"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 18-10-2016, 09:54, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1071

Ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Отанды сүю, Отанымыздың тарихына құрметпен қарау аясында және Отан қорғаушылардың ерліктерін есте сақтау үшін 2016 жылы 18 қазанда 1 курстағы ТМ 16-9-1 тобының студенттері сынып жетекшісі А.М. Рахметовамен Бизнес колледжде өткен «Ерлік сабағы», «Жас ұлан» іс-шарасына қатысты. Іс-шараға әскери қызметкерлер шақырылып, олар қалай әскери ұрыстарға қатысқандарын айтып өтті.

Іс-шарадан соң студенттер «Қазақ халқының даңқты қызы Кеңес Одағының батыры, 54-ші жеке атқыштар бригадасының мергені Ә.Н. Молдағұловаға» арналған көрмеге қатысты.

 

 

Жаңалық қосты admin1, 18-10-2016, 09:05, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1072

Бүгін «Нұр Отан» партиясының ғимаратында «Жас Отан» ЖҚ ПОФ мүшелерінің, дін өкілдерінің және ММ «Павлодар облысының дін істері жөніндегі басқармасы» өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінің» жанындағы «Жас Отан» ЖҚ белсенді-студенттері Д. Бакеева, К. Жакурова, Р. Сәбитов, Н. Амангелдиев, С. Арғынбаева іс-шараға қатысып, дін өкілдерімен кездесті. Кездесу пікірталас алаңы түрінде өтті, онда студенттер дінге қатысты мәселелер бойынша спикерлерге қызығушылық танытқан сұрақтарын қойды.