"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 18-02-2021, 18:26, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 410

http://pmk-kolledg.edu.kz/rus/uploads/180221-emblema.jpghttp://pmk-kolledg.edu.kz/rus/uploads/pismo-erg-12.jpg

 

17 ақпан күні біздің колледждің 4 курс студенттері «Қазақстан алюминийі» АҚ Президенті Романов Роман Сергеевичпен «ERG-мен болашақ» тақырыбында онлайн-кездесуге белсене қатысты. Іс-шара жылы және достық жағдайда өтті. Балалар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды: аталған кәсіпорында жұмысқа орналасу, түрлі әлеуметтік бағдарламалар, жас мамандарға арналған корпоративтік бағдарламалар, компания қаражаты есебінен оқыту, тұрғын үй бағдарламасын іске асыру және т.б.
Белсенді қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ инженерлік-педагогикалық ұжымға жоғары білікті мамандарды дайындағаны үшін алғыс білдірілді.

 

http://pmk-kolledg.edu.kz/rus/uploads/180221-veb-kon.jpg



 

 

 

Жаңалық қосты admin1, 18-02-2021, 17:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 512

«Өзін-өзі тану және психология апталығы»

 

2021 жылғы 4-17 ақпан аралығында Павлодар машина жасау колледжінде өзін-өзі тану және психология апталығы өткізілді. 1-4 курстың барлық студенттері белсенді қатысты.

Апта бойы "психология" ғылымы, "өзін-өзі тану" пәні туралы білімді кеңейту мақсатында, адам өміріндегі психологиялық білімнің рөлі мен орны туралы «Отбасы адамгершілік пен руханилықтың қайнар көзі» тақырыбында ата-аналармен және білім алушылармен, сондай-ақ «ПОЦПД 3» КМҚК жанындағы медициналық-психологиялық қызмет психологы С.Г. Шиманмен бірлесіп, педагогтармен, ата-аналармен және білім алушылармен «Жанжалдар, жанжалды жағдайдан шығу жолдары» және «Жасөспірімдердің психикалық денсаулығы» тақырыбында онлайн вебинар өткізді.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторды шақыруымен «Қауіпсіз интернет» тақырыбында семинар өткізілді, онда әлеуметтік желілерде жеке жарияланымдарды орналастыру кезінде жасөспірімдерге өз мінез-құлқын басқару бойынша кеңестер мен ұсынымдар берілді.

Аптаның соңы қорытынды шығарумен және «Асыл жүрек» фотокөрмесінің жеңімпаздарын марапаттаумен аяқталды.

«Өзін-өзі тану және психология» апталығын өткізуге қатысқандарға үлкен алғысымызды білдіреміз. Бұл барлық топтардың кураторлары және студенттер. Дағдарыс орталығының психологы Шиман Светлана Геннадьевнаға және МЮП инспекторы, полиция аға лейтенанты М. Н. Карамурзиноваға жеке алғысымызды білдіреміз.

 

 

http://pmk-kolledg.edu.kz/rus/uploads/180221sp.jpg

 

Жаңалық қосты admin1, 18-02-2021, 10:07, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 204

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ АҒАРТУШЫСЫ ТУРАЛЫ

 

АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағаты» қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы ғалым, ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсаринге арналды.

 

Қазақ даласында білімнің шырағын жаққан Ыбырай Алтынсарин бар ғұмырын қазақ балаларын оқыту жолында өткізген.

 

Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, ана тілімізде оқулық жазған.

 

Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын «Қазақ христоматиясының» алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған.

 

Қазақ жастары арасында білім беруді дамытудың маңыздылығын Алтынсарин өзінің басқа да көптеген шығармаларында сипаттаған.

 

Олардың қатарына «Өсиет өлеңдер», «Әй, жігіттер» сияқты тағы да басқа туындыларын жатқызуға болады. Бұл өлеңдерінде биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық-қарлықты, астамсу, әділетсіздікті сынап, еңбексіздікті, ескілікті салттардың зияндығын көрсетіп, адал еңбектің адамгершілік мінез-құлықтың артықшылықтарын бейнелейді.

 

«Кел, балалар, оқылық» өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып, білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды.

 

Ы. Алтынсариннің шығармалары бүгінгі күнге дейін заманауи білім беру жүйесінің негізі болып табылады.

 

Жазушының адамгершілік туралы идеялары эстетикалық тәрбиемен байланыста, бірімен-бірі ұштастырыла суреттеліп отырады.

 

Қазақ даласына азаттық идеясы тарай бастаған тұста жаңа поэзияның бастаушысы, білімнің көшбасшысы, алғашқы ұстазы болып Ыбырай Алтынсарин қашан да тарих биігінде тұра берері хақ.

 

Ұлт ұстазы біздің тарихымызда өшпес із қалдырды. Оның арманы – халықтың гүлденген болашағына нық сеніммен қарайтын білімді жастар болды.

 

 

 

 

 

Жаңалық қосты admin1, 18-02-2021, 10:04, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 399

ЖАДНАМА

СТРЕССТІ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ МНЕ ТӘСІЛДЕРІ

 

http://pmk-kolledg.edu.kz/rus/uploads/sp-12.jpg

 

Мүмкін қиын жағдайға байланысты, Сіз стресстен туындаған физикалық белгілерге тап болуыңыз мүмкін. Мысалға: шаршау, бас ауру, асқазан бұзылысы, бұлшықет кернеуі, тәбеттің жоғалуы (немесе, керісінше стрессті асыра пайдаланып тамақтану).

Немесе Сіз өзіңіздегі тітіркену, ашу,  жүйке және энергияның жетіспеушілігі сияқты психологиялық белгілерді байқайсыз ба?

Бақымызға орай, таңқаларлықтай тез жұмыс істейтін стрессті жеңідің қарапайым тәсілдері бар. Оларды қиын жағдайда тыныштық орнату үшін пайдалаңыз.

  1.                   Балаларыңызды сөзбен сөйлесуге және олармен жұмыс кезінде түсінікпен қарауға шақырыңыз. Бұл дегеніміз кеңейтілген жауапты көздейтін ашық сұрақтар, мәселелерді әсірелемеу немесе олардан қашқақтамау, сіздің эмоцияларыңыз баланың сезімдеріне сәйкес келуі және әңгімелесу барысында жағымды жаққа, мәселені түсіну жағына қарай өзгеріп отыруы тиіс. Балалардың нені білетінін және қалай қабылдайтынын біліп алыңыз.
  2.                   Әдетте балалар өздерінің сезімдерін түсіну мен қолдану ортасында білдірген жағдайда жеңілдейді. Әрбір баланың өз эмоциялары мен қиындықтарын білдіруінің өзіндік тәсілі болады. Көбінесе балалар сезімдерін ойын,  сурет салу арқылы білдіреді, балаларға ашу, қорқыныш немесе қайғыру секілді үрейлі сезімдерді білдірудің ашық тәсілдерін табуға көмектесіңіз.
  3.                   Балаға жайлы жағдай туғызу. Дағдарыс кезінде реакцияларыңызға міндетті түрде бақылау жасау қажет, балалар ересектердің эмоциялары мен эмоциялық көріністерін өте жіті бақылайды. Ересектер балалармен шынайы жанға жайлы байланыстарды орнатып, оларды қалай жақсы көретінін, бағалайтынын, мақтан тұтатынын үнемі айтып отыру керек. Олардың қауіпсіздікте екенін әрдайым көрсетіп отыру қажет.
  4.                   Мүмкін болса, өмірдің үйреншікті қалпын сақтаңыз және/немесе жаңа жағдайда жаңа өмір салтын құруға көмектесіңіз. Үйреншікті өмір сүру салты негізгі өмірлік физиологиялық қажеттіліктер бойынша ұстануы тиіс: ұйқы, тамақтану және т.б. Өмір ағымындағы өзгерістер туралы, өзін қалай қауіпсіз ұстау керектігі жөнінде қарапайым түрде түсіндірілуі тиіс, балалардың көзінше орын алып жатқан жағдайлар туралы жалған сөздер мен қауесеттерден аулақ болыңыз. Дегенмен, сіз баяндайтын ақпарат шынайы болуы тиіс, баланың жасына сәйкес келетін тілде сөйлеңіз, олардың әрекетін бақылаңыз, олардың неге мазасызданатынына көңіл бөліңіз. Егер сіз оларадың сұрақтарына жауап бере алмасаңыз, ойдан құрастырмаңыз. Мұны жауаптарды бірге табудың мүмкіндігі ретінде пайдаланыңыз. Интернеттегі кейбір ақпараттың сенімді еместігін, ең дұрысы сарапшыларға немесе ресми ресурстарға сенім арту керектігін түсіндіріңіз.
  5.                   Әр түрлі жағымды оқиғалар туралы сөйлесіңіз.Адамдардың қайырымдылық пен жомарттықты көрсете отырып, бір-біріне көмектесетінін білу балалар үшін маңызды. Ауру өршуін тоқтату және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатқан денсаулық сақтау қызметкерлері, ғалымдар және жастар туралы оқиғалармен бөлісіңіз. Жанашыр адамдардың іс - шараларды қолға алып жатқанын білу үлкен жұбаныш болады.  
  6.                   Өзіңізге қамқорлық жасаңыз.Сіз өзіңізге қамқор бола білсеңіз, балаларыңызға жақсырақ көмектесе аласыз. Балалар сіздің жаңалықтарды қалай қабылдап жатқаныңызды өздері-ақ түсінеді, сіздің сабыр сақтап, жағдайды бақылауға алуыңыз оларға көмектеседі.
    Егер сіз мазасыздық сезінсеңіз немесе көңіліңіз құлазыса, өзіңіз үшін уақыт тауып, отбасының басқа мүшелерінің, достарыңыздың және сіздің айналаңыздағы сенімді адамдардың көмегіне жүгініңіз. Демалып, күш-қуатты қалпына келтіру үшін уақыт табыңыз.

 

Есіңізде болсын! Егер Сіз ешқандай шара қолданбасаңыз, күйзеліс денсаулыққа, сонымен қатар депрессияға, мазасыздықтың дәріге тәуелділіктің, маскүнемдіктің пайда болуына әкелуі мүмкін.

 

Жаңалық қосты admin1, 18-02-2021, 10:01, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 180

Дүйсенбі           15.00 - 18.00

 

Сәрсенбі           15.00 - 18.00