Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Педагог Жасөспірімдердің ширығуы: себептері
Жаңалық қосты admin1, 22-12-2013, 12:08, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 2027

Жасөспірімдердің ширығуы: себептері

alt

Ширығу көбінде үлкендердің мәселесі болып табылады, бірақ жасөспірімдік жаста да көптеген себептер психологиялық күйге әсер етуі мүмкін. Оқу, спорт және достық қарым-қатынастар – мұның барлығы да жасөспірімнің ширығу себептерін туғызуы мүмкін.

Жасөспірімдердің ширығуы — үлкендердікі сияқты қалыпты құбылыс. Сонымен қатар ол үлкендердікі сияқты із-түзсіз кетіп, немесе күйгелектікке, күйзеліске, өз-өзіне қол жұмсау жағдайларына дейін әкелуі мүмкін.

Үлкендер жасөспірімдердің ширығуына қандай жағдайлар әсер ететіндігін біле отырып, уақытында көмекке келе алады және өзінің қолдауы мен мәселені шешу жодарын ұсынуға көмек қолын созады.


Жасөспірімдердің академиялық ширығуы

Жасөспірімдердің академиялық ширығуы – кең таралған ширығулардың бірі болып табылады. Ол оқушылардың, ата-аналардың және тіпті өзінің жеке жоғары күтулерінен пайда болатын қысымдардан болады.

Баладан белгілі бір мінез-құлықты, жоғары бағаларды, спорттағы табысты немесе қандайда бір мектептен, колледжден тыс бірлестіктердегі көшбасшылықты, әр түрлі мәртебелі іс-шараларға қатысуды күтеді.

Көбінесе жасөспірімнің жүктемеге шамасы келмейді, демалысқа уақыт таба алмайды және олардың психологиялық жүктемелеріне шаршау мен ұйқысы қанбау себептерінен дене ширығуы қосылады.

Жасөспірімдердің өзіндік бәсекеге қабілетсіздігінен қорқу себептерінен пайда болған ширығуы оның жағымсыз әрекеттермен айналысуына немесе есірткімен өзін-өзі сынауды бастауына әсер етуі мүмкін.

Жасөспірімдердің ширығуы: өзін өзі таныстыру.

 

Жасөспірімдік кезең – бала денесінің ерекше өзгеріске ұшырайтын уақыты. Жыныстық жетілу гормоналдық өзгерістерге әкеледі. Осы жағдайда аз ғана идеалды бейнеге сәйкес келмеу, өз-өзінің ыңғайсыздық мәселелері, икемсіздік, қандайда бір мәртебеліліктің болмауы – қайғылы, жасөспірімдерді ширығуға итермелейді.

Құрдастары жағынан қысым көру.

Жасөспірімдік кезең — көптеген балалардың алкагольдің, есірткінің дәмін тартып көретін, жыныстық қатынасты бастарынан өткізетін уақыты. Отбасылық ережемен жүріп-тұратын тинейджер, құрдастарының жағынан оның «қатал емес», «ботаник» және т.б. қысымшылықты басынан өткізуі мүмкін.

Жасөспірімдердің бір немесе бірнеше рет ширығуы және өзінің жағымсыз іс әрекеттерін жақын адамдарынан жасыруы, психологиялық олқылықтар мен өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің басты себебі болуы мүмкін.

Отбасылық қарым-қатынас.

Өсіп келе жатқан бала өзін тек қана құрдастарының арасында ғана емес, сонымен қатар отбасында өзінің тәуелсіздік шекараларын барлап көреді. Оның мінез-құлқы ата-аналарыныңөз балаларын бақылаудан, оларды қауіпсіз аймақта ұстап тұруға ұмтылуына байланысты жиі түсінбеушілікті тудырады.

Жасөспірімдердің ширығуы жиі ата-аналардың оларды түсінбеушілігінен әрі есейіп кетсе де бала ретінде қабылдауынан пайда болады.

Романтикалық және достық қарым-қатынас.

Ер бала немесе қыз бала жасөспірім кезеңінде алғашқы романтикалық әуестенушілікке тап болады. Алғашқы ұрыстар мен қызғаныштар, бәсекелестік, алғашқы айырылысулар – мұның барлығы да жасөспірімнің ширығу себептерінің бірі болады.

Осы уақытта тинейджер өзінің құрдастарымен жаңа қарым-қатынастар құрады, балалық достық жаңа түрге көшуіне байланысты жан-жалдар пайда болуы мүмкін, алайда жасөспірім мұндай жағдайларды бірден жөнге келтіруді үйрене алмауы мүмкін.

Жасөспірімдердің ширығуының басқа да көздері.

Жасөспірімдердің ширығуына басқа да жағдайлар, атап айтқанда: басқа ауданға,қалаға, елге көшу, басқа мектепке, колледжге ауысуы;

Өте тез немесе тым баяу жыныстық жетілуі;

Отбасындағы жағдайлар, оның ішінде ата-аналардың араздығы, алкаголь және үйдегі зорлық;

Ақшалай қиындықтар;

Жоғары дене және интеллектуалдық жүктемелер себеп боуы мүмкін.

dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: Жасөспірімдердің ширығуы: себептері