"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 12-10-2016, 12:48, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 960

2016 жылы 12 қазанда Бұхар Жырау атындағы қалалық мұражайда облысымыздың ардақты ақыны Арман Қанидың шығармашылық кеші өтті. Кешке колледжіміздің қазақ тобында білім алатын 1 курс студенттері қатысты. Кеште ақынның жалынды жырлары оқылып, арнайы шақырылған қонақтар өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Іс-шара соңында оқушылар мұражайды аралап, ондағы тарихи жәдігерлермен танысты.

 

Жаңалық қосты admin1, 12-10-2016, 10:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 997

Колледждің келесі құрамдағы ұл балалар командасы: Шайхимов Нұрлан ТМ 14-11-1т., Хохряков Леонид ЛП 15-11-1т., Сағынтай Еламан ТМ 15-11-1т. колледж оқушыларының 2 лигасындағы XXVI   облыстық спартакиада бағдарламасы бойынша ұл балалар арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арнайы өткізілген үстел теннисі бойынша облыстық жарыста құрметті 2-ші орынға ие болды