"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 11-02-2021, 16:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 288

 

Павлодар машина жасау колледжінде

«Интернеттегі жасөспірімдердің қауіпсіз мінез-құлқы»

тақырып бойынша онлайн – кездесу

 

http://www.pmk-kolledg.edu.kz/kaz/uploads/120221sp6.jpg

 

 

 

 

    2021 жылдың 10 ақпанында бірінші курстардың ата-аналарын психо-профилактикалық ағарту, салауатты өмір салтын насихаттау арқылы жасөспірімдер мен жастар арасында тәуелді (ойын мен компьютерге) мінез-құлықтың қалыптасуының алдын алу мақсатында колледж психологының ата-аналармен «Интернет желісіндегі жасөспірімдердің қауіпсіз мінез-құлқы» тақырыбында бірінші курс студенттерінің ата-аналары арасында кездесуі өтті.

 

  Ата-аналар онлайн кездесуде интернет-тәуелділік белгілерімен, кибербуллинг ұғымымен, интернет-технологиялар көмегімен іске асырылатын және қорлау, бопсалау, қорқыту, жала жабу, қысым көрсету түрінде түрлі нысандарда көрініс табатын тәсілдермен танысты. Сондай-ақ, сұрақтар қарастырылып, ата-ананың «тәуелділікке қарсы» көзқарастарды қалыптастырудағы рөлі, интернеттегі баланың мінез-құлқы үшін жеке жауапкершілікті қалыптастыру үшін қажетті психологиялық дағдыларды дамыту туралы ұсыныстар берілді.

 

                   Егер ата-аналар баласының мінез-құлық және эмоционалды саласындағы өзгерістерді тапса, кімге және қайда көмек сұрау туралы ақпарат алды.

 

 

 

 

 

Педагог-психолог:   Сарсекеева Ш.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңалық қосты admin1, 11-02-2021, 10:01, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 317

Интернет құрбандарына кімдер ілігеді?

http://www.pmk-kolledg.edu.kz/kaz/uploads/120221-sp3.jpg

 

Ғаламтор бұзақыларының құрығына кез келген бала ілігуі мүмкін. Кейбір
балалар мектепте тым қатыгездік танытады. Олар өздерінің қылығын ерсі деп
санамайды да. Өкінішке қарай, өз замандастарының мазағына айналған
балалар әр сыныпта кездеседі. Егер бұрын бұзақылардың әрекеті жеке басқа
тиісу, келемеждеумен шектелсе, қазір жағдай әлдеқайда күрделене түсті.
Кибербұзақылар өз құрбандарын тек желіде, компьютерде отырып аңдиды
деу – қате түсінік. Керісінше, қазір жеткіншектер ұялы телефонның күшін
асыра пайдаланады. «Құрбандарын» келемеждеп видеоға түсіру, оны желіге
салу, өз араларында тарату белең алды. Әрі қазіргі телефонда қажеттінің бәрі
бар, өзі шағын, жасыруға да ыңғайлы.

Өзге замандасынан қорлық көрген бала бұл туралы ешкімге тіс жарғысы
келмейді. Тіпті тәрбиелі отбасынан шыққан баланың өзі әке-шешесіне қанша
сенім артса да айтқысы келмейді. Ата-анам алдындағы «беделіме» нұқсан
келеді, мені әлжуаз деп санайды деп намыс көреді. Әсіресе ересектеу бала
өзгенің мазағына айналса, қиын. Ол болған жайды отбасынан жасырып қана
қоймай, мінез-құлқына да өзгеріс кіріп, құрдастарымен араласудан
қашқақтап, өзімен өзі тұйықтала түседі.

 

http://www.pmk-kolledg.edu.kz/kaz/uploads/120221-sp5.jpg

 

Сонымен, баланың интернет құрбаны болғанын қалай білеміз?

  1.       Мазасыздану. Өмірінде қандай да бір жайсыздық болса, ең сабырлы деген баланың өзі мазасызданып, берекесі кетеді. Оны ата-ана байқамауы мүмкін емес. Күйзелу, мектепке барғысы келмеу – баланың өмірінде бір жайсыздық болғанының басты белгісі;
  2.       Интернетке жоламай кету. Егер балаңызғаламторды, желіні белсенді пайдаланып жүріп, аяқ астынан жоламай кетсе, онда міндетті түрде себебін анықтаңыз. Әдетте балалар компьютердің алдында уақыт өткізгенді жақсы көреді. Олардың интернетке жоламай кетуі – сирек кездесетін құбылыс. Ал аяқ астынан, ешкім тыйым салмай-ақ, ғаламторды ашпай кетсе, онда бір гәптің болғаны деп ұғыныңыз.
  3.       Жаңа хабарлама келген кезде күйгелектену. Бала телефонына келіп жатқан хабарламалардың даусынан мазасызданып, өзін біртүрлі сезінсе, атаанасы оған бей-жай қарамау керек. Хабарламалар балаңыздың көңіл-күйін түсірсе, міндетті түрде оның телефонын тексеріңіз. Бұл әрекет этика ережелеріне қайшы келгеніне қарамастан, әрбір ата-ана баласына не болып жүргенін білуге міндетті.

 

Жаңалық қосты admin1, 11-02-2021, 09:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 313

 

 

                                                  ҰСЫНЫСТАР
                       Интернеттегі қауіпсіз жұмысты ұйымдастыру туралы
                                 ата-аналар мен жасөспірімдерге арналған

 

    

  1.       Компьютерді ортақ бөлмеде орналастырыңыз
  2.       Жиі кіретін сайттардың мекен-жай көрсетілген «Таңдаулылар» тізімін жасаңыз
  3.       Балаға пайдаланушылық құқықтары шектелген тіркеулік жазба ашыңыз
  4.       Балаға желідегі құпиялық ережелерін үйретіңіз
  5.       Балаға қауіпсіз кілтсөздер ойлап табуды үйретіңіз
  6.       Балаға желідегі алаяқтар мен қылмыскерлер туралы айтып беріңіз
  7.       Виртуалды таныстарымен кездесуге қатаң тыйым салыңыз. Ондай кездесудің қандай қауіпті болатынын түсіндіріңіз
  8.       Ата-аналық бақылау бағдарламаларын орнатыңыз
  9.       Веб-контентті сүзгілеу бағдарламаларын пайдаланыңыз
  10.   Ұнамсыз контентті бұғаттау құралдарын қолданыңыз
  11.   Компьютерде жұмыс жасау уақытын шектейтін бағдарламаны орнатыңыз

Бейнесюжет: «Ғаламтор желісінде қауіпсіз жұмыс жасауды ұйымдастыру жөнінде ата-аналарға арналған ұсынымдар»  

 

 

 

 

 

БАЛАНЫҢ СЕНІМІНЕ КІРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒАЛАМТОРДАҒЫ

ІСТЕРІНЕН ХАБАРДАР БОЛУ

 

 

http://www.pmk-kolledg.edu.kz/kaz/uploads/120221-sp-2.jpg

 

 

 

  1.       Баланың сүйіп тыңдайын 5 музыкалық тобын білу, бірге тыңдау және сынға алмау керек
  2.       Баланың 5 сүйікті бейнеблогерлерін білу, бірге қарау, өзіңізді сүйікті блогерлеріңізге сілтемелермен бөлісу керек
  3.       Балаңыз тіркелген әлеуметтік желілерде өзара «френд» болу керек. Хабарлама, фотосурет, сілтеме алмасу керек
  4.       Оның парақшасының және оның достарының парақшаларын сынға алмау керек
  5.       Балаға оның алған әсерлері, ойлары мен эмоциялары сізге шынымен қызықты екенін көрсету керек
  6.       Балаңыздың достары үйіңізге жиі қонаққа келіп тұруы тиіс
  7.       Баламен өмірдің мәні, ішкі еркіндік, өз жолын өзі таңдау құқығы сияқты балалардан гөрі ересектерге жақын тақырыптарда әңгімелесу керек
  8.       Түрлі мәселелерге қатысты кеңесі мен пікірін сұрау, онымен дос ретінде жаңалықтармен бөлісу керек
  9.       Өзіңіздің жасөспірімдік шағыңыз турады және сол кездегі қиындықтарыңыз туралы айтып беру керек

 Ғаламтор желісіндегі мінез-құлық туралы жасөспірімдердің ата-аналарына арналған кеңестер»