|
| | РУС |
|
21.09.2017 жылы колледжде Еңбек күніне арналған мереке аясында әлеуметтік серіктестіктермен кездесу өткізілді. 3-4 курс оқушыларына «KSPStill» ЖШС ПФ өкілдерімен «Дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. Іс-шараға кадрлық қамтамасыз ету қызметінің басшысы – С.В. Кайдаш, №2 Электроболатбалқыту цехінің өндірісін дайындау басқармасының басшысы – А.М. Жүнісов, Құбырпрокаты өндірісінің технологиялық бөлімінің инженер-технологы – Д.С. Ахметов, оқу орталығының жетекшісі – Н.Ф. Загрутдинова, сонымен қатар колледж әкімшілігінің өкілдері мен арнайы пәндер оқытушылары қатыстыв колледже, в рамках праздника, посвященного Дню труда прошла встреча с социальными партнерами. «Дөңгелек үстел» қонақтары оқушыларға өздерінің кәсіпорындары мен өз өндірістерінің ерекшеліктері туралы айтып, бейнероликтер көрсетті, оқушыларды әрі қарай жұмысқа орналастырумен іс-тәжірибеден өтуге зауытқа шақырды. Балалар қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды.
20.09.2017 жылы колледжде тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу өткізілді. 1-ші курс оқушыларымен әңгімелесу үшін учаскелік полиция инспекторы Ж.В. Баженов пен ДУИС пробациялық қызмет бөлімінің басшысы Г.Б. Тусекешова шақырылды. Олар құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша сөз сөйледі. оқушыларды жасөспірімдер арасындағы құқық бқзушылықтар туралы ҚР заңдарының баптарымен таныстырды әрі пайдалы ақпараттар берді.
14.09.2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында колледжде тоғыз құмалақ ойыны бойынша флешмоб өткізілді. Ойынға 16 адам қатысты. Оған жауапты дене тәрбиесінің оқытушысы А.Ғ. Кожиков болды.
15 мамырда Халықаралық отбасы күні аясында Машина жасау колледжінде отбасылық салтты қайта жаңғырту, рухани құндылықтарды нығайту арқылы отбасындағы баланың жеке тұлғааралық өсуі мен дамуын қалыптастыр мақсатында туған адамдарға бір уақытта қоңырау шалу акциясы өткізілді.
2017 жылдың 2-9 мамыр аралығында Жеңіс күніне арналған қызықты іс-шаралар өткізілді. Бұл іс-шаралар жеңіске жеткен өз халқына деген мақтанышқа, ерлік пен жауапкершілікке тәрбиелеуге, қазақстандық ұлтжандылық сезімін қалыптастыруға бағытталған. 3.05.2017ж. ТМ-16-9-1 тобының сынып жетекшісі «Борыш» - «Соғыс ардагерлерінің барлығы біздің есімізде» тақырыбындағы сынып сағатында таныстыру өткізді. Ашық сынып сағатында ҰОС туралы студенттер дайындаған слайдттар пайдаланылды. 5.05.2017ж. колледждің белсенділері тыл, еңбек ардагері А.П. Зогайчукқа барды. Ол соғыс жылдары қалай жұмыс істегендігін, тың игеруге қалай қатысқандығын, бірнеше наградалары бар екендігін айтып өтті. Кездесу соңында сыйлықтар табысталып естелікке суретке түстік. 2017 жылы 6 мамырда мәжіліс залында Жеңіс күні мен Қазақстан Қарулы күштері күніне арналған мерекелік концерттік бағдарламаны өткіздік. 9 мамырда ұлдар алаңда өткізілген шараға қатысты.
Екпе егу – бұл өзгешеліктің алдын алу әдісі, мұнда адам төзімділікке ие болады немесе жұқпалы ауруларға бейімделушілікті жоғалтады. Бұған көп жағдайда екпені егу арқылы қол жеткізеді. Екпені егу нақты жұқпалы ауру кезінде иммунды жүйе жауабын ынталандырады. Осының нәтижесінде төзімділік қауіп төндірушіні есте сақтайды және ағзаға қайта түскен жағдайда белсенді қарсыласуға түседі. Сонымен екпе – кейбір аурулармен қарым-қатынасқа түсетін жасанды төзімділікті құру әдісі. Мұндай әсерге қол жеткізу үшін ағзаға ауру шақыратын, микроағзалардың бір бөлігі болып табылатын зиянсыз антигендерді енгізеді. Күлге, көк жөтелге, сіреспеге қарсы АКДС екпесі – бұл өмірге қауіп төндірушілердің алдын алатын ең бірінші шарасы болып табылады. Сонымен қатар екпе полиомиелит пен қызылша ауруларының алдын алуға көмектеседі. Қыздарда төзімділік болмаған жағдайда жүктіліктің бірінші триместрінде баланың іштен кемтар болып туылуы жүз пайызға жетеді. Ұлдарға эпидемиялық паротиттен екпе егу олардың белсіздік ауруына шалдығуына жол бермейді. Екпе егу миллиондаған өмірді құтқарады және денсаулық сақтау аясында кеңінен қолдауға ие болған бірден-бір әсер етуші әрі тиімді шара болып табылады.
Оқушылардың бойында өзге ұлт адамдарының өміріне, мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне, ұлттық өнеріне қызығушылықтарын қалыптастыруға, қазақстандық ұлтжандылыққа, бейбітшілік сүйгіштікке, ұлтаралық келісімге тәрбиелеу, Отанымыз туралы білімдерін кеңейту әрі тереңдету мақсатында колледж бойынша келесі іс-шаралар өткізілді. Бірінші курстарға арналған келесі сынып сағаттарын өткіздік: «Көпұлтты Қазақстан», «Тіл адам жанының кілті», «Қазақстан біздің ортақ үйіміз» және 28.04.17ж. «Бір шаңырақ астында» фестивалінің мерекелік бағдарламасымен аяқталды.
30 наурызда сынып жетекшілеріне оқытушылық семинар-тренингі ұйымдастырылды. Семинарда колледж психологы Г.Қ. Ахметова өз-өзіне қол жұмсаушылықтың алдын алу, С.Т. Барақбаев діни экстремизмнің алдын алу бойынша оқытушылық сабақ өткізді. Сынып жетекшілері әр түрлі жағдайлар бойынша көріністер көрсетті.
2017 жылы 16-20 наурыз аралығында колледжде «Армысың әз-Наурыз 2017» мерекелік іс-шарасы өткізілді. Колледж әкімшілігі іс-шара кезінде 1-2 курс оқушыларының арасында «Мерекелік дастархан» байқауын өткізді. Іс-шарада ұлттық салт-дәстүрлер мен спорттық ойындар көрсетілді. Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар колледждің оқытушылары мен студенттері мерекелік концерт ұйымдастырды.
Көктемнің керемет мерекелерінің бірі Халықаралық әйелдер күнін колледжде 6 наурызда атап өттік. Зал салтанатты түрде безендіріліп, оқушылар колледждің нәзік жандыларын күлімдеп гүлмен қарсы алды. Одан соң Г.Т. Күлжібаеваның басшылығымен колледждің белсенділері дайындаған концерт болды.
|