|
|
| | РУС |
|
|
2012 жылы 9 қарашада Павлодар қ. Ақпараттық технологиялар Орталығының базасында облыстық «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» байқауының 2-ші кезеңі өтті. Оқу үрдісін («Автомобиль құрылысы» бойынша электрондық оқулық) мультимедиялық қамтамасыз ету номинациясы бойынша арнайы пәндер оқытушысы В.В. Сныткин құрметті ІІІ-ші орынға ие болды. Web – сайтты ұйымдастыру номинациясы бойынша жабдықтар жөнінен инженер В.Н. Беспрозванный мен директорды АТ жөніндегі орынбасарының м.а. С.С. Калимова да құрметті ІІІ-ші орынға ие болды.
2012 жылы 31 қазанда колледж бен облыстық СӨС орталығының бірлескен жоспарына сәйкес СМСТР 12-9-1 тобы, мамандар Г.А. Жүсіпова мен М.А. Абдрахманованың қатысуымен «Грейзинг пайдасы және снекинг зияны» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Грейзинг – дұрыс тамақтану, снекинг – дұрыс тамақтанбау. Іс-шараның мақсаты: дұрыс тамақтанбаудың себептерін анықтау, күн тәртібін дүрыс сақтауға үйрену. Студенттердің тамақтанумәселелері және сонымен қатар тез тамақтанудың оң-және теріс жақтары анықталды. Іс-шара соңында «Тамақтану пирамидасы» атты бейне ролик көрсетілді.
2012 жылы 19 қазанда жалпы колледждік ата-аналар жиналысы болып өтті, онда мынадай мәселелер қарастырылды:
ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінің» «Адреналин» КВН командасы 2012 жылы 16-шы қыркүйекте Екібастұз қалалық КВН лигасының ½ ойынына қатысып, финалға жолдама алды. ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінің» «Алдавай» КВН командасы 2012 жылы 23-ші қыркүйекте Екібастұз қалалық КВН премьер лигасының ½ ойынына қатысып, финалға жолдама алды. ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінің» «Адреналин» КВН командасы 2012 жылы 20-шы қазанда Ақсу қалалық КВН лигасының ½ ойынына қатысып, финалға жолдама алды.
|