Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 4-11-2013, 08:56, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1415

2013 жыл 11 қазанда Павлодар қаласында колледждер арасында тоғызқұмалақтан 13-ші облыстық спартакиада өтті.

Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 7-шы орынды, қыздар командасы 4 орынды иеленді.


Жаңалық қосты admin1, 4-11-2013, 08:54, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1383

2013 жыл 3 қазанда Павлодар қаласында колледждер арасында жеңіл атлетикалық кросстан 13-ші облыстық спартакиада өтті.

Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 12-шы орынды иеленді


Жаңалық қосты admin1, 11-10-2013, 15:01, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1640

Жастар арасында дұрыс тамақтану мен шынығу белсенділігін үгіттеу мақсатында 2013 жылы 5 қазанда Павлодар машина жасау колледжінің «Дәрумендер» командасы облыстық «Дұрыс тамақтану – сымбаттылық пен жастықтың белгісі» байқауына қатысты. Команда өз өнерлерін көрсету барысында дұрыс тамақтанудың құпияларын ашып, сахналық көріністерде өздерінің әртістік қабілеттерін көрсете білді. Әділ-қазылар біздің команданың өнерін жоғары бағалап, «Дәрумендер» командасы 2-ші орын мен «Сымбаттылық пен денсаулық грациясы» жүлдесін жеңіп алды.

    

Жаңалық қосты admin1, 20-06-2013, 12:41, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1573

2013ж. 19 маусымда ҚМКК «Павлодар машина жасау колледждінің» белсенді студенттері конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» флеш-мобына қатысты. Іс-шара барысында студенттер қала тұрғындарына акция буклеттерін таратып, жағажайда «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» деген ұранмен аспанға ақ және қара түсті шарларды ұшырды. 

  

Жаңалық қосты admin1, 3-06-2013, 11:38, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 2610

Халықаралық   ғылыми – тәжірибелік  конференция

2013жылғы 14 мамырда ағылшын тілінің оқытушысы Хамитова А.С. «Шетел тілді оқыту барысында коммуникативтік әдісінің элементтері» баяндасымен  С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінде өткен  « Тіл кедергісі жоқ білім және ғылым» халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясына қатысты. Анара Сағадатовнаға белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хат» табыс етілді.


Жаңалық қосты admin1, 16-05-2013, 12:20, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1472

2013 жылғы 14 мамырда  ЛП-10-9-1тобыны оқушысы Досмақов Өжет және  СТР-12-11-2 тобының оқушысы Көкішева Алтыншаш ИнЕУ колледжінде өткен ТжКО жүйесіндегі оқу орындарының  арасында  экономикалық және техникалық мамандықтар бойынша кәсіби қазақ тілінен  II облыстық олимпиадаға қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша оқушылар  II дәрежелі  орынды  иеленіп,жеңімпаздар атанып. Олар диплом, сертификат және құнды сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздар мен  олардың оқытушыларын  Күлжібаева Г.Т. және Баймағамбетова М.Қ. құттықтап, болашақта  жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз!


 

 

Жаңалық қосты admin1, 16-05-2013, 11:59, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1614

 Адамгершілік-эстетикалық сапаларды қалыптастыру, отбасының құндылықтарын үгіттеу, әйелдердің тең дәрежеде мемлекеттік және қоғамдық өмірге араласуын көрсету әрі салауатты өмір салтын үгіттеу мақсатында машина жасау колледжінде «Әйел отбасының және мемлекеттің тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткіздік. Президент Н.Ә. Назарбаевтың «2050 стратегиясы» атты Қазақстан халқына жолдауындағы сөздерді негізге ала отырып, директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Ф.М. Акишева сөз сөйледі. Дөңгелек үстелге қатысушылар – колледждің студент қыздары, оқытушылар мен арнайы шақырылған қонақтар болды. Өз кезегінде сөз алған қонақтар: Павлодар қ. ІІБ аға инспекторы, полиция майоры А.Т. Қасымова әйелдерді зорлықтан қорғау жөніндегі полиция бөлімшесі өз қызметін адамның жеке тұлғасының еркінділігі мен конституциялық құқықтарды, заңдылықтарды және жариялылықты сақтау негізінде құрылғандығын айтты. 

 

alt alt
Жаңалық қосты admin1, 6-05-2013, 12:27, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1538

28.04.2013ж. студенттердің бойында белсенді өміршең ұстанымдылықты қалыптастыру, қазақстандық ұлтжандылықты қалыптастыру, халық бірлігінің, мейірімділік пен өзара келісім идеясын үгіттеу мақсатында 1-ші курс студенттерінің қатысуымен «Қазақстан бірлігі күні» атты мерекелік іс-шара өткіздік, онда студенттер халықтар достығы туралы сөз қозғап, ұлттық билерді көрсетті, әндер шырқады.

 

alt alt alt

Жаңалық қосты admin1, 6-05-2013, 12:25, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1663

23.04.2013ж. Қарулы Күштердің беделін арттыру, қазақстандық әскери қызметшілердің бейнесін түсіндіріп тарату мақсатында колледж студенттері Әскери Даңқ мұражайымен бірлесе отырып, Павлодар қ. әскери коммисариат қызметкерлерімен кездесуге және «Отан қорғаушылар – ел тыныштығында» атты көрменің ашылуына қатысты.

 

alt alt alt

 

Жаңалық қосты admin1, 6-05-2013, 12:24, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1552

2013ж. 23-ші сәуірдеқаржы полициясының инспекторлары Смаилов Әділет пен Төлегенов Диас жемқорлық іс-әрекеттерін түсіндіру мақсатында «Жемқорлық және оның қоғамдық қаупі» тақырыбында 1-ші курстың ЛП 12-9-1 және СМТР 12-9-1 топтарының студенттері алдында дәріс оқыды. Өздерінің ақпараттық баяндамаларында олар жемқорлықтың алдын-алу, онымен қазіргі әлемдегі күрес, нарықтық экономикаға өту барысындағы мемлекеттің жемқорлықпен күресу рөлінің арттыруы туралы мәселелерді қамтыды.

Дәріске 1-ші курстың 56 студенті қатысты.