Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Педагог Сіз өз уақытыңызды дұрыс бөле ала білесіз бе?
Жаңалық қосты admin1, 27-04-2012, 16:01, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 2608

 Қазіргі оқушылардың көбінде бос уақыты болмайды, олардың жұмыс күні үлкендерге қарағанда көбірек. Оқу бағдарламасы тұрақты ойлауды қалыптастыруға есептелінген әрі дамытушылық сипатқа ие. Сонымен қатар балалар көптеген ақпаратты теле бағдарламалардан, журналдардан, бейне материалдардан алады. Бұл оқуға бір уақытта бір жағынан көмектессе екінші жағынан зиянын да тигізеді.

 Көптеген оқушыларда ерте кезден бастап, үй тапсырмаларын жүйелі түрде орындамау, үзіп-үзіп қарау дағдылары қалыптасады. Қалғандарын көшіріп алуға болады! Бірақ материал түсініксіз болады, бұл оның үй тапсырмасын басынан аяғына дейін орындауға құлшыныс танытса да осы жағдайлар бөгет жасайды. Жасөспірімдердің арасында егер сабақтың бәрін дайындайтын болсаң – түнге дейін отыруға болады деген түсінік қалыптасқан. Бірақ олай емес. Бірақ көбі шынында да сабақты түннің бір уағына дейін қарайды. Бірақ бұл сабақтар дұрыс ұйымдастырылмағандықтан өзін тез шаршатады, ұйқысы қанбайды, материал түсініксіз болады.

 Психологтар әр адамның жұмысқа қабілетті ырғағы әр түрлі болатындығын тексерді. Көптеген жағдайда 8-12 сағ. және 16-20 сағ. аралығында жұмыс істеген тиімді, өйткені 12-18сағ. аралығында жұмысқа қабілеттілік бірден төмендеп кетеді. Сондықтан үй тапсырмасын орындауға арналған уақытты дұрыс бөлетін болсақ онда көп отырудың қажеті болмайды. 

 Колледжен оқудан келген соң міндетті түрде демалу керек. Сабақты орындауға сағ. 16-да немесе сағ. 21-де отыру қажет.

 Жұмыс орынын дайындау қажет және уақытша теледидарды, радионы және магнитофонды өшіріп қою керек, өйткені олар ойды жинақтауға кедергі жасайды. Сонымен қатар сызғышты, дәптерді, қарындашты табуға да бөгет болады. Ал алтындай уақытың босқа кетеді.

 Балалар көбірек серуендеуі қажет. 40-50 минут емес, кемінде біржарым екі сағат. Жақсысы теле бағдарламаларды көру, детективті оқулықтарды оқу уақытын қысқартқан жөн.

 Үйірмелер мен қосымша секцияларға қатысып жүрген балалардың бос уақыты аз болып көрінеді. Бірақ олардың демалуға, басқа іспен айналысуына мүмкіндіктері бар.

 Ақыл-ой мен дене шынықтыру жұмыстарын кезекпен ауыстырып отырған жақсы. Жасөспірімдерді ерекше рахатқа бөлейтін ол шығармашылық жұмыс. Әрі ол жақсы демалыс та болады.

 Егер жеткіншек өзін шектен тыс жүктелген деп ойлайтын болса онда ол отырып өзінің күнделікті жұмыс жоспарын жазсын. Осыдан соң ол өзінің қанша уақытты құр өткізгендігін біліп, оны дұрыс үнемдеуге тырысады. Үй тапсырмасын орындауға даярлық дұрыс ұйымдастырылатын болса онда 2,5-3,5 сағат та жеткілікті

Мұның осылай болатынына көзіңді жеткіз, қиын емес. Өзіңді сынап көр!

dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: Сіз өз уақытыңызды дұрыс бөле ала білесіз бе?