|
| | РУС |
|
2014 жылы 18 наурызда құқық бұзушылықтың алдын алу және «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексін түсіндіру мақсатында Павлодар қ. ІІБ аға инспекторы, полиция капитаны А.М. Сәрсембенованың қатысуымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтыңалдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткіздік. Дөңгелек үстел барысында үйдегі зорылық-зомбылық, күш көрсету сонымен қатар 79/3 б. – денсаулыққа залал келтіру, 79/5 б. – отбасылық-тұрмыс аясындағы құқықтық қарсылық әрекеттер мәселелерін қарастырып, бейнероликтер көрдік.
2014ж. 13-20 наурыз аралығында колледж әкімшілігінің, оқытушылар мен сынып жетекшілерінің, студенттердің көркем өнерпаз топтарының ұйымдастыруымен колледже «Наурыз» мейрамы тойлау бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда 13-ші наурызда колледж студенттеріне «Наурыз» мейрамын басқа халықтар қалай тойлайтындығы туралы ТМ 13-9-1т. оқушыларының таныстыруы, 13-18 наурыз аралығында ұлттық спорттық ойындар, спорттық жарыстар туралы таныстыру болды. 19-шы наурызда колледж асханасында 1 курс топтарының және олардың ата-аналарының, колледж әкімшілігі мен сынып жетекшілерінің қатысуымен: Ұлттық тағам, Қара жорға, Ұлттық салттар, Ұлттық киімдер бөлімдері бойынша байқаулары өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша ТМ 13-9-1 және ЭЭЖ 13-9-1 топтары бірінші орын, ЛП 13-9-1 тобы екінші орын, ТМ 13-9-2 тобы үшінші орын иеленді. 20-шы наурызда колледж оқытушылары мен студенттері «Елімнің ырысы – Наурыз» атты қорытынды концерттік бағдарламаны ұйымдастырып өткізді.
2014 жылы 7 наурызда А.Қ. Жүнісова мен Ж.Е. Нұрахметованың басшылығымен колледж оқушылары 8-ші наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік бағдарламаны дайындап өткізді. Колледждің нәзік жанды оқытушылары мен оқушы қыздарына әдемі сөздер мен әндер айтылды. Балалардың әндері, өлеңдері, билері мен әзілдері бәрінің көңілдерінен шықты. Барлығына рахмет. Мереке жүзеге асты.
2014 жылы 5-ші наурызда колледждің қоғамдық пәндер оқытушысы С.Т. Барақбаевтың жетекшілігімен дайындалған «Қазіргі уақыттағы дін мәселесі және оның жастарға ықпалы» тақырыбындағы баяндамамен ЭЭЖ 10-9-1 тобының оқушысы Зейніл Айдын қаламыздағы Достық сарайында өткен «Дін және дәстүр» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып сертификатқа ие болды.
2014 жылы 1 наурызда Павлодар мамандандырылған колледжінде «Қазіргі білім беруді, экономиканы және құқықты дамытудың үдерістері мен болашағы» атты облыстық колледжаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Конференцияға «Павлодар аймағы тұрғындарының экономикалық құқықтарды сақтауы» баяндамасымен ТОТ 12-11-1 тобындағы 3-ші курс оқушылары Дакуов Руслан, Базавод Сергей (ғылыми жетекші Смекенова Қ.Қ.) және «Яснополяна мектебі және Л.Н. Толстойдың педагогикалық қызметі» баяндамасымен ТМ 13-9-2 тобындағы 1-ші курс оқушысы Сәрсенов Рахат (ғылыми жетекші Хаирова Л.А.) қатысты.
2014ж. 25 ақпанда Павлодар музыкалық колледжінде «Ленинградтың фашист басқыншыларынан азат етілгеніне 70 жыл» тақырыбында колледж оқушыларының арасында мәнерлеп оқудан облыстық байқау өткізілді. Байқауда колледжіміздің 1-ші курс оқушылары Саворовская Алена мен Тасыбай Айдос 3-ші орын алды.
Колледж студенттері облыстық ғылыми- прктиқалық конференцияға қатысты, конференция Павлодар политехниқалық колледжінің базасында өтті 2014 жылдың 14 ақпанында. Конференцияға келесі студенттер қатысты: олар Оспантаева Индира ЭЭЖ-12-9-1 тобының студенті «Қазақтың ұлттық ойындары» атты баяндамамен, Индира «Спорт жанашыры» атты номинацияға ие болды (жетекшісі Кожиков А.К ) , Трибус Галина ЛП-13-9-1 тобының студенті «Қөс сөздердің кұпиясы» атты баяндамамен (жетекшісі Мубаракова Н.Ж) ,Саворовская Алена ТМ 13-9-1 тобының студенті : «Дұрыс көпбұрыштар» атты баяндамамен ( жетекшісі Жанкаринова Ж.Т), Касенова Акмарал СМС 12-9-1 тобының студенті «30 жылдарындағы Павлодар өніріндегі ашаршылық» атты баяндамамен ( руководитель Ахметова З.Ж).Барлық қатусышыларға сертификаттар табысталды, және студентерді дайындаған үшін жетекшілері грамоталармен марапатталды
2014 жылдың 16 қантарында кезекті жас оқытушылар мектебінің отырысы өтті, ол отырыста оқытушы Смагулова А.К «Курстық және дипломдық жобаларды ұйымдастыру жұмысы» атты баяндама оқыды, әдіскер Тлеугазиева Д.Т өз сабағын талдау түрлерімен таныстырды, психолог Хаирова Л.А жас оқытушылармен тренинг өткізді, проблемалық жағдайды талдау мақсатымен.
2014 жылдың 13 қантарынан бастап 24 қантарға дейін колледж ішінде Калимова С.С директордың информатиқалық технологиялар бойынша орынбасары колледж оқытушылары үшін «Информатиқалық коммуникациялық технологиялар » атты курстар өткізді, олар бейне үзінді жасауды және Microsoft Excel, ActivInspire, AutoCad бағдарламаларында жұмыс істеуді үйренді.
2013 жылдың 26 желтоқсанында орыс тілі және орыс әдебиеті оқытушы Хаирова Л.А машина жасау колледжінде «Нам не дано предугадать» атты әдеби- музыкалы композициясын өткізді , белгілі орыс ақын Федор Иванович Тютчевтың өмірбаянымен шығармашылыгына арналған. Студентердің назарына ұсынылды Тютчевтың шығармашылығы бойынша презентация, мәлімдеме, ақпарат, және музықалық – романстар, Тютчевтың сөздеріне жазылған өлендер , және басқада Тютчевтың өмірінде болған өте қызықты оқиғалар.
2013 жылы 27 желтоқсанда колледждің мәжіліс залында 1 курс студенттеріне арналған «Біздің көңілді Жаңа жыл» атты жаңа жылдық іс-шарасы өткізілді. Мереке өте көнілді және қызықты өтті. Барлық оқушылар сайыстарға және сұрақ-жауаптарға белсене қатысып, жаға жылдық әндер орындады. Іс-шарада жетім-оқушылар назардан тыс қалмады, осы күні колледждің директоры олардың әр қайсысын жаңа жылмен құттықтап сыйлықтар табыстады.
Халықтың мәдени құндылығын меңгерту, ҚР рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, оқушылардың өз мемлекеті туралы білімдерін кеңейту мен жүйелендіру арқылы қазақстандық ұлтжандылықты қалыптастыру мақсатында ҚР Тәуелсіздігіне арналған онкүндік өткіздік.
Онкүндік ҚР Ән-ұранын білу мен оны дұрыс орындау мақсатында бірінші курс оқушыларының арасында байқау өткізумен 2013 жылы 14 қарашада басталды. Бұл байқауда ТМ 13-9-2 тобы жеңіске жетті.
2013 жылы 4-5 желтоқсан аралығында колледждің жастар комитеті «Менің Қазақстаным» интеллектуалдық марафонын ұйымдастырды. Ол екі кезеңде өткізілді. ТМ 13-9-1 тобы өз мемлекетінің тарихын үздік білушілері болып атанды
10-шы желтоқсанда барлық курстарда «Мен тәуелсіз мемлекеттік азаматымын» тақырыбына арналған сынып сағаты өткізілді және онкүндік 13-ші желтоқсанда «Тәуелсіздік – елдің ерлік жолы» мерекелік концертімен аяқталды. |