"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 15-10-2016, 12:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1118

2016-2017 оқу жылы Павлодар машина жасау колледжіне 117 бала оқуға түсті. Оларға колледжге келген бірінші айларда оңай болған жоқ. Бейімделу мәселесі бірінші курс студенттері үшін маңызды болып табылады. Бірінші оқу жылының бойына бірінші курс студенттерінің студенттер ұжымына араласу үрдісі жүріп, ақыл-ой әрекетін тиімді ұйымдастыру бойынша дағдылары мен іскерліктері қалыптасады, таңдаған мамандықтарының маңызын түсініп, тиімді еңбек, бос уақытты өткізу, тұрмыстық режимі қалыптасады, тұлға сапасының кәсіби маңыздылығы дамиды және тәрбиеленеді. Студенттің табысты іс-әрекет жағдайына қажеттісі оның колледждегі оқудың жаңа ерекшеліктерін меңгеру болып табылады, сондықтан оларға аптасына бір рет колледжде өткізілетін бейімделушілік тренингтері жұмыс істейді.

Жаңалық қосты admin1, 15-10-2016, 09:57, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1123

Машина жасау колледжінің жанындағы «Жас Отан» ЖҚ белсенді-студенттері Д. Бакеева, Н. Амангельдиев, А. Еркіндіков, Н. Әлтаев, Н. Сани 2016 жылы 15 қазанда өткізілген жалпы қалалық сенбілікке қатысты . 

Қоқыс шығаруға арнайы техника бөлінде. Ортақ жұмыстың арқасында Амангелді көш. жақын жатқан учаскелер тазаланды.

      

Жаңалық қосты admin1, 13-10-2016, 12:51, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 771

2016 жылы 13 қазанда әйелдердің денсаулығын қорғау онкүндігінің аясында колледждің әйелдер ұжымының денсаулығын алдын алу мақсатында радиологиялық бөлімнің онколог дәрігері Г.С. Богомолованы шақырумен лектория ұйымдастырдық. Ол «Сүт бездерінің обыры» тақырыбында дәріс оқып, соңында бейнефильм көрсетілді.

  

Жаңалық қосты admin1, 13-10-2016, 12:18, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1102

Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бөлімі Павлодар машина жасау колледжін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында өткізілген мерекелік іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапаттады.

Жаңалық қосты admin1, 13-10-2016, 11:47, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 777

 

2016 жылы 13 қазанда әйелдердіңденсаулығын сақтау онкүндігі аясында алдын алу мақсатында колледждегі әйелдер ұжымына радиологоиялық бөлімнің онколог дәрігері Г.С: Богомолованы шақырумен лектория ұйымдастырылды. Ол «Сүт бездерінің қатерлі ісігі» тақырыбында дәріс оқыды және соңында бейне фильм көрсетілді.

 

Жаңалық қосты admin1, 13-10-2016, 08:54, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1145

ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында 12 қазанда «Жаңа қазақстандық жол: мәдени саясат» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткіздік. Конференцияға 1 және 2 курстың оқушылары қатысты. Оқушылармен қызықты слайдтар мен баяндамалар дайындалды. Оқушы Сәрсембаев А. «Қазасқтан Стратегиясы – 2050», Еркіндіков А. «Болашақтың қаласы», Иванов Р. «Қазақстандық жол – саяси мәдениет», Тыржикаев А. «Қазақстанның мәдени саясаты» тақырыптарында баяндама дайындады. Іс-шараны Б.Т. Адуова қорытындылады.

Жаңалық қосты admin1, 12-10-2016, 12:48, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 960

2016 жылы 12 қазанда Бұхар Жырау атындағы қалалық мұражайда облысымыздың ардақты ақыны Арман Қанидың шығармашылық кеші өтті. Кешке колледжіміздің қазақ тобында білім алатын 1 курс студенттері қатысты. Кеште ақынның жалынды жырлары оқылып, арнайы шақырылған қонақтар өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Іс-шара соңында оқушылар мұражайды аралап, ондағы тарихи жәдігерлермен танысты.

 

Жаңалық қосты admin1, 12-10-2016, 10:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 997

Колледждің келесі құрамдағы ұл балалар командасы: Шайхимов Нұрлан ТМ 14-11-1т., Хохряков Леонид ЛП 15-11-1т., Сағынтай Еламан ТМ 15-11-1т. колледж оқушыларының 2 лигасындағы XXVI   облыстық спартакиада бағдарламасы бойынша ұл балалар арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арнайы өткізілген үстел теннисі бойынша облыстық жарыста құрметті 2-ші орынға ие болды

 

Жаңалық қосты admin1, 10-10-2016, 10:25, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1084

1. Күлімдеңіз. Жаңа ұжымға бейімделу кезеңінде көбірек күлімдеп жүруге тырысыңыз. Ұжымға жаңадан келген уақытта сіздің бірінші әсеріңіз қалыптасады. Көптеген психологиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша бірінші әсер тез қалыптасады: 10-нан 40 секундқа дейін және бұл әсер келесі қарым-қатынастарда жалғасады. Бұл бір фотосурет тәрізді. Егер де бірінші әсер жағымды болса онда әрі қарай ұжымда жұмыс істеуге жеңіл болады. Егер де сіз шиеленісушілік пен жақтырмаушылық болса онда ұжымда да осындай көрініс қалыптасады.

2. Өзіңізді басқалардан жоғары санамаңыз. Ұжыммен болған алғашқы күні  адамның (әсіресе ол ұялшақ, ұяң болса) бойында күштену пайда болып байланыстан қашады және тұйық болады. Бұл кез келген адам үшін ұжыммен араласу ширығу болып табылады. Сіздің мұндей суық қарым-қатынасыңызды өзгелер өзін өзгелерден жоғары ұстайды деп пайымдауы мүмкін. Сондықтан қандайда бір қиындықтарға қарамастан бірінші күннен бастап, адамдардан «оқшау» болмаңыз, керісінше көбірек байланысқа түсіп, көмек сұраңыз.

3. Қайырымдылық, шыдамдылық танытып, әзілге жақын болыңыз. Ұжымды қалай болса да қабылдаңыз. Адамдарды болмысына қарап қабылдау қиын. Біз оларды өзімізге ұнайтын жақтарынан ғана қабылдауға ұмтыламыз. Бірақ та олар әр түрлі – әр қайсысының өздерінің тәжірибесі мен проблемалары бар. Ашуланбаңыз және қайғырмаңыз әрі адамның мінез-құлқын өзгертуге тырыспаңыз. Шыдамдылық танытуды үйреніңіз.

5. Еңбек сүйгіштікке үйреніңіз және жалқауланбау. Сіз үнемі ұжымның көз алдында екендігіңізді есте сақтаңыз. Олардың сіз туралы пікірі қымбатқа түсуі немесе жаңа қарым-қатынастарға жол бастауы мүмкін.

6. Басқаларға көмектесуге дайын болыңыз. Егер де сіз группаласыңыздың проблемасын байқасаңыз, бос уақытыңыз болса оған көмекке қол ұшын созыңыз. Оны басқа группаластарыңыз бен оқытушылар әрқашан оң бағалайды.

7. Қиын жағдайларда қулық танытпаңыз және жалтармаңыз. «Барлық құпияның түбінде мәлім болатынын» есте сақтаңыз. Қателіктеріңізді түбінде біліп қояды, жазалайды деген қорқынышты күткенше, оны уақытында хабарлаңыз.

8. Басқаларды сөз қылмаңыз.

 

Жаңалық қосты admin1, 5-10-2016, 12:25, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 885

 

Партия мүшелігіне қабылдау, оларды есепке алу, партиялық билеттерді рәсімдеу және беру тәртібі туралы нұсқаулық

Әдістемелік құрал Қазақстан президенті халқына "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар даму" жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру және насихаттау мақсатында әзірленді

«Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің бастауыш партия ұйымдары туралы ТИПТІК ЕРЕЖЕ