"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 16-01-2013, 08:35, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1711

2012 ж. 30-шы қарашада Машина жасау колледжі Екібастұз политехникалық колледжінде өткен 3-ші облыстық «Павлодар аймағындағы экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары» атты студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. 2-ші орын иегерлері ТМ 10-9-1 тобының студенттері Филиппов Владимир мен Соколы Евгений «Ауаны тазалаудың тиімді әдістері» ғылыми жобасымен, жобаның жетекшісі химия пәнінің оқытушысы Ж.Т. Кульшманова.

«Нұр Отан» қоғамдық бірлестік партиясы атынан «Үздік әлеуметтік жоба таныстыруы» арнайы номинациясына  «Қатты тұрмыстық қалдықтарды жою» ғылыми жұмысының тақырыбымен ТОТ 12-11- тобының студенті Төлеуов Дастан ие болды, жетекшісі арнайы пәндер оқытушысы Ж.Е. Нұрахметова.

«Құю өндірісінде Екібастұздық көмірді пайдалану» тақырыбындағы  ғылыми жобасы үшін Қатысушы сертификатымен ЛП 10-9-1 тобының студенті Стреляева Мария марапатталды, жетекшісі П.О. Быков.

Студенттер біз сіздерді құттықтаймыз! Сіздерге жаңа табыстар мен жеңістер тілейміз!

 alt alt alt

Жаңалық қосты admin1, 16-01-2013, 08:31, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1436

2012 жылы 9 қарашада Павлодар қ. Ақпараттық технологиялар Орталығының базасында облыстық «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» байқауының 2-ші кезеңі өтті. Оқу үрдісін («Автомобиль құрылысы» бойынша электрондық оқулық) мультимедиялық қамтамасыз ету номинациясы бойынша арнайы пәндер оқытушысы В.В. Сныткин құрметті ІІІ-ші орынға ие болды. Web – сайтты ұйымдастыру номинациясы бойынша жабдықтар жөнінен инженер В.Н. Беспрозванный мен директорды АТ жөніндегі орынбасарының м.а. С.С. Калимова да құрметті ІІІ-ші орынға ие болды.

 

alt alt alt

 

Жаңалық қосты admin1, 8-11-2012, 17:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1478

2012 жылы 31 қазанда колледж бен облыстық СӨС орталығының бірлескен жоспарына сәйкес СМСТР 12-9-1 тобы, мамандар Г.А. Жүсіпова мен М.А. Абдрахманованың қатысуымен «Грейзинг пайдасы және снекинг зияны» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Грейзинг – дұрыс тамақтану, снекинг – дұрыс тамақтанбау. Іс-шараның мақсаты: дұрыс тамақтанбаудың себептерін анықтау, күн тәртібін дүрыс сақтауға үйрену. Студенттердің тамақтанумәселелері және сонымен қатар тез тамақтанудың оң-және теріс жақтары анықталды. Іс-шара соңында «Тамақтану пирамидасы» атты бейне ролик көрсетілді.

 

  alt alt   


 alt alt

Жаңалық қосты admin1, 8-11-2012, 17:27, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1485

2012 жылы 19 қазанда жалпы колледждік ата-аналар жиналысы болып өтті, онда мынадай мәселелер қарастырылды:
1. Колледж Жарлығымен таныстыру. Колледж директоры Қаирбаев Қ.А. 
2. Наркомания және темекі шегудің алдын алу. Дәрігер-нарколог Чебатарев В.А.
3. Жасөспірімдік жастың ерекшеліктері. Тулекова А.Р. колледж психологы.
Оқу кабинеттерінде оқу үлгерімдері мен сабаққа қатысу мәселелері талқыланды және ата-аналар комитетін сайлады.

 

alt alt alt

Жаңалық қосты admin1, 6-11-2012, 12:25, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1678

ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінің» «Адреналин» КВН командасы 2012 жылы 16-шы қыркүйекте Екібастұз қалалық КВН лигасының ½ ойынына қатысып, финалға жолдама алды.

ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінің» «Алдавай» КВН командасы  2012 жылы 23-ші қыркүйекте Екібастұз қалалық КВН премьер лигасының ½ ойынына қатысып, финалға жолдама алды.

ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінің» «Адреналин» КВН командасы 2012 жылы 20-шы қазанда Ақсу қалалық КВН лигасының ½ ойынына қатысып, финалға жолдама алды.

 

 

altalt alt 

alt

 

---
Жаңалық қосты admin1, 5-01-2012, 18:10, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 667

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы

 

 

Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

  

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік Гимні

Сөзін жазғандар:

Жұмекен НәжімеденовНұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

 

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

 

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

 

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ескерту:

1. Ту, Елтаңба, Гимн, рәміз сөздерін тек осы қалпында қолдану керек. Байрақ, нышан, әнұран деген сияқты «синоним» сөздерді қолдануға болмайды.

2. Мемлекеттік Гимнің авторларын жазғанда «сөзі», «әні» деп қысқаша жазбай, «сөзін жазғандар», «әнін жазған» деп толық жазу керек.

3. ҚР Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, және олардың бейнелерін, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру Ережесінің 36-тармағына сәйкес