"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 16-01-2013, 08:38, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1725

Оқытушы Г.Т. Күлжібаева 2012ж. 29-шы қарашада оқытушыларға арналған қазақ әдебиеті пәні бойынша қашықтықтық Қазақстандық интернет олимпиадаға қатысып, құрметті «Қола жүлдегер» 3-ші орын алды. 

 

alt alt

Жаңалық қосты admin1, 16-01-2013, 08:35, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1712

2012 ж. 30-шы қарашада Машина жасау колледжі Екібастұз политехникалық колледжінде өткен 3-ші облыстық «Павлодар аймағындағы экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары» атты студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. 2-ші орын иегерлері ТМ 10-9-1 тобының студенттері Филиппов Владимир мен Соколы Евгений «Ауаны тазалаудың тиімді әдістері» ғылыми жобасымен, жобаның жетекшісі химия пәнінің оқытушысы Ж.Т. Кульшманова.

«Нұр Отан» қоғамдық бірлестік партиясы атынан «Үздік әлеуметтік жоба таныстыруы» арнайы номинациясына  «Қатты тұрмыстық қалдықтарды жою» ғылыми жұмысының тақырыбымен ТОТ 12-11- тобының студенті Төлеуов Дастан ие болды, жетекшісі арнайы пәндер оқытушысы Ж.Е. Нұрахметова.

«Құю өндірісінде Екібастұздық көмірді пайдалану» тақырыбындағы  ғылыми жобасы үшін Қатысушы сертификатымен ЛП 10-9-1 тобының студенті Стреляева Мария марапатталды, жетекшісі П.О. Быков.

Студенттер біз сіздерді құттықтаймыз! Сіздерге жаңа табыстар мен жеңістер тілейміз!

 alt alt alt

Жаңалық қосты admin1, 16-01-2013, 08:31, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1438

2012 жылы 9 қарашада Павлодар қ. Ақпараттық технологиялар Орталығының базасында облыстық «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» байқауының 2-ші кезеңі өтті. Оқу үрдісін («Автомобиль құрылысы» бойынша электрондық оқулық) мультимедиялық қамтамасыз ету номинациясы бойынша арнайы пәндер оқытушысы В.В. Сныткин құрметті ІІІ-ші орынға ие болды. Web – сайтты ұйымдастыру номинациясы бойынша жабдықтар жөнінен инженер В.Н. Беспрозванный мен директорды АТ жөніндегі орынбасарының м.а. С.С. Калимова да құрметті ІІІ-ші орынға ие болды.

 

alt alt alt

 

Жаңалық қосты admin1, 8-11-2012, 17:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1480

2012 жылы 31 қазанда колледж бен облыстық СӨС орталығының бірлескен жоспарына сәйкес СМСТР 12-9-1 тобы, мамандар Г.А. Жүсіпова мен М.А. Абдрахманованың қатысуымен «Грейзинг пайдасы және снекинг зияны» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Грейзинг – дұрыс тамақтану, снекинг – дұрыс тамақтанбау. Іс-шараның мақсаты: дұрыс тамақтанбаудың себептерін анықтау, күн тәртібін дүрыс сақтауға үйрену. Студенттердің тамақтанумәселелері және сонымен қатар тез тамақтанудың оң-және теріс жақтары анықталды. Іс-шара соңында «Тамақтану пирамидасы» атты бейне ролик көрсетілді.

 

  alt alt   


 alt alt

Жаңалық қосты admin1, 8-11-2012, 17:27, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1486

2012 жылы 19 қазанда жалпы колледждік ата-аналар жиналысы болып өтті, онда мынадай мәселелер қарастырылды:
1. Колледж Жарлығымен таныстыру. Колледж директоры Қаирбаев Қ.А. 
2. Наркомания және темекі шегудің алдын алу. Дәрігер-нарколог Чебатарев В.А.
3. Жасөспірімдік жастың ерекшеліктері. Тулекова А.Р. колледж психологы.
Оқу кабинеттерінде оқу үлгерімдері мен сабаққа қатысу мәселелері талқыланды және ата-аналар комитетін сайлады.

 

alt alt alt

Жаңалық қосты admin1, 6-11-2012, 12:25, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1681

ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінің» «Адреналин» КВН командасы 2012 жылы 16-шы қыркүйекте Екібастұз қалалық КВН лигасының ½ ойынына қатысып, финалға жолдама алды.

ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінің» «Алдавай» КВН командасы  2012 жылы 23-ші қыркүйекте Екібастұз қалалық КВН премьер лигасының ½ ойынына қатысып, финалға жолдама алды.

ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінің» «Адреналин» КВН командасы 2012 жылы 20-шы қазанда Ақсу қалалық КВН лигасының ½ ойынына қатысып, финалға жолдама алды.

 

 

altalt alt 

alt