушылары Дакуов Руслан, Базавод Сергей (ғылыми жетекші Смекенова Қ.Қ.) және «Яснополяна мектебі және Л.Н. Толстойдың педагогикалық қызметі» баяндамасымен ТМ 13-9-2 тобындағы 1-ші курс оқушысы Сәрсенов Рахат (ғылыми жетекші Хаирова Л.А.) қатысты.

 

  

Жаңалық қосты admin1, 4-03-2014, 15:32, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1648

2014ж. 25 ақпанда Павлодар музыкалық колледжінде «Ленинградтың фашист басқыншыларынан азат етілгеніне 70 жыл» тақырыбында колледж оқушыларының арасында мәнерлеп оқудан облыстық байқау өткізілді. Байқауда колледжіміздің 1-ші курс оқушылары Саворовская Алена мен Тасыбай Айдос 3-ші орын алды.

alt alt

Жаңалық қосты admin1, 21-02-2014, 16:06, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1632

Колледж студенттері  облыстық ғылыми- прктиқалық конференцияға қатысты, конференция Павлодар политехниқалық колледжінің  базасында өтті  2014 жылдың 14 ақпанында.

       Конференцияға келесі студенттер қатысты:  олар   Оспантаева Индира ЭЭЖ-12-9-1 тобының студенті «Қазақтың ұлттық ойындары» атты баяндамамен,  Индира «Спорт жанашыры» атты номинацияға ие болды (жетекшісі Кожиков А.К ) , Трибус  Галина  ЛП-13-9-1 тобының студенті «Қөс  сөздердің кұпиясы»  атты баяндамамен (жетекшісі Мубаракова Н.Ж) ,Саворовская Алена ТМ 13-9-1 тобының студенті :  «Дұрыс көпбұрыштар»  атты баяндамамен ( жетекшісі Жанкаринова Ж.Т),  Касенова Акмарал СМС 12-9-1 тобының студенті   «30 жылдарындағы  Павлодар  өніріндегі ашаршылық» атты баяндамамен   ( руководитель Ахметова З.Ж).Барлық қатусышыларға сертификаттар табысталды, және  студентерді дайындаған үшін   жетекшілері грамоталармен марапатталды

 

Жаңалық қосты admin1, 3-02-2014, 16:51, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1348

 2014 жылдың 16 қантарында кезекті  жас оқытушылар мектебінің отырысы өтті, ол отырыста оқытушы Смагулова А.К «Курстық және дипломдық  жобаларды ұйымдастыру жұмысы» атты баяндама оқыды, әдіскер Тлеугазиева Д.Т  өз  сабағын  талдау түрлерімен таныстырды, психолог Хаирова Л.А жас оқытушылармен  тренинг өткізді, проблемалық жағдайды талдау мақсатымен.

 

2014 жылдың 13 қантарынан бастап 24 қантарға дейін колледж ішінде  Калимова С.С директордың информатиқалық технологиялар бойынша орынбасары колледж оқытушылары үшін «Информатиқалық коммуникациялық технологиялар » атты курстар өткізді,  олар  бейне үзінді жасауды  және   Microsoft Excel, ActivInspire, AutoCad  бағдарламаларында жұмыс  істеуді  үйренді.

Жаңалық қосты admin1, 10-01-2014, 16:52, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1413

2013 жылдың  26 желтоқсанында орыс тілі және орыс әдебиеті оқытушы Хаирова Л.А  машина жасау колледжінде   «Нам не дано предугадать» атты әдеби- музыкалы  композициясын өткізді ,  белгілі орыс  ақын Федор Иванович Тютчевтың  өмірбаянымен   шығармашылыгына арналған. Студентердің назарына ұсынылды  Тютчевтың шығармашылығы бойынша презентация, мәлімдеме, ақпарат,   және  музықалық – романстар,  Тютчевтың  сөздеріне жазылған өлендер , және  басқада Тютчевтың өмірінде болған өте қызықты  оқиғалар.

alt  alt   

 

alt