Мүмкін қиын жағдайға байланысты, Сіз стресстен туындаған физикалық белгілерге тап болуыңыз мүмкін. Мысалға: шаршау, бас ауру, асқазан бұзылысы, бұлшықет кернеуі, тәбеттің жоғалуы (немесе, керісінше стрессті асыра пайдаланып тамақтану).
Немесе Сіз өзіңіздегі тітіркену, ашу, жүйке және энергияның жетіспеушілігі сияқты психологиялық белгілерді байқайсыз ба?
Бақымызға орай, таңқаларлықтай тез жұмыс істейтін стрессті жеңідің қарапайым тәсілдері бар. Оларды қиын жағдайда тыныштық орнату үшін пайдалаңыз.
Балаларыңызды сөзбен сөйлесуге және олармен жұмыс кезінде түсінікпен қарауға шақырыңыз. Бұл дегеніміз кеңейтілген жауапты көздейтін ашық сұрақтар, мәселелерді әсірелемеу немесе олардан қашқақтамау, сіздің эмоцияларыңыз баланың сезімдеріне сәйкес келуі және әңгімелесу барысында жағымды жаққа, мәселені түсіну жағына қарай өзгеріп отыруы тиіс. Балалардың нені білетінін және қалай қабылдайтынын біліп алыңыз.
Әдетте балалар өздерінің сезімдерін түсіну мен қолдану ортасында білдірген жағдайда жеңілдейді. Әрбір баланың өз эмоциялары мен қиындықтарын білдіруінің өзіндік тәсілі болады. Көбінесе балалар сезімдерін ойын, сурет салу арқылы білдіреді, балаларға ашу, қорқыныш немесе қайғыру секілді үрейлі сезімдерді білдірудің ашық тәсілдерін табуға көмектесіңіз.
Балаға жайлы жағдай туғызу. Дағдарыс кезінде реакцияларыңызға міндетті түрде бақылау жасау қажет, балалар ересектердің эмоциялары мен эмоциялық көріністерін өте жіті бақылайды. Ересектер балалармен шынайы жанға жайлы байланыстарды орнатып, оларды қалай жақсы көретінін, бағалайтынын, мақтан тұтатынын үнемі айтып отыру керек. Олардың қауіпсіздікте екенін әрдайым көрсетіп отыру қажет.
Мүмкін болса, өмірдің үйреншікті қалпын сақтаңыз және/немесе жаңа жағдайда жаңа өмір салтын құруға көмектесіңіз. Үйреншікті өмір сүру салты негізгі өмірлік физиологиялық қажеттіліктер бойынша ұстануы тиіс: ұйқы, тамақтану және т.б. Өмір ағымындағы өзгерістер туралы, өзін қалай қауіпсіз ұстау керектігі жөнінде қарапайым түрде түсіндірілуі тиіс, балалардың көзінше орын алып жатқан жағдайлар туралы жалған сөздер мен қауесеттерден аулақ болыңыз. Дегенмен, сіз баяндайтын ақпарат шынайы болуы тиіс, баланың жасына сәйкес келетін тілде сөйлеңіз, олардың әрекетін бақылаңыз, олардың неге мазасызданатынына көңіл бөліңіз. Егер сіз оларадың сұрақтарына жауап бере алмасаңыз, ойдан құрастырмаңыз. Мұны жауаптарды бірге табудың мүмкіндігі ретінде пайдаланыңыз. Интернеттегі кейбір ақпараттың сенімді еместігін, ең дұрысы сарапшыларға немесе ресми ресурстарға сенім арту керектігін түсіндіріңіз.
Әр түрлі жағымды оқиғалар туралы сөйлесіңіз.Адамдардың қайырымдылық пен жомарттықты көрсете отырып, бір-біріне көмектесетінін білу балалар үшін маңызды. Ауру өршуін тоқтату және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатқан денсаулық сақтау қызметкерлері, ғалымдар және жастар туралы оқиғалармен бөлісіңіз. Жанашыр адамдардың іс - шараларды қолға алып жатқанын білу үлкен жұбаныш болады.
Өзіңізге қамқорлық жасаңыз.Сіз өзіңізге қамқор бола білсеңіз, балаларыңызға жақсырақ көмектесе аласыз. Балалар сіздің жаңалықтарды қалай қабылдап жатқаныңызды өздері-ақ түсінеді, сіздің сабыр сақтап, жағдайды бақылауға алуыңыз оларға көмектеседі. Егер сіз мазасыздық сезінсеңіз немесе көңіліңіз құлазыса, өзіңіз үшін уақыт тауып, отбасының басқа мүшелерінің, достарыңыздың және сіздің айналаңыздағы сенімді адамдардың көмегіне жүгініңіз. Демалып, күш-қуатты қалпына келтіру үшін уақыт табыңыз.
Есіңізде болсын! Егер Сіз ешқандай шара қолданбасаңыз, күйзеліс денсаулыққа, сонымен қатар депрессияға, мазасыздықтың дәріге тәуелділіктің, маскүнемдіктің пайда болуына әкелуі мүмкін.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағаты» қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы ғалым, ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсаринге арналды.
Қазақ даласында білімнің шырағын жаққан Ыбырай Алтынсарин бар ғұмырын қазақ балаларын оқыту жолында өткізген.
Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, ана тілімізде оқулық жазған.
Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын «Қазақ христоматиясының» алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған.
Қазақ жастары арасында білім беруді дамытудың маңыздылығын Алтынсарин өзінің басқа да көптеген шығармаларында сипаттаған.
Олардың қатарына «Өсиет өлеңдер», «Әй, жігіттер» сияқты тағы да басқа туындыларын жатқызуға болады. Бұл өлеңдерінде биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық-қарлықты, астамсу, әділетсіздікті сынап, еңбексіздікті, ескілікті салттардың зияндығын көрсетіп, адал еңбектің адамгершілік мінез-құлықтың артықшылықтарын бейнелейді.
«Кел, балалар, оқылық» өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып, білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды.
Ы. Алтынсариннің шығармалары бүгінгі күнге дейін заманауи білім беру жүйесінің негізі болып табылады.
Жазушының адамгершілік туралы идеялары эстетикалық тәрбиемен байланыста, бірімен-бірі ұштастырыла суреттеліп отырады.
Қазақ даласына азаттық идеясы тарай бастаған тұста жаңа поэзияның бастаушысы, білімнің көшбасшысы, алғашқы ұстазы болып Ыбырай Алтынсарин қашан да тарих биігінде тұра берері хақ.
Ұлт ұстазы біздің тарихымызда өшпес із қалдырды. Оның арманы – халықтың гүлденген болашағына нық сеніммен қарайтын білімді жастар болды.
Мүмкін қиын жағдайға байланысты, Сіз стресстен туындаған физикалық белгілерге тап болуыңыз мүмкін. Мысалға: шаршау, бас ауру, асқазан бұзылысы, бұлшықет кернеуі, тәбеттің жоғалуы (немесе, керісінше стрессті асыра пайдаланып тамақтану).
Немесе Сіз өзіңіздегі тітіркену, ашу, жүйке және энергияның жетіспеушілігі сияқты психологиялық белгілерді байқайсыз ба?
Бақымызға орай, таңқаларлықтай тез жұмыс істейтін стрессті жеңідің қарапайым тәсілдері бар. Оларды қиын жағдайда тыныштық орнату үшін пайдалаңыз.
Балаларыңызды сөзбен сөйлесуге және олармен жұмыс кезінде түсінікпен қарауға шақырыңыз. Бұл дегеніміз кеңейтілген жауапты көздейтін ашық сұрақтар, мәселелерді әсірелемеу немесе олардан қашқақтамау, сіздің эмоцияларыңыз баланың сезімдеріне сәйкес келуі және әңгімелесу барысында жағымды жаққа, мәселені түсіну жағына қарай өзгеріп отыруы тиіс. Балалардың нені білетінін және қалай қабылдайтынын біліп алыңыз.
Әдетте балалар өздерінің сезімдерін түсіну мен қолдану ортасында білдірген жағдайда жеңілдейді. Әрбір баланың өз эмоциялары мен қиындықтарын білдіруінің өзіндік тәсілі болады. Көбінесе балалар сезімдерін ойын, сурет салу арқылы білдіреді, балаларға ашу, қорқыныш немесе қайғыру секілді үрейлі сезімдерді білдірудің ашық тәсілдерін табуға көмектесіңіз.
Балаға жайлы жағдай туғызу. Дағдарыс кезінде реакцияларыңызға міндетті түрде бақылау жасау қажет, балалар ересектердің эмоциялары мен эмоциялық көріністерін өте жіті бақылайды. Ересектер балалармен шынайы жанға жайлы байланыстарды орнатып, оларды қалай жақсы көретінін, бағалайтынын, мақтан тұтатынын үнемі айтып отыру керек. Олардың қауіпсіздікте екенін әрдайым көрсетіп отыру қажет.
Мүмкін болса, өмірдің үйреншікті қалпын сақтаңыз және/немесе жаңа жағдайда жаңа өмір салтын құруға көмектесіңіз. Үйреншікті өмір сүру салты негізгі өмірлік физиологиялық қажеттіліктер бойынша ұстануы тиіс: ұйқы, тамақтану және т.б. Өмір ағымындағы өзгерістер туралы, өзін қалай қауіпсіз ұстау керектігі жөнінде қарапайым түрде түсіндірілуі тиіс, балалардың көзінше орын алып жатқан жағдайлар туралы жалған сөздер мен қауесеттерден аулақ болыңыз. Дегенмен, сіз баяндайтын ақпарат шынайы болуы тиіс, баланың жасына сәйкес келетін тілде сөйлеңіз, олардың әрекетін бақылаңыз, олардың неге мазасызданатынына көңіл бөліңіз. Егер сіз оларадың сұрақтарына жауап бере алмасаңыз, ойдан құрастырмаңыз. Мұны жауаптарды бірге табудың мүмкіндігі ретінде пайдаланыңыз. Интернеттегі кейбір ақпараттың сенімді еместігін, ең дұрысы сарапшыларға немесе ресми ресурстарға сенім арту керектігін түсіндіріңіз.
Әр түрлі жағымды оқиғалар туралы сөйлесіңіз.Адамдардың қайырымдылық пен жомарттықты көрсете отырып, бір-біріне көмектесетінін білу балалар үшін маңызды. Ауру өршуін тоқтату және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатқан денсаулық сақтау қызметкерлері, ғалымдар және жастар туралы оқиғалармен бөлісіңіз. Жанашыр адамдардың іс - шараларды қолға алып жатқанын білу үлкен жұбаныш болады.
Өзіңізге қамқорлық жасаңыз.Сіз өзіңізге қамқор бола білсеңіз, балаларыңызға жақсырақ көмектесе аласыз. Балалар сіздің жаңалықтарды қалай қабылдап жатқаныңызды өздері-ақ түсінеді, сіздің сабыр сақтап, жағдайды бақылауға алуыңыз оларға көмектеседі. Егер сіз мазасыздық сезінсеңіз немесе көңіліңіз құлазыса, өзіңіз үшін уақыт тауып, отбасының басқа мүшелерінің, достарыңыздың және сіздің айналаңыздағы сенімді адамдардың көмегіне жүгініңіз. Демалып, күш-қуатты қалпына келтіру үшін уақыт табыңыз.
Есіңізде болсын! Егер Сіз ешқандай шара қолданбасаңыз, күйзеліс денсаулыққа, сонымен қатар депрессияға, мазасыздықтың дәріге тәуелділіктің, маскүнемдіктің пайда болуына әкелуі мүмкін.
«Өзін-өзі тану және психология апталығы» онкүндігі аясында 04.02-12.04.2021ж.ж. аралығында рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту, студенттерді өзара көмекке, зейінділікке, қайырымдылық пен жанашырлыққа тарту мақсатында «Асыл жүрек» фотокөрмесі өткізілді. Шараға 1-4 курстың барлық студенттері белсенді қатысты. Байқау нәтижесі бойынша 1 орын ЛП 17-9-1; 2 орын өзара ЛП 19-9-1 және ЭМОП 20-9-1 бөлісті; 3 орынды ЭМОП 19-9-1 және ТОРА 19-9-1 топтары иеленді.
2021 жылдың 10 ақпанында бірінші курстардың ата-аналарын психо-профилактикалық ағарту, салауатты өмір салтын насихаттау арқылы жасөспірімдер мен жастар арасында тәуелді (ойын мен компьютерге) мінез-құлықтың қалыптасуының алдын алу мақсатында колледж психологының ата-аналармен «Интернет желісіндегі жасөспірімдердің қауіпсіз мінез-құлқы» тақырыбында бірінші курс студенттерінің ата-аналары арасында кездесуі өтті.
Ата-аналар онлайн кездесуде интернет-тәуелділік белгілерімен, кибербуллинг ұғымымен, интернет-технологиялар көмегімен іске асырылатын және қорлау, бопсалау, қорқыту, жала жабу, қысым көрсету түрінде түрлі нысандарда көрініс табатын тәсілдермен танысты. Сондай-ақ, сұрақтар қарастырылып, ата-ананың «тәуелділікке қарсы» көзқарастарды қалыптастырудағы рөлі, интернеттегі баланың мінез-құлқы үшін жеке жауапкершілікті қалыптастыру үшін қажетті психологиялық дағдыларды дамыту туралы ұсыныстар берілді.
Егер ата-аналар баласының мінез-құлық және эмоционалды саласындағы өзгерістерді тапса, кімге және қайда көмек сұрау туралы ақпарат алды.