"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 3-03-2022, 16:25, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 242

АНЫҚТАМА

Павлодар машина жасау колледжінің студенттері арасында "Вейпинг дегеніміз не?" тақырыбында психологиялық сағат өткізу туралы

2022 жылғы 1 наурызда Павлодар машина жасау колледжінде Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы А. А. Куликовамен бірлесіп электрондық темекінің ағзаға теріс әсері, сондай-ақ барлық психобелсенді заттарды қолданудың әлеуметтік, экономикалық салдары туралы білім алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында "Вейпинг дегеніміз не?" тақырыбында тренинг элементтері бар психологиялық сағаты өткізілді.

Кездесуде балалар электронды темекіні пайдалану адам ағзасына қалай әсер ететінін және вейперство несімен қауіпті екенін білді.

Осы тақырыпты қорытындылай келе, 1-курс студенттерімен тренинг өткізіліп, "жеңіл темекінің" әсері, темекіні тастау тәсілдері және насвайдың қауіптілігі туралы барлық сұрақтарға толық жауаптар алынды.

«Вейпинг дегеніміз не?»