|
| | РУС |
|
Жасөспірімдердің ширығуы: себептері Ширығу көбінде үлкендердің мәселесі болып табылады, бірақ жасөспірімдік жаста да көптеген себептер психологиялық күйге әсер етуі мүмкін. Оқу, спорт және достық қарым-қатынастар – мұның барлығы да жасөспірімнің ширығу себептерін туғызуы мүмкін. Жасөспірімдердің ширығуы — үлкендердікі сияқты қалыпты құбылыс. Сонымен қатар ол үлкендердікі сияқты із-түзсіз кетіп, немесе күйгелектікке, күйзеліске, өз-өзіне қол жұмсау жағдайларына дейін әкелуі мүмкін. Үлкендер жасөспірімдердің ширығуына қандай жағдайлар әсер ететіндігін біле отырып, уақытында көмекке келе алады және өзінің қолдауы мен мәселені шешу жодарын ұсынуға көмек қолын созады.
Жасөспірімдердің академиялық ширығуы – кең таралған ширығулардың бірі болып табылады. Ол оқушылардың, ата-аналардың және тіпті өзінің жеке жоғары күтулерінен пайда болатын қысымдардан болады. Баладан белгілі бір мінез-құлықты, жоғары бағаларды, спорттағы табысты немесе қандайда бір мектептен, колледжден тыс бірлестіктердегі көшбасшылықты, әр түрлі мәртебелі іс-шараларға қатысуды күтеді. Көбінесе жасөспірімнің жүктемеге шамасы келмейді, демалысқа уақыт таба алмайды және олардың психологиялық жүктемелеріне шаршау мен ұйқысы қанбау себептерінен дене ширығуы қосылады. Жасөспірімдердің өзіндік бәсекеге қабілетсіздігінен қорқу себептерінен пайда болған ширығуы оның жағымсыз әрекеттермен айналысуына немесе есірткімен өзін-өзі сынауды бастауына әсер етуі мүмкін. Жасөспірімдердің ширығуы: өзін өзі таныстыру.
Жасөспірімдік кезең – бала денесінің ерекше өзгеріске ұшырайтын уақыты. Жыныстық жетілу гормоналдық өзгерістерге әкеледі. Осы жағдайда аз ғана идеалды бейнеге сәйкес келмеу, өз-өзінің ыңғайсыздық мәселелері, икемсіздік, қандайда бір мәртебеліліктің болмауы – қайғылы, жасөспірімдерді ширығуға итермелейді. Құрдастары жағынан қысым көру. Жасөспірімдік кезең — көптеген балалардың алкагольдің, есірткінің дәмін тартып көретін, жыныстық қатынасты бастарынан өткізетін уақыты. Отбасылық ережемен жүріп-тұратын тинейджер, құрдастарының жағынан оның «қатал емес», «ботаник» және т.б. қысымшылықты басынан өткізуі мүмкін. Жасөспірімдердің бір немесе бірнеше рет ширығуы және өзінің жағымсыз іс әрекеттерін жақын адамдарынан жасыруы, психологиялық олқылықтар мен өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің басты себебі болуы мүмкін. Отбасылық қарым-қатынас. Өсіп келе жатқан бала өзін тек қана құрдастарының арасында ғана емес, сонымен қатар отбасында өзінің тәуелсіздік шекараларын барлап көреді. Оның мінез-құлқы ата-аналарыныңөз балаларын бақылаудан, оларды қауіпсіз аймақта ұстап тұруға ұмтылуына байланысты жиі түсінбеушілікті тудырады. Жасөспірімдердің ширығуы жиі ата-аналардың оларды түсінбеушілігінен әрі есейіп кетсе де бала ретінде қабылдауынан пайда болады. Романтикалық және достық қарым-қатынас. Ер бала немесе қыз бала жасөспірім кезеңінде алғашқы романтикалық әуестенушілікке тап болады. Алғашқы ұрыстар мен қызғаныштар, бәсекелестік, алғашқы айырылысулар – мұның барлығы да жасөспірімнің ширығу себептерінің бірі болады. Осы уақытта тинейджер өзінің құрдастарымен жаңа қарым-қатынастар құрады, балалық достық жаңа түрге көшуіне байланысты жан-жалдар пайда болуы мүмкін, алайда жасөспірім мұндай жағдайларды бірден жөнге келтіруді үйрене алмауы мүмкін. Жасөспірімдердің ширығуының басқа да көздері. Жасөспірімдердің ширығуына басқа да жағдайлар, атап айтқанда: басқа ауданға,қалаға, елге көшу, басқа мектепке, колледжге ауысуы; Өте тез немесе тым баяу жыныстық жетілуі; Отбасындағы жағдайлар, оның ішінде ата-аналардың араздығы, алкаголь және үйдегі зорлық; Ақшалай қиындықтар; Жоғары дене және интеллектуалдық жүктемелер себеп боуы мүмкін.
Ал сіздер өздеріңізді оқуға күштеу керек екенін білесіңдер ме? Қызықты студенттік өмір, кешкі қыдырулар, түнгі клубтар, «керексіз» пәндерді оқуға ешқадай да қалауыңыз жоқ. «Ертең емтихан, ал оқуға шамаңыз жоқ. Озіңді күштеп оқыта алмайсың». Сіз осыны жиі ойлайсыз ба? Білім ге деген қиын жолды өтуге сізге не көмсектесе алады? Өзіңзді қалай күштеп оқытуға болады? Сіз таң қалуыңыз мүмкін – психологтардың пікірінше өзіңді күштеп оқыту мүмкін емес. Бірақта бұған қарамастан оқытуға ынталандыру әбден мүмкін екендігін айтады. Қалай және немен, талқылап көрейік№ Оқытылатын пәндердің көбі студенттерге керек емес, қажет емес сиақты кеөрінгені соншалықты, олар қандай да бір кішкентай болмасын қалауды жояды. Бірақ бұл жердежақсы жағы – ол оқытылатын пәндердің сан алуандылығы сондай, мамандық иесі болғаннан кейін қай аймақта болмасын жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл сіздің оқуға деген бірінші қозғаушы күшіңіз болсын. Психологтар кеңесі: ынталандыру. Оқуға деген қызығушылық оқу не үшін керек екенін түсінбеген жағдайда тез жоғалады. Әрине оқыған адамның болашағы зор, тағы сондай ойлар біздің санамызда қалыптасқан. Бірақта бұл өте жалпылама болып келеді. Нақты нәрсеге көзімізді жеткізейік. Ең бірінші сізге оқу және оқу орны нақты не бере алады. Жұмысқа қабылдау туралы хабарландыруларды қарастырыңыз – қандай мамандық иелері қажет, олардың жалақысы қандай. Ал мамандығы жоқ жоқ жұмыскерлер қалай жұмыс орнын табаы. Сіздің таңдап алған мамандығыңызға қалай жұмысқа орналасады, оларға қандай жалақы төленеді, олар өз мамандығымен қанағат па, мамандығы бойынша биік лауазымдарға көтерілу мүмкіндігі қандай, осы бағытта дамуыңыз ұшін алып жатқан біліміңіз қаншалықты маңызды екенін біліп алыңыз. Осы жерде барлық түсініксіздіктер артта қалу керек, олай болмаса әрі қарай қарастыру жөн. Психологтар кеңесі: оқуға жағдай жасау. Өзіңізге оқуға деген жағдай жасаңыз. Оқу үшін жағымды орта болу керек. Бірақта барлық оқулықтар сізбен бірге төсекте немесе креслода жайғасу деген сөз емес. Бұндай жағдай оқуға емес тез ұйқтап кетуге жағдайдың болуы. Білім алу үшін жеке бөлме, стол болу керек. Столда керексіз нәрселердің барлығын алып тастаңыз (компьютер, телефон). Кофеге де орын болмауц керек (басқа жерде тамақтанған жөн). Барлық кедергі жасайтын жағадйлар болмауы керек. Егер электро плитаны өшіруге ұмытып кеткен сиақты болсаңыз, барып тексеріп келіңіз. Сіздің санаңыз толығымен білімге бағытталу керек. Егер сізді бір проблема толғандыратын болса, шешімін тауып қана оқуға кірісіңіз. Оқуға бірнеше уақыт бөлгеніңіз жөн, осы уақыт аралығында сізге ештеңе, ешкім кедергі жасамауын өтініңіз. Туысқандарыңызға, достарыңызға осы уақыт аралығында сізді мазамалауыңызды сұраңыз. Психологтар кеңесі: мадақтау. Өзіңізге әрбір оқылған пән үшін мадақтау тәсілін тауып алыңыз.
Біз оң өзгеріске және қуанышқа икемделеміз! Біздің әрқайсымыздың өмірімізде адамдар: «Сенің қуаныштан жүзің шарқырап тұр» деп айтқан сәттер болған шығар. Кейбіреулер үшін баланың дүниеге келуі «жағады», кейбіреулеріне алғашқы махаббат. Өміріміздің осындай «жарқыраған» сәттерін есімізге алғанды жақсы көреміз. Алайда еске түсіру фотосуреттер сиақты уақыт өте келе өңін кетіреді. Иә біз уақиғаны көреміз, оның әрбір сәтін еске түсіре аламыз, бірақ еске түсіру көбінесе жанымызды «жаға алмайды», жай жылытады. Барлық бастауларда сәттілік тілейміз!
|