"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 8-04-2020, 14:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 403
Жаңалық қосты admin1, 8-04-2020, 09:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 966

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНЕН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

 

      Бүгінгі таңда Қазақстан аумағына діни радикализм мен экстремизмнің енуі мен тарауы ең күрделі проблемаға айналып, өзекті мәселе болып қалуда.

      Діни экстремизм мен  терроризм әрбір мемлекеттің ұлттық қорғалу мүддесі деңгейінің тәуелділігін арттырып, әлемдік мәндегі проблемаға айналды.

      Діни экстремизм Республиканың тәуеліздігіне, оның қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпке үлкен зиянын тигізеді. Ол-ол ма, экстремизм конституциялық қоғамды жою немесе жағдайды ушықтыру мақсатында  көбінде дінді пайдаланады.

      Экстремизм (латынша ехtremus –барып тұрған ең дарақы)  әдетте, саясатта барып тұрған ең дарақы көзқарастар мен шараларды ұстанатын категория, яғни, басқа этносты, әлеуметтік қабатты немесе топты, жекелеген саясаткерлерді, діни топты немесе қауымдастықты немесе мемлекетті негіздеуге және оны жүзеге асыруға құрылған саясат. Жалпы алғанда ол ең дарақы көзқарастарды ұстанатын, сондықтан қоғамдағы тәртіп нормаларына аса қатерлі саясат деп сипатталады.

      Діни негіздегі экстремизм—бұл діндегі ең дарақы көзқарастар мен іс-әрекеттерге бару деген сөз. Мұндай экстремизмнің негізін зорлау, дабырашылдықпен ұштасатын ең төмен сатыдағы мейірімсіздік пен агрессия құрайды.

      ХХІ-ғасырдың басында ол ұлттық қауіпсіздікке, сондай-ақ мемлекеттің тұтастығына қауіп төндірумен қатар, жалпы әлемдік проблемаға айналды.

     Өкінішке орай, терроризм мен экстремизм біздің мемелекетті де айналып өтпеді. Мысалы, Қазақстан аумағында да террорлық актілер болып, жаңалықтардан біздер кезекті экстремистік діни топтың ашылғанын және қызметінің тоқтатылғанын жиі еститін болдық.

     Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан 2050 стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын Жолдауында ең маңызды міндеттердің бірі ретінде радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен байқалуына қарсы іс-әрекеттер қолдану қажеттілігі  айтылды.

     Бұған қоса, діни экстремизмнің алдын-алуды күшейту, әсіресе бұл жұмысты жастар арасында кеңінен жүргізу, сондай-ақ конфессияаралық бейбітшілік пен келісім орын алған, дінге сенушілер мен атеистік көзқарастар ұстанатын азаматтардың құқықтары сыйланатын және қорғалатын  зиялы Қазақтан Республикасының дәстүрлері мен мәдени құндылықтарына жауап беретін ұғымдарды діни  көзқарастағылар ортасында қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.

      Діни-саяси экстремизммен қоғам да, мемлекет те күресуі керек. Әрине, бұл күрестің әдістері оларда әртүрлі. Егер мемлекет экстремизмнің туындауына жағдай жасайтын әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жойып, экстремистердің заңға қайшы әрекеттеріне тосқауыл қойса, қоғам экстремистік идеялар мен үндеулерге саяси және ұлттық діни  толеранттылықты және азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді қолдауы қажет.

     Сөз соңында айтарымыз, саналы да еркін болыңыздар, өздеріңізді алдауға жол бермеңіздер. Өмірге ашық көзбен қарап, оның жолымен  батыл аяқ басып жүріңіздер!