"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 28-10-2016, 17:45, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1103

Колледждің ұлдар мен қыздар командасы  ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған тоғыз-құмалақтан колледждер арасында өткізілген 2 лиганың облыстық XXVI спартакиадасына қатысты және жарысқа қатысқан облыстың 12 колледжінің арасынан құрметті 1-ші орынға ие болды. Ұлдар командасының құрамына: ЛП 15-9-1 тобынан Өмірзақов Мирас пен ТМ 14-11-1 тобынан Шайхимов Нұрслан, қыздар командасының құрамына: ЛП 13-9-1 тобынан Жамалиденова Гүлмира мен ЛП 15-9-1 тобынан Мұратова Айымгүл кірді. Студенттер грамоталармен және медальдармен және сонымен қатар ұлдар мен қыздар командасы командалық есепте 1 орын алғаны үшін грамотамен марапатталды.

 

 

Жаңалық қосты admin1, 28-10-2016, 11:50, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1069

2016 жылы 27 - 28 қазан аралығында коллед оқушылары мен ата-аналарға арналған құқықтық жаппай оқуды өткіздік.

27 қазанда учаскелік инспектор мен шағын ауданның еңбек ардагерлерінің қатысуымен полиция подполковнигі, ЮПУ-дің аға учаскелігі Жакин Ерлан Зейкенұлы Әкімшілік кодексті түсіндіру бойынша сөз сөйледі.

Баяндаманы Павлодар қ. ІІБ ЖПҚ СПО инспекторы Р.М. Рахматуллин толықтырды.

Шара соңында шағын ауданның қоғамдық кеңес төрайымы Е.Ф. Динченко сөз сөйлеп, қатысушыларды ҚР заңдары мен қаланың тазалығын сақтауға шақырды.

 

2016 жылы 28 қазанда колледжге бекітілгін учаскелік инспектор, полиция майоры Ж.В. Бажаевтың қатысуымен «Жасөспірімдердің колледждегі, отбасындағы, қоғамдық орындардағы өздерінің іс-әрекеттеріне жауапкершілігі мен мәдени мінез-құлықтарын қалыптастыру» тақырыбында ата-аналар лекториясын өткіздік. Сонымен қатар дәрігер-нарколог В.А. Чебатарев «Нашақорлық пен темекі шегудің алдын алу» тақырыбында және колледждің психологы Г.Қ. Ахметова «1 курс оқушыларының бейімделушілігі» тақырыбында сөз сөйледі. колледж директоры атан-аналарды колледждің Жарғысымен, директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Ф.М. Ақышева оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы жұмысбастылығымен, колледждің дәстүрлерімен таныстырды.