"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 26-10-2016, 10:31, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1376

Колледжге бейімделу үрдісі жеңіл болу үшін ұлыңыздың немесе қызыңыздың төмендегі ережелерін қадағалаңыз:

Күн тәртібін сақтаңыз: сағ. 23-00-ге дейін ұйықтауға жатуы керек, себебі 8 сағаттық ұйқы қажет;

Уақытты аз жұмсап, өзінің тұрмыстық жағдайын дұрыс ұйымдастырсын;

Таза ауада күніне 2 сағат болуы керек. Бұл көңіл-күйді жақсартады;

Күнде денешықынтырумен айналыссын;

Өзінің денсаулығын нығайтып, жеке тазалықты сақтасын;

Көбірек оқып, өздігінен жұмыс істесін;

Үнемі оқытушылармен, сынып жетекшілермен байланыста болыңыз.

Жанжал туындаған жағдайда баладан ажырап қалмаңыз, бірінші достасыңыз, содан соң өз істеріңізбен айналысыңыз.

 -  Баланың үйге үйір болуына жағдай жасаңыз; үйге келе жатқанда «Бәрінен де біздің үйде жақсы!» деген сөзді айтуды ұмытпаңыз.

 -  «Сен жақсысың, бірақ өзгелерден артық емессің» деген бұрыннан белгілі психологиялық формуланы балаңыздың бойына сіңдіріңіз.

 -  Ұлыңызбен немесе қызыңызбен жанжалдасқан кезде ашуға беріле берілмеңіз, өйткені олар да өзінің дұрыс еместігін үнемі сезінбеуі керек. Сіз бұл іс-әрекетіңізбен балаларыңыздың қателіктері мен жеңілістерін мойындауларына үйретесіз.

 -  Балаларыңызды «Бүгін не қызықты болды?», «Немен айналыстыңдар?», «Колледжде қалай?» деген сұрақтармен қарсы алыңыз.

 -  Балаңыздың өмірінде болып жатқан жаңалықтарды шыдамдылықпен және қызығушылықпен тыңдаңыз.

 -  Балаңыздың табысына қуаныңыз. Оның уақытша сәтсіз кезеңдеріне ашуланбаңыз.

Жаңалық қосты admin1, 20-10-2016, 09:28, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1725

2016 жылы 20 қазанда колледждің барлық 4 курсында ЭКСПО – 2017 арналған «Жасыл экономика – болашақтың экономикасы» тақырыбында сынып сағаттары түрінде бірегей сабақ өткізілді, онда дәрістер оқылып, бейнефильмдер көрсетілді, пікірталастар болды

 

Жаңалық қосты admin1, 20-10-2016, 08:52, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1235

20.10.2016 жылы Павлодар машина жасау колледжінде еңбек және соғыс ардагері, прокуратураның құрметті қызметкері генерал – майор Д.Нт Фалеевтің қатысуымен дөңгелек үстел өткіздік. Бұл іс-шара «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» ЖҚ жетекшісі Сәркенов Оразалы мен «Жас Отан» ЖҚ белсенділерінің бастамасымен болды.

Кездесудің тақырыбы: «Жастар арасындағы жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу».

Өз баяндамасында О. Сәрсенов құқық қорғау органдарының статистикалық мәліметтері кәмелеттік жасқа толмаған адамдардың жасаған қылмыстар санына назар аударуға мүмкіндік береді, қазіргі уақытта бұл жағдай жоғарғы деңгейде. Жастар арасындағы қылмыс жасау мәселесі мемлекеттің назарынан тыс қалмады. Сондықтан қазірден бастап, жас ұрпақтың қылмыс әлеміне кетіп қалу қаупінің алдын алып, барлық тиімді әдістер арқылы оларды қауіпсіздендіру қажет. Іс-шара барысында проблемалық мәселелерге және оның шешу жолдарына тоқталды. Құрметті қонақ Генерал-Майор Фалеев Дмитрий Никитович, соғыс кезінде басынан өткізген қиыншылықтарды, жолдастарының әскери ерліктерін, өз отанына деген адалдығын және прокурорлық лауазымындағы жұмыстары туралы айтып өтті. Бүгінгі таңда ол Павлодар қ. Ұлттық гвардияның 5512 әскери бөліміндегі Әскери даңқ мұражайының құрметті мүшесі. Тоқсаныншы жылдардың ауыр кезеңдерінде әскери бөлім қаржылай қиындықтарға тап болған, соғыс ардагері, зейнеткер жаста заңнамалық қолдау көрсеткен. Сөз соңында соғыс ардагері жас ұрпақтың заңдарды сақтап, өз отанын шексіз сүюді және жастардың салауатты өмір салтымен өмір сүру керектігін айтты.

Жаңалық қосты admin1, 18-10-2016, 09:54, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1076

Ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Отанды сүю, Отанымыздың тарихына құрметпен қарау аясында және Отан қорғаушылардың ерліктерін есте сақтау үшін 2016 жылы 18 қазанда 1 курстағы ТМ 16-9-1 тобының студенттері сынып жетекшісі А.М. Рахметовамен Бизнес колледжде өткен «Ерлік сабағы», «Жас ұлан» іс-шарасына қатысты. Іс-шараға әскери қызметкерлер шақырылып, олар қалай әскери ұрыстарға қатысқандарын айтып өтті.

Іс-шарадан соң студенттер «Қазақ халқының даңқты қызы Кеңес Одағының батыры, 54-ші жеке атқыштар бригадасының мергені Ә.Н. Молдағұловаға» арналған көрмеге қатысты.

 

 

Жаңалық қосты admin1, 18-10-2016, 09:05, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1078

Бүгін «Нұр Отан» партиясының ғимаратында «Жас Отан» ЖҚ ПОФ мүшелерінің, дін өкілдерінің және ММ «Павлодар облысының дін істері жөніндегі басқармасы» өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінің» жанындағы «Жас Отан» ЖҚ белсенді-студенттері Д. Бакеева, К. Жакурова, Р. Сәбитов, Н. Амангелдиев, С. Арғынбаева іс-шараға қатысып, дін өкілдерімен кездесті. Кездесу пікірталас алаңы түрінде өтті, онда студенттер дінге қатысты мәселелер бойынша спикерлерге қызығушылық танытқан сұрақтарын қойды.

 

Жаңалық қосты admin1, 15-10-2016, 09:57, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1128

Машина жасау колледжінің жанындағы «Жас Отан» ЖҚ белсенді-студенттері Д. Бакеева, Н. Амангельдиев, А. Еркіндіков, Н. Әлтаев, Н. Сани 2016 жылы 15 қазанда өткізілген жалпы қалалық сенбілікке қатысты . 

Қоқыс шығаруға арнайы техника бөлінде. Ортақ жұмыстың арқасында Амангелді көш. жақын жатқан учаскелер тазаланды.

      

Жаңалық қосты admin1, 13-10-2016, 12:51, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 774

2016 жылы 13 қазанда әйелдердің денсаулығын қорғау онкүндігінің аясында колледждің әйелдер ұжымының денсаулығын алдын алу мақсатында радиологиялық бөлімнің онколог дәрігері Г.С. Богомолованы шақырумен лектория ұйымдастырдық. Ол «Сүт бездерінің обыры» тақырыбында дәріс оқып, соңында бейнефильм көрсетілді.

  

Жаңалық қосты admin1, 13-10-2016, 12:18, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1105

Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бөлімі Павлодар машина жасау колледжін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында өткізілген мерекелік іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапаттады.

Жаңалық қосты admin1, 13-10-2016, 11:47, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 779

 

2016 жылы 13 қазанда әйелдердіңденсаулығын сақтау онкүндігі аясында алдын алу мақсатында колледждегі әйелдер ұжымына радиологоиялық бөлімнің онколог дәрігері Г.С: Богомолованы шақырумен лектория ұйымдастырылды. Ол «Сүт бездерінің қатерлі ісігі» тақырыбында дәріс оқыды және соңында бейне фильм көрсетілді.

 

Жаңалық қосты admin1, 13-10-2016, 08:54, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1149

ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында 12 қазанда «Жаңа қазақстандық жол: мәдени саясат» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткіздік. Конференцияға 1 және 2 курстың оқушылары қатысты. Оқушылармен қызықты слайдтар мен баяндамалар дайындалды. Оқушы Сәрсембаев А. «Қазасқтан Стратегиясы – 2050», Еркіндіков А. «Болашақтың қаласы», Иванов Р. «Қазақстандық жол – саяси мәдениет», Тыржикаев А. «Қазақстанның мәдени саясаты» тақырыптарында баяндама дайындады. Іс-шараны Б.Т. Адуова қорытындылады.