"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 25-11-2015, 10:56, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 2711

Қараша айында колледж оқушыларына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, олардың өмірлік кеңістіктерін жаңа қосымша ойлармен, сезімдік бояулармен кеңейту мақсатында мәдени маңызы бар «Жағымды көңіл-күй апталығы» өткізілді.

 

Колледжде нақыл сөздер ілініп, холл мен қабаттарда акция мен іс-шаралар туралы ақпараттар ілінді, педагогтарға, ата-аналар мен оқушыларға арналған стендтар дайындалды. Ақпарат күнделікті ауыстырылып отырды.

 

Жұмыстың бір түрі: «Көңіл-күй кемпірқосағы», «колледждің психологиялық портреті», «Тілек шарбағы» атты психологиялық акция мен туған күн иелерін құттықтау, көңілді үзіліс болды. Акцияның маңызды ерекшелігі оның жүктеп қоюшылық еместігі мен әдеттен өзгешелігінде. Акция колледжде белгілі бір көңіл-күйді және басым әсерлі күйді қалыптастырды: колледж бір тұтастыққа айналып, ондағы адамдар – жақын әрі қызықты сұхбаттасушыға айналды.

 

Жаңалық қосты admin1, 30-05-2014, 14:15, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 3706

alt

Педагог-психолог Хаирова Ляйля Ашоковна

1995 жылы Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университетін (орыс тілі мен әдебиеті факультеті), 2012 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын (педагогика және психология) аяқтады.

Өтінішпен келу : 208 каб. Жұмыс уақыты : 8.30-17.30

Оқушылардың ата-аналарымен жұмыс : сәрсенбі, бейсенбі.

Оқушылармен жеке кеңесу: сейсенбі.

Биылғы жылы төмендегі тақырыптар бойынша семинарларға қатысты:

«Жеткіншек-жасөспірім жастағы тұлғалардың ауытқушылық мінез-құлықтары: феноменология және персонология».

«Тәжірибелік психология мектебі: жасөспірім жастағы тұлғалардың арасында ауытқушылық мінез-құлықтарын алдын алу бойынша әлеуметтік-психологиялық тренинг».

«Тәжірибелік психология мектебі: Балинттік топтардағы өз-өзіне қол жұмсаушылықтың алдын алу және іс-тәжірибе».

 

alt   

 

alt   alt

 

     Педагог-психолог кабинетінде апта сайын топтық тренингтер, кеңестер, әңгіме, оқушылармен, ата-аналармен және мұғалімдермен жеке дара жұмыстар атқарылады. Сонымен қатар мұғалімдермен бірге тренингтік жұмыстар атқарылады.

alt alt alt

Жаңалық қосты admin1, 30-05-2014, 14:14, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 5505

Армандау технологиясы: алдыңа қойған мақсатқа қалай қол жеткізуге болады

Табыс – бақытты өмір сүрудің кілті. Неліктен кейбір адамдардың жолы болғыш, ал басқалары сәтсіздікке ұшырайды? Қалайша бір адамдар мүмкін емес нәрсеге қол жеткізеді, ал кейбіреуі қарапайым дүниелерді жасай алмайды? Бұл сұрақты өз өзіне көптеген – мамандар да, қарапайым адамдар да қояды әрі оның әр қайсысы өзінің табысқа жету жолдарын құрады. 

Мың қадамға бастар жол

«Мың қадамға жол бастау бірінші қадамнан басталады» деген қытай мақалы бар. Қандай болмасын ірі жобалар, кез келген маңызды мақсат – бұл ұзақ жол және оны әрқашан жекелеген қадамдарға бөлуге болады. Бұл қадамдардың әр қайсысы – кішкентай мақсат әрі оны қалыптастырып, жазып, бейнесін салу қажет. Бір күнде үй тұрғызып немесе роман жазу мүмкін емес. Бірақ оған өзіңнің аз ғана үлесіңді қосуды бүгіннен бастауың керек. Сонымен қатар көлік жүргізушісіне қараңғы уақытта машина шамының жарығы, бірнеше метр жол ғана көрінеді, алайда оған алға жүруіне осының өзі жеткілікті. 

Бұл туралы орыс мақалдарында да айтылады, атап айтқанда «Жолдың алыс-жақындығы жоқ», «Қорыққанға қос көрінер», «Көз қорқақ – қол батыр»... Алғашқыда ойдан туған мақсат ұшан-теңіз болып көрінуі мүмкін. Бірақ нақтылы шаралар қолдана бастағанда бәрі де түсінікті болады, үлкен жоба – бұл жеке-жеке бөлшектерден тұратын мозайка. Мұнда әрбір бөлшекті жеке-жеке алып, бір-біріне қосып дұрыс бейне жасау қажет. Өз бейнесін жасай білген сізден басқа яғни – бейненің туындыгерінен басқа кім оны жақсы жасауы мүмкін? 

 

Су түбіндегі тас

Бәрінен бұрын жағымсыз тәжірибе мақсатқа қол жеткізуге бөгет жасайды. Бір рет сәтсіздікке ұшырау, кемсітушілік сөздерді есту біржола көңілді қалдыруы мүмкін. Өйткені көз алдыңнан үнемі  - сол бір кемсіткен сәттерің кетпеуі мүмкін. Ауыр еске алушылық – бұл бірінші кезекте қолға алған істе жеңе білетін жауың болмақ. Өткенді еске алып қайғырғанша, оған талдау жасау керек. Ия өзіңнің сәтсіздіктеріңді қайтадан еске алып, неден қате жібергендігіңді анықтауға тура келеді. Жаңа сынақты бәрі дұрыс болатындай етіп жоспарлаған жөн. 

Тағы да бір көзге көрінбейтін жау – бұл қорқыныш. Сәтсіздік қорқынышы сәтсіздіктен бұрын пайда болады, ол адамды жансыздандырып, бәрінен бұрын қорыққанымдай болатын болды деген түсінікті санаға сіңдіреді. Сол себепті кез келген сәтсіздікке алдын ала әзілмен қарау керек, өйткені қателіктердің кетуі сөзсіз болатын құбылыс. Кез келген миллионер өз мақсатына қол жеткізу үшін қаншама қателіктер жасағандығын мойындайды. Ал сәтсіздік тілеушілер өзгелердің қателіктеріне қуанатын болса, онда олардың да өмірінде бәрі жақсы бола бермеуі мүмкін. 

          Тағы да жымысқы басқа қорқыныш – табыс қорқынышы. Табысты адамға қызғана қарап, таныстары одан сырт айналып кетуі мүмкін, оқытушыларға және басшыларға жылдам көтерілу ұнамауы мүмкін. Барлық қоршаған адамдар бұрынғы сәтсіздікке ұшырағанға басқа көзбен қарайды. Кеше ғана өз адамымыз деп қабылдаған олар ертеңіне оны бөтен деп есептеуі мүмкін. Бұл дегеніміз нағыз достыққа жатады ма? әрине жоқ, нағыз достар қандай да болмасын өзгерістерге қарамастан оның жанында қалады. 

 

Өзіңді тексер

Біздің көпшілігімізге жақын адамдардың, достардың, әріптестерінің қолдауы жеткілікті. Адам үндемей ғана өзінің арманын құпия сақтаған жағдайда, оның өзіне ол қолайсыз, күлкілі, тіпті ақымақтық болып көрінуі мүмкін. Бірақ кез келген уақытта оған: мүмкін басқалардың да менің арманыма ұқсайтын арманы бар шығар деген ой келеді. Онда біз өз мақсатымызға қалай қол жеткіземіз деп бірге ойлануымызға болады. Соңында барлық адамдар – табысты адамдар бір нәрсені бірдей қалағысы келмейді. Тек қана табысты адамдар осыны мойындаудан қорықпайды. 

 

Жақсылық үшін

Кімнің жеңілуге құқысы жоқ? Өз Отанын қорғайтын солдат па, пациенттің өмірін сақтап қалушы дәрігер ме, ондаған жұмыс орнына жауап беретін басшы ма. Ия бұлар табысты адамдар, алайда мұның бәрі табыстың арқасында ғана ма? бастысы сенің жасап жатқаныңның біреуге қажет екенін ойлау қажет, сонда ғана сен қанаттанасың.

Жаңалық қосты admin1, 23-12-2013, 10:22, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1687

Жиырма бесінші ақпанда психолог Л.А. Хаировамен «Есірткі – өмірдің соңы» атты сынып сағаты өткізілді. Оқушылар «Есірткілер туралы біздің шындығымыз» және «Жертөлелер» бейнероликтерін көріп оны талқылады. Студенттер топтармен жұмыс істеп, «Есірткі – аңыз бен шындық» пікірталасына белсенді түрде қатысы. Шара соңында оқушылар нақылдарды талқылады.

 

 

19.03.2014 ж. психолог Л.А. Хаировамен 2-ші курс оқушыларына «Табыстың құпиялары» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. «Мен балалық шақтанмын», «Табыс формуласы» жаттығулары өткізілді. Оқушылар топтармен жұмыс істеп, табыс түсінігінің негізін құрастырды, кестеге табысты адамды және оның табысқа жету әрекеттерін жазды.

 

 

         2014ж. жиырма жетінші ақпанда Л.А. Хаировамен 3-ші курстың оқушыларына арналған «Адам өміріндегі ерік-жігер мінез-құлқының сапалық рөлі» психологиялық сынып сағаты өткізілді. Психологпен «Белгілі сылтаулар» жаттығуларын өткізілді. Оқушылар Николай Заболоцкийдің «Не позволяй душе лениться» өлеңін жатқа оқып, сұрақтарға жауап берді. Психолог тестілеу жүргізіп, оқушылар өздерінің ерік-жігерінің даму деңгейін бағалады.

 

 

       2014ж. төртінші ақпанында психолог Л.А. Хаирова 2-ші курс студенттеріне «Нақтылы және виртуалды өмір» атты сынып сағатын өткізді. Оқушылар сынып сағатының бойына белсенді жұмыс істеп, сұрақтарға жауап берді, карточкалармен жұмыс істеді әрі қызықты хабарлар дайындады. ЛП 12-9-1 тобының студенттері Маканова Дидар мен Исатаева Саида «Компьютердің адамға әсері» және «Компьютер жау ма? әлде көмекші ме?» атты таныстырулар дайындады. Психолог интернеттік желіде өз уақыттарының көбін өткізетін оқушыларға кеңестер берді.

 

Жаңалық қосты admin1, 22-12-2013, 12:08, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1906

Жасөспірімдердің ширығуы: себептері

alt

Ширығу көбінде үлкендердің мәселесі болып табылады, бірақ жасөспірімдік жаста да көптеген себептер психологиялық күйге әсер етуі мүмкін. Оқу, спорт және достық қарым-қатынастар – мұның барлығы да жасөспірімнің ширығу себептерін туғызуы мүмкін.

Жасөспірімдердің ширығуы — үлкендердікі сияқты қалыпты құбылыс. Сонымен қатар ол үлкендердікі сияқты із-түзсіз кетіп, немесе күйгелектікке, күйзеліске, өз-өзіне қол жұмсау жағдайларына дейін әкелуі мүмкін.

Үлкендер жасөспірімдердің ширығуына қандай жағдайлар әсер ететіндігін біле отырып, уақытында көмекке келе алады және өзінің қолдауы мен мәселені шешу жодарын ұсынуға көмек қолын созады.


Жасөспірімдердің академиялық ширығуы

Жасөспірімдердің академиялық ширығуы – кең таралған ширығулардың бірі болып табылады. Ол оқушылардың, ата-аналардың және тіпті өзінің жеке жоғары күтулерінен пайда болатын қысымдардан болады.

Баладан белгілі бір мінез-құлықты, жоғары бағаларды, спорттағы табысты немесе қандайда бір мектептен, колледжден тыс бірлестіктердегі көшбасшылықты, әр түрлі мәртебелі іс-шараларға қатысуды күтеді.

Көбінесе жасөспірімнің жүктемеге шамасы келмейді, демалысқа уақыт таба алмайды және олардың психологиялық жүктемелеріне шаршау мен ұйқысы қанбау себептерінен дене ширығуы қосылады.

Жасөспірімдердің өзіндік бәсекеге қабілетсіздігінен қорқу себептерінен пайда болған ширығуы оның жағымсыз әрекеттермен айналысуына немесе есірткімен өзін-өзі сынауды бастауына әсер етуі мүмкін.

Жасөспірімдердің ширығуы: өзін өзі таныстыру.

 

Жасөспірімдік кезең – бала денесінің ерекше өзгеріске ұшырайтын уақыты. Жыныстық жетілу гормоналдық өзгерістерге әкеледі. Осы жағдайда аз ғана идеалды бейнеге сәйкес келмеу, өз-өзінің ыңғайсыздық мәселелері, икемсіздік, қандайда бір мәртебеліліктің болмауы – қайғылы, жасөспірімдерді ширығуға итермелейді.

Құрдастары жағынан қысым көру.

Жасөспірімдік кезең — көптеген балалардың алкагольдің, есірткінің дәмін тартып көретін, жыныстық қатынасты бастарынан өткізетін уақыты. Отбасылық ережемен жүріп-тұратын тинейджер, құрдастарының жағынан оның «қатал емес», «ботаник» және т.б. қысымшылықты басынан өткізуі мүмкін.

Жасөспірімдердің бір немесе бірнеше рет ширығуы және өзінің жағымсыз іс әрекеттерін жақын адамдарынан жасыруы, психологиялық олқылықтар мен өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің басты себебі болуы мүмкін.

Отбасылық қарым-қатынас.

Өсіп келе жатқан бала өзін тек қана құрдастарының арасында ғана емес, сонымен қатар отбасында өзінің тәуелсіздік шекараларын барлап көреді. Оның мінез-құлқы ата-аналарыныңөз балаларын бақылаудан, оларды қауіпсіз аймақта ұстап тұруға ұмтылуына байланысты жиі түсінбеушілікті тудырады.

Жасөспірімдердің ширығуы жиі ата-аналардың оларды түсінбеушілігінен әрі есейіп кетсе де бала ретінде қабылдауынан пайда болады.

Романтикалық және достық қарым-қатынас.

Ер бала немесе қыз бала жасөспірім кезеңінде алғашқы романтикалық әуестенушілікке тап болады. Алғашқы ұрыстар мен қызғаныштар, бәсекелестік, алғашқы айырылысулар – мұның барлығы да жасөспірімнің ширығу себептерінің бірі болады.

Осы уақытта тинейджер өзінің құрдастарымен жаңа қарым-қатынастар құрады, балалық достық жаңа түрге көшуіне байланысты жан-жалдар пайда болуы мүмкін, алайда жасөспірім мұндай жағдайларды бірден жөнге келтіруді үйрене алмауы мүмкін.

Жасөспірімдердің ширығуының басқа да көздері.

Жасөспірімдердің ширығуына басқа да жағдайлар, атап айтқанда: басқа ауданға,қалаға, елге көшу, басқа мектепке, колледжге ауысуы;

Өте тез немесе тым баяу жыныстық жетілуі;

Отбасындағы жағдайлар, оның ішінде ата-аналардың араздығы, алкаголь және үйдегі зорлық;

Ақшалай қиындықтар;

Жоғары дене және интеллектуалдық жүктемелер себеп боуы мүмкін.

Жаңалық қосты admin1, 2-05-2013, 10:40, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 2550

Ал сіздер өздеріңізді оқуға күштеу керек екенін білесіңдер ме?

         Қызықты студенттік өмір, кешкі қыдырулар, түнгі клубтар, «керексіз» пәндерді оқуға ешқадай да қалауыңыз жоқ. «Ертең емтихан, ал оқуға шамаңыз жоқ. Озіңді күштеп оқыта алмайсың». Сіз осыны жиі ойлайсыз ба? Білім ге деген қиын жолды өтуге сізге не көмсектесе алады? Өзіңзді қалай күштеп оқытуға болады?

         Сіз таң қалуыңыз мүмкін – психологтардың пікірінше өзіңді күштеп оқыту мүмкін емес. Бірақта бұған қарамастан оқытуға ынталандыру әбден мүмкін екендігін айтады. Қалай және немен, талқылап көрейік№ Оқытылатын пәндердің көбі студенттерге керек емес, қажет емес сиақты кеөрінгені соншалықты, олар қандай да бір кішкентай болмасын қалауды жояды. Бірақ бұл жердежақсы жағы – ол оқытылатын пәндердің сан алуандылығы сондай, мамандық иесі болғаннан кейін қай аймақта болмасын жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл сіздің оқуға деген бірінші қозғаушы күшіңіз болсын.

         Психологтар кеңесі: ынталандыру.

alt

Оқуға деген қызығушылық оқу не үшін керек екенін түсінбеген жағдайда тез жоғалады. Әрине оқыған адамның болашағы зор, тағы сондай ойлар біздің санамызда қалыптасқан. Бірақта бұл өте жалпылама болып келеді. Нақты нәрсеге көзімізді жеткізейік. Ең бірінші сізге оқу және оқу орны нақты не бере алады. Жұмысқа қабылдау туралы хабарландыруларды қарастырыңыз – қандай мамандық иелері қажет, олардың жалақысы қандай. Ал мамандығы жоқ жоқ жұмыскерлер қалай жұмыс орнын табаы. Сіздің таңдап алған мамандығыңызға қалай жұмысқа орналасады, оларға қандай жалақы төленеді, олар өз мамандығымен қанағат па, мамандығы бойынша биік лауазымдарға көтерілу мүмкіндігі қандай, осы бағытта дамуыңыз ұшін алып жатқан біліміңіз қаншалықты маңызды екенін біліп алыңыз. Осы жерде барлық түсініксіздіктер артта қалу керек, олай болмаса әрі қарай қарастыру жөн.

         Психологтар кеңесі: оқуға жағдай жасау. Өзіңізге оқуға деген жағдай жасаңыз. Оқу үшін жағымды орта болу керек. Бірақта барлық оқулықтар сізбен бірге төсекте немесе креслода жайғасу деген сөз емес. Бұндай жағдай оқуға емес тез ұйқтап кетуге жағдайдың болуы.  Білім алу үшін жеке бөлме, стол болу керек. Столда керексіз нәрселердің барлығын алып тастаңыз (компьютер, телефон). Кофеге де орын болмауц керек (басқа жерде тамақтанған жөн). Барлық кедергі жасайтын жағадйлар болмауы керек. Егер электро плитаны өшіруге ұмытып кеткен сиақты болсаңыз, барып тексеріп келіңіз. Сіздің санаңыз толығымен білімге бағытталу керек. Егер сізді бір проблема толғандыратын болса, шешімін тауып қана оқуға кірісіңіз. Оқуға бірнеше уақыт бөлгеніңіз жөн, осы уақыт аралығында сізге ештеңе, ешкім кедергі жасамауын өтініңіз. Туысқандарыңызға, достарыңызға осы уақыт аралығында сізді мазамалауыңызды сұраңыз.

         Психологтар кеңесі: мадақтау. Өзіңізге әрбір оқылған пән үшін мадақтау тәсілін тауып алыңыз.

 

alt

Жаңалық қосты admin1, 14-02-2013, 10:23, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 3129
Жаңалық қосты admin1, 12-02-2013, 12:02, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1973

Біз оң өзгеріске және қуанышқа икемделеміз!           

Біздің әрқайсымыздың өмірімізде адамдар: «Сенің қуаныштан жүзің шарқырап тұр» деп айтқан сәттер болған шығар. Кейбіреулер үшін баланың дүниеге келуі «жағады», кейбіреулеріне алғашқы махаббат. Өміріміздің осындай «жарқыраған» сәттерін есімізге алғанды жақсы көреміз. Алайда еске түсіру фотосуреттер сиақты уақыт өте келе өңін кетіреді. Иә біз уақиғаны көреміз, оның әрбір сәтін еске түсіре аламыз, бірақ еске түсіру көбінесе жанымызды «жаға алмайды», жай жылытады.
Сол күйді қалай қайтаруға болады? Әрине біреуге ғашық болуға болады. Өзіңе ұнамды жұмыс орнына орналасуға болады. Көп нәрсе жасауға болады. Ал егер, жақсы көретін адамың болмаса, армандаған жұмыс орнына әлі көп уақыт керек болса, ал бақытты жаныңыз «қазір және осы жерде» қаласа? Онда «махаббат күйін» қалыпта ұстап үйрену қажет. Бұл адамның психикалық қалпы, мұнда адам айналадағыны оң қабылдауға ғана икемделген. Яғни өмірде жақсы жаңалықтар күтсең, резонанс заңы бойынша оны аласың. Ал егер жағымсыз жаңалықтар болса, «неліктен?» немесе «не үшін?» деген сұрақтар емес «бұл не үшін маған берілді?» деген сұрақ қоясың. Осылайша адам түрлі жағдайлардың бастығы бола алады, өйткені өмірдегі қандай да жағадй болмасын оның рухани дамуы үшін қажет.
Адам оң тәжірибе не теріс тәжірибе алмайды. Тәжірибе адам санасын дамытады. Егер түсіндірмені түйсік тіліне аударсақ адам махаббат күйінде айналасындағы дүниеге тура махаббат энергиясын сезеді. Бірақта қалай өз елестетулеріміз бойынша өмірімізді оң жаққа бұруға болады – өз ішімізде махаббат күйін қалыптастырып, сақтап тұру қажет.
МАХАББАТ КҮЙІН ҚАЛАЙ ҚАЛЫПТАСТЫРАМЫЗ
1.      Жайлы отырамыз немесе жатуға болады, маужыраймыз, асықпай демаламыз.
2.      Назарымызды ішке қарай, соғып тұрған жүрек жаққа аударамыз. Сіз өзіңіздің назарыңызды жинақтағанда басқа дыбыстар сізге кедергі жасамайды. Сіздің жүрегіңіз соғып жұмыс атқарып жатқанын анық сезе аласыз. Осы кезде негізгі сіздің түйсігіңіз жүрек соғуы болу керек.
3.      Ауаны терең жұтамыз және шығарамыз, тағыда жұтамыз-шығарамыз. Осындай тыныс алу арқырылы біз сабырлы болып маужыраймыз.
4.      Жүрек соғуы біркелкі болған кезде оны күн нұрын шашып тұрған қалыпқа орналастырыңыз. Көз алдымызға ол жай ғана соғып тұрған жоқ, ол жанып тұр. Бұл нәрсені күннің көзімен немесе жанып тұрған майшам сиақты елестетуге болады. Егер алғашқы сәтте елестету қиын болса, онда майшамның қасында отырғандай сезініңіз, оның шуағын өз жүрегіңізге тартып отырғанын елестетіңіз.
5.      Майшамның шуағын жүрегіңіздің бойына жайыңыз дәне оны кеудеңізге таратыңыз.
6.      Тағы да деа алып оны жүректегі шуақпен шығарумен бірге оны ішімізге, аяғымызға таратамыз. Осылайша денеміздің ішінің барлығы күн шуағына толғанша жасаймыз.
7.       Тыныс алып оны шығарып жүректен шыққан күн шуақтары сіздің денеңізден шығып айналаңызға шуақ шашыңыз. Ішіңіздегі назармен жүректен шыққан шуақпен күн сәулесінен шыққан шауқты қосыңыз. Сіз өзіңіз шуақ бұлағы екеніңізді сезініңіз, сіздің денеңіз шуаққа айналды.
8.      Осы кезде іштей мына сөздерді айтыңыз: «Мен шуақпын. Менде махаббат бар».

Барлық бастауларда сәттілік тілейміз! 

 

Жаңалық қосты admin1, 26-12-2012, 12:03, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 12558
Жаңалық қосты admin1, 26-12-2012, 11:31, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 2348