Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Жаңалықты сұрыптау керек: күні байынша | танымалдығы бойынша | кіргені бойынша | пікірі бойынша | Әліппе бойынша
Жаңалық қосты admin1, 18-10-2016, 09:54, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1310

Ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Отанды сүю, Отанымыздың тарихына құрметпен қарау аясында және Отан қорғаушылардың ерліктерін есте сақтау үшін 2016 жылы 18 қазанда 1 курстағы ТМ 16-9-1 тобының студенттері сынып жетекшісі А.М. Рахметовамен Бизнес колледжде өткен «Ерлік сабағы», «Жас ұлан» іс-шарасына қатысты. Іс-шараға әскери қызметкерлер шақырылып, олар қалай әскери ұрыстарға қатысқандарын айтып өтті.

Іс-шарадан соң студенттер «Қазақ халқының даңқты қызы Кеңес Одағының батыры, 54-ші жеке атқыштар бригадасының мергені Ә.Н. Молдағұловаға» арналған көрмеге қатысты.

 

 

Жаңалық қосты admin1, 18-10-2016, 09:05, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1265

Бүгін «Нұр Отан» партиясының ғимаратында «Жас Отан» ЖҚ ПОФ мүшелерінің, дін өкілдерінің және ММ «Павлодар облысының дін істері жөніндегі басқармасы» өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінің» жанындағы «Жас Отан» ЖҚ белсенді-студенттері Д. Бакеева, К. Жакурова, Р. Сәбитов, Н. Амангелдиев, С. Арғынбаева іс-шараға қатысып, дін өкілдерімен кездесті. Кездесу пікірталас алаңы түрінде өтті, онда студенттер дінге қатысты мәселелер бойынша спикерлерге қызығушылық танытқан сұрақтарын қойды.

 

Жаңалық қосты admin1, 15-10-2016, 12:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1317

2016-2017 оқу жылы Павлодар машина жасау колледжіне 117 бала оқуға түсті. Оларға колледжге келген бірінші айларда оңай болған жоқ. Бейімделу мәселесі бірінші курс студенттері үшін маңызды болып табылады. Бірінші оқу жылының бойына бірінші курс студенттерінің студенттер ұжымына араласу үрдісі жүріп, ақыл-ой әрекетін тиімді ұйымдастыру бойынша дағдылары мен іскерліктері қалыптасады, таңдаған мамандықтарының маңызын түсініп, тиімді еңбек, бос уақытты өткізу, тұрмыстық режимі қалыптасады, тұлға сапасының кәсіби маңыздылығы дамиды және тәрбиеленеді. Студенттің табысты іс-әрекет жағдайына қажеттісі оның колледждегі оқудың жаңа ерекшеліктерін меңгеру болып табылады, сондықтан оларға аптасына бір рет колледжде өткізілетін бейімделушілік тренингтері жұмыс істейді.

Жаңалық қосты admin1, 15-10-2016, 09:57, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1309

Машина жасау колледжінің жанындағы «Жас Отан» ЖҚ белсенді-студенттері Д. Бакеева, Н. Амангельдиев, А. Еркіндіков, Н. Әлтаев, Н. Сани 2016 жылы 15 қазанда өткізілген жалпы қалалық сенбілікке қатысты . 

Қоқыс шығаруға арнайы техника бөлінде. Ортақ жұмыстың арқасында Амангелді көш. жақын жатқан учаскелер тазаланды.

      

Жаңалық қосты admin1, 13-10-2016, 12:51, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 866

2016 жылы 13 қазанда әйелдердің денсаулығын қорғау онкүндігінің аясында колледждің әйелдер ұжымының денсаулығын алдын алу мақсатында радиологиялық бөлімнің онколог дәрігері Г.С. Богомолованы шақырумен лектория ұйымдастырдық. Ол «Сүт бездерінің обыры» тақырыбында дәріс оқып, соңында бейнефильм көрсетілді.

  

Жаңалық қосты admin1, 13-10-2016, 12:18, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1280

Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бөлімі Павлодар машина жасау колледжін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында өткізілген мерекелік іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапаттады.

Жаңалық қосты admin1, 13-10-2016, 11:47, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 848

 

2016 жылы 13 қазанда әйелдердіңденсаулығын сақтау онкүндігі аясында алдын алу мақсатында колледждегі әйелдер ұжымына радиологоиялық бөлімнің онколог дәрігері Г.С: Богомолованы шақырумен лектория ұйымдастырылды. Ол «Сүт бездерінің қатерлі ісігі» тақырыбында дәріс оқыды және соңында бейне фильм көрсетілді.

 

Жаңалық қосты admin1, 13-10-2016, 08:54, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1320

ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында 12 қазанда «Жаңа қазақстандық жол: мәдени саясат» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткіздік. Конференцияға 1 және 2 курстың оқушылары қатысты. Оқушылармен қызықты слайдтар мен баяндамалар дайындалды. Оқушы Сәрсембаев А. «Қазасқтан Стратегиясы – 2050», Еркіндіков А. «Болашақтың қаласы», Иванов Р. «Қазақстандық жол – саяси мәдениет», Тыржикаев А. «Қазақстанның мәдени саясаты» тақырыптарында баяндама дайындады. Іс-шараны Б.Т. Адуова қорытындылады.

Жаңалық қосты admin1, 12-10-2016, 12:48, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1155

2016 жылы 12 қазанда Бұхар Жырау атындағы қалалық мұражайда облысымыздың ардақты ақыны Арман Қанидың шығармашылық кеші өтті. Кешке колледжіміздің қазақ тобында білім алатын 1 курс студенттері қатысты. Кеште ақынның жалынды жырлары оқылып, арнайы шақырылған қонақтар өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Іс-шара соңында оқушылар мұражайды аралап, ондағы тарихи жәдігерлермен танысты.

 

Жаңалық қосты admin1, 12-10-2016, 10:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1215

Колледждің келесі құрамдағы ұл балалар командасы: Шайхимов Нұрлан ТМ 14-11-1т., Хохряков Леонид ЛП 15-11-1т., Сағынтай Еламан ТМ 15-11-1т. колледж оқушыларының 2 лигасындағы XXVI   облыстық спартакиада бағдарламасы бойынша ұл балалар арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арнайы өткізілген үстел теннисі бойынша облыстық жарыста құрметті 2-ші орынға ие болды