Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 15-05-2017, 17:09, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1244

 

15 мамырда Халықаралық отбасы күні аясында Машина жасау колледжінде отбасылық салтты қайта жаңғырту, рухани құндылықтарды нығайту арқылы отбасындағы баланың жеке тұлғааралық өсуі мен дамуын қалыптастыр мақсатында туған адамдарға бір уақытта қоңырау шалу акциясы өткізілді.

Жаңалық қосты admin1, 10-05-2017, 14:07, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1337

2017 жылдың 2-9 мамыр аралығында Жеңіс күніне арналған қызықты іс-шаралар өткізілді. Бұл іс-шаралар жеңіске жеткен өз халқына деген мақтанышқа, ерлік пен жауапкершілікке тәрбиелеуге, қазақстандық ұлтжандылық сезімін қалыптастыруға бағытталған.

3.05.2017ж. ТМ-16-9-1 тобының сынып жетекшісі «Борыш» - «Соғыс ардагерлерінің барлығы біздің есімізде» тақырыбындағы сынып сағатында таныстыру өткізді. Ашық сынып сағатында ҰОС туралы студенттер дайындаған слайдттар пайдаланылды. 5.05.2017ж. колледждің белсенділері тыл, еңбек ардагері А.П. Зогайчукқа барды. Ол соғыс жылдары қалай жұмыс істегендігін, тың игеруге қалай қатысқандығын, бірнеше наградалары бар екендігін айтып өтті. Кездесу соңында сыйлықтар табысталып естелікке суретке түстік.

2017 жылы 6 мамырда мәжіліс залында Жеңіс күні мен Қазақстан Қарулы күштері күніне арналған мерекелік концерттік бағдарламаны өткіздік.

9 мамырда ұлдар алаңда өткізілген шараға қатысты.

 

 

Жаңалық қосты admin1, 30-04-2017, 16:52, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1276

 

Екпе егу – бұл өзгешеліктің алдын алу әдісі, мұнда адам төзімділікке ие болады немесе жұқпалы ауруларға бейімделушілікті жоғалтады. Бұған көп жағдайда екпені егу арқылы қол жеткізеді. Екпені егу нақты жұқпалы ауру кезінде иммунды жүйе жауабын ынталандырады. Осының нәтижесінде төзімділік қауіп төндірушіні есте сақтайды және ағзаға қайта түскен жағдайда белсенді қарсыласуға түседі. Сонымен екпе – кейбір аурулармен қарым-қатынасқа түсетін жасанды төзімділікті құру әдісі. Мұндай әсерге қол жеткізу үшін ағзаға ауру шақыратын, микроағзалардың бір бөлігі болып табылатын зиянсыз антигендерді енгізеді. Күлге, көк жөтелге, сіреспеге қарсы АКДС екпесі – бұл өмірге қауіп төндірушілердің алдын алатын ең бірінші шарасы болып табылады. Сонымен қатар екпе полиомиелит пен қызылша ауруларының алдын алуға көмектеседі. Қыздарда төзімділік болмаған жағдайда жүктіліктің бірінші триместрінде баланың іштен кемтар болып туылуы жүз пайызға жетеді. Ұлдарға эпидемиялық паротиттен екпе егу олардың белсіздік ауруына шалдығуына жол бермейді. Екпе егу миллиондаған өмірді құтқарады және денсаулық сақтау аясында кеңінен қолдауға ие болған бірден-бір әсер етуші әрі тиімді шара болып табылады.

Жаңалық қосты admin1, 28-04-2017, 14:03, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1167

Оқушылардың бойында өзге ұлт адамдарының өміріне, мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне, ұлттық өнеріне қызығушылықтарын қалыптастыруға, қазақстандық ұлтжандылыққа, бейбітшілік сүйгіштікке, ұлтаралық келісімге тәрбиелеу, Отанымыз туралы білімдерін кеңейту әрі тереңдету мақсатында колледж бойынша келесі іс-шаралар өткізілді. Бірінші курстарға арналған келесі сынып сағаттарын өткіздік: «Көпұлтты Қазақстан», «Тіл адам жанының кілті», «Қазақстан біздің ортақ үйіміз» және 28.04.17ж. «Бір шаңырақ астында» фестивалінің мерекелік бағдарламасымен аяқталды.

Жаңалық қосты admin1, 30-03-2017, 14:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1105

30 наурызда сынып жетекшілеріне оқытушылық семинар-тренингі ұйымдастырылды. Семинарда колледж психологы Г.Қ. Ахметова өз-өзіне қол жұмсаушылықтың алдын алу, С.Т. Барақбаев діни экстремизмнің алдын алу бойынша оқытушылық сабақ өткізді. Сынып жетекшілері әр түрлі жағдайлар бойынша көріністер көрсетті.

 

---
Жаңалық қосты admin1, 23-03-2017, 13:57, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1270

2017 жылы 16-20 наурыз аралығында колледжде «Армысың әз-Наурыз 2017» мерекелік іс-шарасы өткізілді. Колледж әкімшілігі іс-шара кезінде 1-2 курс оқушыларының арасында «Мерекелік дастархан» байқауын өткізді. Іс-шарада ұлттық салт-дәстүрлер мен спорттық ойындар көрсетілді. Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар колледждің оқытушылары мен студенттері мерекелік концерт ұйымдастырды. 

 

Жаңалық қосты admin1, 7-03-2017, 13:51, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1025

Көктемнің керемет мерекелерінің бірі Халықаралық әйелдер күнін колледжде 6 наурызда атап өттік. Зал салтанатты түрде безендіріліп, оқушылар колледждің нәзік жандыларын күлімдеп гүлмен қарсы алды. Одан соң Г.Т. Күлжібаеваның басшылығымен колледждің белсенділері дайындаған концерт болды.

 

Жаңалық қосты admin1, 24-02-2017, 10:22, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1189

Жасөспірімдердің ширығуына әсер ететін әр-түрлі, көптеген себептер бар:

1)    Оқу үлгерімінің нашарлығы, оқытушылармен жанжалдар.

Көптеген ата-аналарға балардың көп бөлігінің жасөспірімдік жаста оқуға мүлем қызықпайтындай болып көрінуі мүмкін. Бірақта түбінде олай емес – бала ішкі жан дүниесінде өзінің сәтсіздіктерін қатты уайымдайды, оны көбінесе көрсете бермейді. Олар тіпті – бұл уайымдарын енжарлық бейнесінде көрсетуі мүмкін.

2)    Баланың әлеуметтік мәртебесі, құрбы-құрдастарымен жанжалдары.

Жасөспірім үшін қатарластарының көз алдында оның әлеуметтік мәртебесі өте маңызды. Кез-келген бала жетекші болмаса да, өз қаратластарына беделді және оған өз әсерін тигізуді қалайды. Бұл өкінішке орай әр кезде бола бермейді. Сондықтан баланы қатарластары қабылдамаған жағдайда, көп жағдайда ширығуға тап болуы алыс емес.

3)    Жасөспірімнің отбасындағы психологиялық жағдай

Отбасындағы жалпы психологиялық жағдай да соңғы орында емес. Егер де отбасындағы дау-жанжалдар күнделікті көрініс болса, онда мұндай жағдайда бала өзін қолайсыз сезінетіні сөзсіз. Көптеген ата-аналар өздерінің арасындағы дау-жанжалдарды осылай шешсек, онда оны бала білмей қалады деп ойлайды. Бірақ олар қатты қателеседі – жасөспірім бәрібір ата-анасының арасындағы келеңсіздікті сезеді. Айта кететін жайттың бірі егер де баланың ата-аналарының арасында жанжалдар болатын болса, онда ешқандай да қайырымды көңіл-күйдің болуы мүмкін емес. Көбінесе жасөспірімдік максимализм ата-аналардың болмашы ескертулерін баланың ауыр қабылдап, ол одан әрі дай-жанжалға ұласып кетуге әкеледі. Сондықтан ата-аналар осындай ауыр кездері барынша ақылдылық пен шыдамдылық танытулары керек.

  

Жаңалық қосты admin1, 13-02-2017, 11:56, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1369

9 ақпанда колледжде психология апталығының аясында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өткізілді. Студенттік кеңестің белсенділері психологпен және әлеуметтік педагогпен «Самал» сауықтыру орталығына барды. Студенттер концерттік бағдарлама дайындап, мүгедек-балаларға студенттер мен педагогтардың күшімен жиналған қаражатқа алынған дамытушылық ойындар-сыйлықтарын сыйға тартты.

 

Жаңалық қосты admin1, 9-02-2017, 12:34, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1123

2016 жылы 9 ақпанда «Самал» сауықтыру үйінде «Қамқорлық» акциясы өткізілді. Студенттер мен педагогтардың күшімен ақшалай қаражат жиналды және оған мүгедек балаларға дамытушылық ойындары, кітаптар мен тәтті тосын сыйлар алынды. 12 ақпанда «Қайырымды іс марафоны» акциясы болып өтті. Студенттік кеңестің студенттері колледждегі жастар комитетінің жетекшісі, ЭЭЖ 12-9-1 тобының студенті Н. Қапашевтың басшылығымен Зырянская 56 мекен-жайында орналасқан үйге барды. Ол үйде Ұлы Отан соғысының ардагері К.Т. Жақыпов тұрады. Студенттер ардагерге үйдің ауласындағы қарды жинуға көмектесті.