Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Педагог Сіз психологтың кім екенін, қандай жұмыс істейтінін және қандай мәселелерді шешетіндігін білесіз бе?
Жаңалық қосты admin1, 27-04-2012, 15:59, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 18270

1.Аңыз «Психолог – есі ауысқандармен жұмыс істейтін адам. Психолог пен психиатр дегеніміз бір адам. Бұлар жалған сөз – Шын мәнінде: Психиатр-дәрігер – ол есі ауысқан адамдарды (мысалы, шизофрения) емдеумен айналысатын маман. Сауықтыру барысында дәрілермен емдеу әдісін қолданады»

Психолог – өмірдің әр түрлі қиындықтарына (оқуда, отбасында, қарым-қатынаста, өмірлік жол таңдауда, өзін-өзі дамытуда туындаған мәселелер, жанжалдық жағдайларда және т.б.) тап болған ДЕНІ САУ адамдарға кеңес беруші маман. ПСИХОЛОГ – ДӘРІГЕР ЕМЕС, ДЕНСАУЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ҚАНДАЙ ДА БІР МӘЛІМЕТ БЕРМЕЙДІ ӘРІ ОЛ ЕМДЕМЕЙДІ.

2.Аңыз «Психологқа өз мәселелерін шеше алмайтын тек қана нашар және ақымақ адамдар келеді». Шын мәнінде: Психологқа өмірінен өзгеріс күтетін және дұрыс жол таңдау үшін келеді. Өміріңде қиындықтар туындағанда психолог әр кездед де жаныңнан табылады. Бұл адам кәсіби ақпараттарға ие, бірақ өмірде туындаған барлық сауалдарға жауабы жоқ, өйткені әр адам жеке бір тұлға. Сондықтан психолог тек қана бағыт-бағдар беруші, көмектесуші, ал соңғы шешімді өзің ғана қабылдайсың.

3. Аңыз «Егер де сен колледже психолог көмегіне жүгінетін болсаң – онда мұны бүкіл колледж біледі». Шын мәнінде: Психологтың жұмысндағы негізгі ереже – ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ.      Ешкім де сіздің келісіміңсіз психологқа қандай мәселемен жүгінгеніңізді, сөйлескен әңгімелеріңізді, тіптен психологтан көмек сұрағаныңызды білмейді. Колледжде өткізілетін психологиялық тестілеу қорытындысын тек қана психолог біледі. Сынып жетекшісіне тек қана жалпылама түрдегі мәліметтер (мысалы: топ оқушыларының 70%-ы тестті жоғары көрсеткіштермен орындады, 30%-ы орташа және т.б.) ұсынылады.

Туындаған мәселелер болатын болса психологтың көмегіне жүгіну керек

Оқудағы қиындықтар. Кейбір оқушылар сабақты тиісінше онша жақсы оқымайды. Оған сылтаулар өте көп. Мысалы, есте сақтау қабілеті төмен болуы немесе оқуға деген ынталылықтың жетіспеуі, мүмкін оқытушымен өзара келіспеушілік, бірақ бұның бәрі не үшін керек. Кеңес берген кезде біз басты себеп неде екендігін, оны қалай шешу керектігін анықтаймыз, яғни басқаша айтқанда сабақты жақсы оқуды дамытатын жағдайларды қарастырамыз.

 

Топтағы қарым-қатынас. Кейбір адамдар бөтен адамдармен, тіпті басқа бейтаныс топтармен байланысқа түсіп, емін-еркін араласып кетеді. Керісінше кеибіреулер басқа адамдармен қарым-қатынасқа түскенде қиындықтарға тап болып жатады, ал достарды тапқаннан кейін ғана өзін топта немесе сыныпта емін-еркін сезінеді. Психологтың көмегімен кез келген жағдайда үйлесімді қарым-қатынасқа түсу тәсілдерін меңгеріп, оның жолдарын табуға болады.

Ата-аналармен өзара қарым-қатынас. Кейбір уақытта біз өзімізге ең жақын адамдармен – ата-аналармен ортақ тіл табуды, жылы қарым-қатынасты жоғалтып алып жатамыз. Жанжалдар, түсіністіктің болмауы – балаларға да, ата-аналарға да әдетте ауыр тиеді. Кейбіреулері оның шешімін тауып жатса, басқаларына мұны жасау қиындыққа соғады. Психолог сізге ата-аналармен жаңадан қарым-қатынас құруға, оларды түсінуге тырысып, ата-аналар да сіздерді түсініп, қабылдауға шешім табатын жолдарды айтады.

Өмірлік жолды таңдау. Көбі өзінің болашақ мамандығы мен өздерінің өмір бойы қалай өмір сүретіндіктері туралы ойланады.  Егер де сіз қандай жолмен жүруге сенімсіздік пайда болса, онда сіз әрқашан психологқа жүгінуіңізге болады. Ол сізге өз арманыңызды, мақсатыңызды сезінуге, өз қасиеттеріңізді бағалауға және өмірдің қандай да болмасын саласында осы армандарыңызды іске асыруға, оны түсінуге көмектеседі. 

Өзін-өзі басқару және дамыту. Біздің өміріміз әрқилы әрі қызықты болғандықтан үнемі біз алдымызға бірнеше тапсырмалар қоямыз. Оның көбісі жеке қасиеттер мен дағдыларды, іскерліктерді дамытуға күш пен жігерді талап етеді. Өз өміріңе қожайын болуға үйренуге болады, ол үшін алдыңа дұрыс мақсат қойып оған жете білу қажет. Психолог дегеніміз – даму технологиясы мен сапаға, дағдылар мен іскерлікке ие және оны басқалармен бөлісетін адам.

Психолог туралы тағы да не білуге болады?

Психолог сіз үшін өзіңіздің мәселеңізді шешіп бере алмайды, «рецепт жазбайды». Ол сізге барлық жағдайды түсіндіріп, бірлесе отырып мәселені шешу жолдарын іздейді. Баланың даму жағдайларын тек қана ата-ана ғана өзгерте алады, ұстаздар және басқа да жақын адамдар оған үлкен болып көрінуі мүмкін!!!

Бастапқыда ата-аналарға «колледждік» проблемалар баланың жеке мәселесі болып көрінуі мүмкін, бірақ шын мәнінде ол баланың даму барысында оның санасында қалып қойған отбасылық проблеманың кесірі болуы әбден мүмкін. Мұндай жағдайларда психолог тек қана бір жақты баланың өзімен ғана емес әрі «ата-ана – бала» жұбымен де жұмыс істейді  

Психологпен жұмыс істеу кезінде сіздің балаңыз «пациенттердің» пассивті ұстанымын емес, керісінше белсенді, қызығушылық танытушылар ұстанымын ұстанады.

Психолог құпиялылықты сақтайды, Сізден немесе баладан алған ақпараттарды таратпайды. 

dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: Сіз психологтың кім екенін, қандай жұмыс істейтінін және қандай мәселелерді шешетіндігін білесіз бе?