"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 28-03-2022, 14:14, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 281

Бүгін Павлодар машина жасау колледжінің қабырғасында JuniorSkills облыстық байқауы шеңберінде "Болашаққа жол" техника және технология саласындағы инновациялық жобалар байқауы өтті, оған қала және облыс мектептерінің оқушылары белсенді қатысты. 48 өтінім берілді, бірінші кезеңде қазылар алқасы байқау талаптарына сәйкес келетін 18 жобаны іріктеп алды. Аталған іс – шараның негізгі мақсаты-кәсіптік бағдар беру жұмысы, жастардың шығармашылық және өнертапқыштық ойлауын жандандыру.
Байқау келесі бағыттар бойынша өткізілді: "Автомобильдер: кеше, бүгін, ертең", "Машина жасау менің көзқарасыммен", "Болашақ энергиясы" және "Аймақтың экологиялық мәселелері".
Конкурс қорытындысы бойынша "Автомобилдер: кеше, бүгін, ертең" бағыты бойынша №39 ЖОББМ оқушысы Байгужинов Рамиль 1 орынды, Бобров ЖОББМ оқушысы Парыгина Анастасияи 2 орынды және Бобров ЖОББМ оқушысы Олькова Кристина 3 орынды; "Машина жасау менің көзқарасыммен" бағыты бойынша Ямышев ЖОББМ КММ оқушысы Вайц Владислав 1 орынды, "Машина жасау менің көзқарасыммен" бағыты бойынша 2 орынды Ямышев ЖОББМ КММ оқушысы Панасенко Константин, 3 орын Ямышев ЖОББМ КММ оқушысы Панасенко Кирилл; "Болашақ энергиясы" бағыты бойынша №18 ЖОББМ оқушысы Небогатова Диана және 2 орын № 29 ЖОББМ оқушысы Мусатов Антон; "Аймақтың экологиялық мәселелері" бағыты бойынша - 1 орынды Заря ЖОББМ оқушысы Жұмаш Алдияр, 2 орынды № 39 ЖОББМ оқушысы Сүйенов Ален және 3 орынды № 40 ЖОББМ оқушысы Жұмабекова Алуа және № 22 ЖОББМ оқушысы Камзин Ерсін иеленді.
Байқау қатысушыларына сертификаттар, дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

JuniorSkills

 

Жаңалық қосты admin1, 28-03-2022, 08:03, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 259

Павлодар машина жасау колледжінде 2022 жылғы 17-18 наурыз аралығында 1201000 "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандығы бойынша 4-курс студенттерінің, оқытушы А. И. Гришинаның жетекшілігімен "Автокөлік құралдарын жөндеу" пәні бойынша ТОРА 18-9-1 тобының курстық жобалары қорғалды. Студенттер өз жобаларында автокөлік құралдарын жөндеу бойынша: дөңгелектер мен шиналарды қалпына келтіру бойынша, карбюраторларды, автомобильдердің агрегаттық учаскелерін жөндеу бойынша, дизельді қозғалтқыштардың қоректендіру жүйелерін жөндеу бойынша учаскелерді, жүріс бөлігін жөндеу бойынша учаскелерді, ілінісу, салқындату жүйелерін жөндеу бойынша, аккукмуляторлық батареяларды жөндеу бойынша, түрлі маркалы автомобильдердің шанақ цехын жөндеу бойынша учаскелерді әзірледі. Қорытындысы бойынша үздік деп танылған студенттер: Жукенов Арыстан, Ануаров Мадияр, Гончаренко Данил, Городничев Иван. Кулинич Данилдің "ВАЗ автомобильдерінің майлы сорғысының бөлшектерін жөндеу және қалпына келтірудің операциялық-технологиялық картасы жобасымен қозғалтқыштарды майлау жүйесінің ТҚК және ТЖ учаскесін әзірлеу", Морозов Евгенийдің "ВАЗ 2112 маркалы автомобильдерінің тұрақ тежегішінің бөлшектері мен механизмдерін қалпына келтіру және жөндеудің операциялық-технологиялық картасы жобасымен жұмыс бөлігін жөндеу учаскесін әзірлеу" және Загребельный Леонидтің " Радиаторларды қалпына келтірудің операциялық-технологиялық картасының жобасымен салқындату жүйелерін жөндеу учаскесінің жобасы". Абсолюттік үлгерім 100%, сапалы үлгерім 88% құрады. Балалар, сіздерді курстық жобаларды сәтті қорғаумен құттықтаймыз, дипломдық жобаларды қорғауда денсаулық пен сәттілік тілейміз!

Колледж әкімшілігі.

курстық жұмыстарды қорғау

 

Жаңалық қосты admin1, 28-03-2022, 08:03, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 290

Павлодар машина жасау колледжінде 2022 жылғы 14-17 наурыз аралығында оқытушы    К. М. Куспековтың жетекшілігімен 1004000 "Құю өндірісі" мамандығы, біліктілігі 1004093 "Техник-металлург", ЛП 18-9-1 тобы бойынша 4-курс студенттерінің курстық жобалары қорғалды. студенттердің теориялық дайындығы жеткілікті. Студенттер өз жобаларында әртүрлі құймаларды (корпус, алдыңғы қақпақ, негіз, білік, сақина, шарнир құрсама және т.б.) дайындаудың технологиялық процесін әзірледі. Қорытындысы бойынша үздік деп танылған студенттер: Байтимирова Марина, Котегова Евгения, Масловская Ксения, Тлеубаева Айгерим, Чернова Алина, Болатханов Азамат, Пименов Виктор. Абсолютті оқу үлгерімі 100% құрады, балалар, сіздерді курстық жобаларды сәтті қорғаумен құттықтаймыз, денсаулық пен дипломдық жобаларды қорғауда сәттілік тілейміз!

Колледж әкімшілігі.

курстық жұмыстарды қорғау

 

Жаңалық қосты admin1, 28-03-2022, 08:01, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 191

Павлодар машина жасау колледжінде 2022 жылғы 15-16 наурыз аралығында 1201000 "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандығы бойынша 4-курс, "Өндіріс экономикасы" пәні бойынша ТОРА 18-9-1 тобы студенттерінің курстық жұмыстарының қорғалуы оқытушы М. В. Байбаеваның жетекшілігімен өтті.  Студенттер өз жұмыстарында автомобильдердің агрегаттық учаскелерінің, шиномонтаждық учаскелердің, дизельді қозғалтқыштардың қоректендіру жүйелерін жөндеу учаскелерінің, жүріс бөлігін, іліністі, салқындату жүйелерін жөндеу, аккукмуляторлық батареяларды жөндеу бойынша учаскелердің, түрлі маркалы автомобильдердің шанақ цехының техникалық-экономикалық тиімділігін есептеді. Қорытындысы бойынша үздік деп танылған студенттер: Жукенов Арыстан, Морозов Евгений, Тұрғанбек Нұрлыбек, Гончаренко Данил, Городничев Иван. Абсолюттік үлгерім 100%, сапалы үлгерім 92% құрады. Балалар, сіздерді курстық жұмыстарды сәтті қорғаумен құттықтаймыз, денсаулық пен оқуда сәттілік тілейміз.

Колледж әкімшілігі 

курстық жұмыстарды қорғау