"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 10-05-2016, 12:09, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1070

Жеңіс күнін мерекелеу аясында колледж бойынша келесі іс-шаралар жоспарланды және өткізілді:

2016 жылы 24 сәуірде республикалық «Патриот» акциясы аясында өткізілген облыстық «Жеңіс туы» әскери-патриоттық эстафетасының ашылуына арналған шеруге қатыстық.

3 мамырда Павлодар қ. Әскери даңқ мұражайына саяхат ұйымдастырылды.

4  мамырда әскери-ұлтжандылық әндер мен сап түзеу байқауын өткіздік.

5 мамырда «Даңқты ерлер отаны» тақырыбында сынып сағатын өткіздік.

6  мамырда Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне арналған «Біздің есімізде мәңгілік сақталады!» мерекелік концерті өткізілді.

 

Жаңалық қосты admin1, 13-04-2016, 11:53, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1211

2016 жылы 13 сәуірде ҚР Тәуелсіздігінің 25 – жылдығын мерекелеу аясында, ұлтжандылық сезімге тәрбиелеуге жағдай жасау және қазақ халқының мәдениеті мен тарихи мұрасын құрметтеу әрі қызығушылық таныттыру мақсатында «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты конференция өткізілді. Конференцияны ТМ 14-9-1 тобының сынып жетекшісі Г.Қ. Ахметова ұйымдастырды.

 

«Бейбітшілік және келісім – Қазақстанның таңдауы» тақырыбымен Жүнісова Саида, «Қазақстанның мәдени мұрасы» тақырыбымен Хамитова Жұлдыз, «Мемлекеттік рәміздер – халықтың мақтанышы» тақырыбымен Сәдуақасова Әсем, «Менің Қазақстаным, астанам менің болашағым» тақырыбымен Бойченко Полина, «Ұлттық валюта – бәсекеге қабілетті Қазақстанның басты белгісі» тақырыбымен Қаирханов Әсет баяндамамен сөз сөйледі. Баяндамашылар Қазақстанда бір шаңырақ астында бейбітшілік пен келісімшілікте жүзден астам ұлттар мен ұлыстар өмір сүріп жатқандығын, оларды ортақ – Біз Қазақстан халқы біріктіретінімізді айтып өтті. Конференция соңында қатысушылар грамоталармен марапатталды.

Жаңалық қосты admin1, 6-04-2016, 11:54, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1131

2016 жылы 6 сәуірде КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінің» бірінші курс оқушыларының қатысуымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына арналған «Мәңгілік ел, біздің беделді және ұлы Қазақстан» ұлтжандылық акция-концерті болып өтті. Бұл шара студенттерді қазақстандық ұлтжандылыққа, азаматтылыққа, толеранттылыққа тәрбиелеуге, Отанымызды мақтан тұтуға, ой-өрісті кеңейтуге бағытталған.

 

Акцияға шақырылған қонақтардың: «Құқық» үйірмесінің жетекшісі Б.Ш. Шушпаева мен колледждегі «Жас Отан» ЖҚ жетекшісі Н. Қапашевтің сөз сөйлеуі.

Жаңалық қосты admin1, 28-03-2016, 17:02, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1810

2016 жылы 28 наурызда Б.Т. Адуова ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Менің Қазақстаным – менің елім» атты викторина өткізді. Іс-шараға «Шаңырақ» және «Бірлік» командалары қатысты. Сайыс барысында «Шаңырақ» командасы Республикамыздың қалыптасу тарихы бойынша өздерінің терең білімдерін көрсетіп, жеңіске жетті.

 

Жаңалық қосты admin1, 22-03-2016, 17:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1258

Көктем келді, Наурыз бізді өзінің керемет іс-шараларымен қуанышқа бөледі. Мерекелік іс-шараға көптеген оқушылар қатысты. Жаңа жиын топтары 14 наурызда «Шеберлер ауылы» мерекелік көрінісін ұйымдастырып, дастархан жайды, концерттік нөмірлер мен қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетті. 15 наурызда барлық курстарда «Наурыз көктем тынысы» сынып сағатын өткіздік, 17 наурызда ТМ-13-9-1 және ТМ -14 -11-1 топтары «Елімнің ырысы – Наурыз» мерекелік концертін ұйымдастырды. 25 – 27 наурыз аралығында «Кенесары» клубының мүшелері Наурыз мерекесіне орай бокстан өткізілген халықаралық жарысқа қатысып, 2 және 3 орындарды иеленді.

 

Жаңалық қосты admin1, 11-03-2016, 16:55, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1198

2016 жылы 11 наурызда болашақ құрылысшылар тобының шығарылымы болды, мерекелік түрде ата-аналар мен оқытушылардың қатысуымен колледждің түлекетріне дипломдар табысталып, белсенді әрі үздік түлектерге грамоталар және олардың ата-аналарына алғыс хаттар берілді. Іс-шара әрі қарай колледж студенттері дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты. Колледж директоры оқу үздіктеріне дипломдар табыстады.

 

 

 

Жаңалық қосты admin1, 7-03-2016, 16:52, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1329

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында колледжде әр түрлі іс-шаралар өткізілді, атап айтқанда: «Әйел – Ана, Әйел – Ару» кітап көрмесі, 8 наурыз – әйелдер күні сынып сағаты. 4 наурызда оқушылар безендірілген плакаттар дайындап, колледждегі әйелдер ұжымын гүлдермен қарсы алды және ЛП – 14-9-1,  ТОРА – 14-9-1 топтарының оқушылары мерекелік концерт дайындады.

 

Жаңалық қосты admin1, 29-01-2016, 09:58, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1503

ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығының аясында қазақстандық ұлтжандылықты қалыптастыру, тұрақты, табысты, бәсекеге қабілетті мемлекет жөнінде Қазақстанның қол жеткізген жетістіктеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында колледжде бірқатар іс-шаралар өткізілді:

2016 жылы 26 қаңтарда Бұхар Жырау мұражайының қызметкерлерін шақырумен «Еркіндік пен ар-намыс белгілері» тақырыбында мұражай сабағы өткізілді, онда біздің мемлекетіміздің қалыптасу тарихы туралы айтылып, бейнефильмдер көрсетілді және халық әндері орындалды. Іс-шара қызықты өтіп, оқушылар өздеріне қажетті көптеген қызықты материалдарды алды.

 

2016 жылы 28 қаңтарда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауына арналған «Мәңгілік ел, біздің абыройлы және ұлы Қазақстан» атты ұлтжандылық акция – концерті өткізілді. Бұл іс-шара қазақстандық ұлтжандылыққа, азаматтылыққа, толеранттылыққа, Отанымызды мақтан тұтуға тәрбиелеуге, ой-өрісті кеңейтуге бағытталған. Акцияға шақырылған қонақтардың: «Құқық» үйірмесінің жетекшісі Б.Ш. Шушпаева мен колледждегі «Жас Отан» ЖҚ жетекшісі Н. Қапашевтің сөз сөйлеуі.

 

2016ж. 29 қаңтарда П. Васильев атындағы кітапханамен бірлесе отырып «Тәуелсіздік – бұл еркіндік, бақыт» тақырыбында кітапхана сабағын өткіздік, онда кітапхана қызметкерлері ҚР рәміздері туралы атты.

 

Жаңалық қосты admin1, 29-12-2015, 11:55, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1373

 2015 жылы 28 желтоқсанда колледжде 1 және 2 курс оқушыларына арналған Жаңа жыл – шоуын өткіздік, іс-шарада қызықты бағдарламалар, ойындар, билер Аяз ата мен ақшақардың әзілдері болды. Колледж директоры Қаирбаев Қ.А. жетім-балаларды жаңа жылмен құттықтап сыйлықтар табыстады.

 

Колледждің кәсіподақ пен жастар комитеті қызметкерлердің балаларына арналған таңертеңгілік ұйымдастырды. Балалар Аяз атаның қолынан сыйлықтар алды.

 

Жаңалық қосты admin1, 28-12-2015, 09:58, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1225

Студенттік кеңестің белсенділері «Жастық махаббат» тақырыбында лирикалық поэзия кешін өткізді. Балалар өлеңдер оқып, соңында осы тақырыпта суреттер салды.

 

Алдағы 2016ж. дайындалып ,келесі іс-шараларды өткіздік:Бөлмелерді мерекеге сай безендірдік

Кеш ұлдар мен қыздардың жаңа жылдық биімен ашылды

 

 Колледж оқытушыларына шырша түрінде мерекелік сыйлықтар дайындадық. Жаңа жылды мерекелеу және жаңа жылдық би кеші. Кеш көңілді әрі қызықты өтті. Барлық қатысушылар сыйлықтармен және кәмпиттермен марапатталды.