"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 2-06-2014, 16:46, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1371

Колледж оқушылары Саворовская Алена, Артемьева Кристина және Акат Асхат  2014 жылдың 16 ші -18 мамыр күндері Павлодар қаласында өткен Атамекен STARTUP  бизнес-жобалар сайысына қатысты. Осы оқушылар  сайысты ұйымдастыру жұмысына белсенділік  танытқан үшін алғыс хатпен марапатталды.

Атамекен STARTUP  бизнес-жобалар сайысына қатысу туралы
Атамекен STARTUP  бизнес-жобалар сайысына қатысу туралы
Атамекен STARTUP  бизнес-жобалар сайысына қатысу туралы

Жаңалық қосты admin1, 10-05-2014, 12:33, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1415

Хаирова Л.А орыс тілі және әдебиет оқытушысы   және математика пәнінің оқытушысы Жанкаринова Ж.Т,  республиқалық   қашықтық  ғаламтор арқылы  олимпиадаға қатысып, математика және орыс әдебиеті пәндері бойынша үздік нәтиже атына ие болды. Физика пәнінің оқытушысы Сулейменова Г.М  1  курс студенті Гофман  В дайындады, оқушы үздік нәтиже қөрсетті. 

 Қазақстандық  ғаламтор олимпиадаға қатысу.
Қазақстандық  ғаламтор олимпиадаға қатысу.
Қазақстандық  ғаламтор олимпиадаға қатысу.

 

Жаңалық қосты admin1, 29-04-2014, 15:11, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1556

2014 жылы 25 сәуірде ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінде» әлеуметік-қоғамдық пәндер оқытушыларының «Әлеуметтік-қоғамдық пәндер сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану» тақырыбында облыстық семинары өткізілді. Семинарға қала мен облыстың 20-дан астам оқытушылары қатысты. Колледж оқытушылары: Г.Б. Неғманова, Б.Ш. Шушпаева, З.Ж. Ахметова, С.Т. Барақбаев жоғарыда аталған тақырып бойынша әріптестерінің алдында баяндамаларымен сөз сөйледі. Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары С.С. Калимова ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың колледжде қалай енгізіліп жатқандығын айтып өтті. Семинарға қатысқан әріптестер семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын әрі оқытушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы оқытушының да, студенттің де жұмысын жеңілдететіндігін айтты.

 
 

 

 

Жаңалық қосты admin1, 4-04-2014, 17:22, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1631

VI-шы облыстық энергетиктер олимпиадасының

қорытынды есебі.

     Орта кәсіптік оқу мекемелерінің оқушылары арасындағы VІ-шы облыстық энергетиктер Олимпиадасы Павлодар облысының Білім басқармасының қолдауымен 2014 жылы 26-шы наурызда екі бағытта: электрлік және жылу техникасының мамандықтары  бойынша ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінде» өткізілді. 

      Олимпиадаға 8 колледж қатысты: Павлодар машина жасау колледжі, Павлодар бизнес-колледжі, Павлодар политехникалық колледжі, Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі, Инновациялық Еуразиялық университетінің колледжі, Павлодар технологиялық колледжі, Сәтпаев атындағы инженерлік-техникалық институтының Екібастұз колледжі, Екібастұз Инновациялық Еуразиялық университетінің колледжі. Олимпиадаға қатысуға 33 студент өтініш білдірді: олардың ішінде 21 студент электрлік мамандық бойынша (14 студент орыс тілінде, 7 студент мемлекеттік тілде), сонымен қатар 12 студент жылутехникалық мамандығы бойынша (олардың ішінде 9 студент орыс тілінде және 3 студент мемлекеттік тілде).

Олимпиада қорытындысы бойынша электрлік мамандықтар бойынша орындар келесі түрде бөлінді:

1-ші орынды Солодухин Алексей (жетекшілері Абраева Н.М, Шалабаева М.А) иеленді. Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі.

2-ші орынды Данишевский Роман (жетекшісі Тенизова О.В.) иеленді. Павлодар бизнес-колледжі.

3-ші орынды Беличев Артем (жетекшісі Лихачева С.Н.) иеленді. Павлодар политехникалық колледжі.

            Жылутехникалық мамандығы бойынша жүлделі орындарға келесі колледждің оқушылары ие болды:

1-ші орын Алимбаев Тойлыбай (жетекшісі Абдрахманова К.Т, Кыдырмоллаева А.Н) Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі.

2-ші орын Письмиленов Нұрболат (жетекшілері Абдрахманова К.Т, Кыдырмоллаева А.Н) Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі.

3-ші орынды Коргун Андрей (жетекшісі Алишева Р.Т) иеленді. Сәтпаев атындағы инженерлік-техникалық институтының Екібастұз колледжі. 

Жылутехникалық мамандығы бойынша жалпы командалық есепте жүлделі орындарды келесі колледждер иеленді:

1-ші орында  Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің командасы;

2-ші орында  Сәтпаев атындағы инженерлік-техникалық институтының Екібастұз колледжі;

3-ші орында Инновациялық Еуразиялық университетінің колледжі.

Электрлік мамандығы бойынша жалпы командалық есепте жүлделі орындарды келесі колледждерге бөлінді:

1-ші орында  Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің командасы;

2-ші орында  Павлодар бизнес колледжінің командасы; 

3-ші орында  Павлодар политехникалық колледжінің командасы;.

  

 

Жаңалық қосты admin1, 4-04-2014, 17:20, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1400

2014 жылы 18 наурызда құқық бұзушылықтың алдын алу және «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексін түсіндіру мақсатында Павлодар қ. ІІБ аға инспекторы, полиция капитаны А.М. Сәрсембенованың қатысуымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтыңалдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткіздік. Дөңгелек үстел барысында үйдегі зорылық-зомбылық, күш көрсету сонымен қатар 79/3 б. – денсаулыққа залал келтіру, 79/5 б. – отбасылық-тұрмыс аясындағы құқықтық қарсылық әрекеттер мәселелерін қарастырып, бейнероликтер көрдік.

 

Жаңалық қосты admin1, 4-04-2014, 17:20, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1546

2014ж. 13-20 наурыз аралығында колледж әкімшілігінің, оқытушылар мен сынып жетекшілерінің, студенттердің көркем өнерпаз топтарының ұйымдастыруымен колледже «Наурыз» мейрамы тойлау бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда 13-ші наурызда колледж студенттеріне «Наурыз» мейрамын басқа халықтар қалай тойлайтындығы туралы ТМ 13-9-1т. оқушыларының таныстыруы, 13-18 наурыз аралығында ұлттық спорттық ойындар, спорттық жарыстар туралы таныстыру болды. 19-шы наурызда колледж асханасында 1 курс топтарының және олардың ата-аналарының, колледж әкімшілігі мен сынып жетекшілерінің қатысуымен: Ұлттық тағам, Қара жорға, Ұлттық салттар, Ұлттық киімдер бөлімдері бойынша байқаулары өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша ТМ 13-9-1 және ЭЭЖ 13-9-1 топтары бірінші орын, ЛП 13-9-1 тобы  екінші орын, ТМ 13-9-2 тобы үшінші орын иеленді. 20-шы наурызда колледж оқытушылары мен студенттері «Елімнің ырысы – Наурыз» атты қорытынды концерттік бағдарламаны ұйымдастырып өткізді.

 

Жаңалық қосты admin1, 4-04-2014, 17:18, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1443

2014 жылы 7 наурызда А.Қ. Жүнісова мен Ж.Е. Нұрахметованың  басшылығымен колледж оқушылары 8-ші наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік бағдарламаны дайындап өткізді. Колледждің нәзік жанды оқытушылары мен оқушы қыздарына әдемі сөздер мен әндер айтылды. Балалардың әндері, өлеңдері, билері мен әзілдері бәрінің көңілдерінен шықты. Барлығына рахмет. Мереке жүзеге асты.

 

Жаңалық қосты admin1, 4-04-2014, 17:14, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1495

     2014 жылы 5-ші наурызда колледждің қоғамдық пәндер оқытушысы С.Т. Барақбаевтың жетекшілігімен дайындалған «Қазіргі уақыттағы дін мәселесі және оның жастарға ықпалы» тақырыбындағы баяндамамен ЭЭЖ 10-9-1 тобының оқушысы Зейніл Айдын қаламыздағы Достық сарайында өткен «Дін және дәстүр» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып сертификатқа ие болды.
Айдынға толағай табыстар тілейміз!

Жаңалық қосты admin1, 4-04-2014, 17:13, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1349

2014 жылы 1 наурызда Павлодар мамандандырылған колледжінде «Қазіргі білім беруді, экономиканы және құқықты дамытудың үдерістері мен болашағы» атты облыстық колледжаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Конференцияға «Павлодар аймағы тұрғындарының экономикалық құқықтарды сақтауы» баяндамасымен ТОТ 12-11-1 тобындағы 3-ші курс оқушылары Дакуов Руслан, Базавод Сергей (ғылыми жетекші Смекенова Қ.Қ.) және «Яснополяна мектебі және Л.Н. Толстойдың педагогикалық қызметі» баяндамасымен ТМ 13-9-2 тобындағы 1-ші курс оқушысы Сәрсенов Рахат (ғылыми жетекші Хаирова Л.А.) қатысты.

 

  

Жаңалық қосты admin1, 4-03-2014, 15:32, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1652

2014ж. 25 ақпанда Павлодар музыкалық колледжінде «Ленинградтың фашист басқыншыларынан азат етілгеніне 70 жыл» тақырыбында колледж оқушыларының арасында мәнерлеп оқудан облыстық байқау өткізілді. Байқауда колледжіміздің 1-ші курс оқушылары Саворовская Алена мен Тасыбай Айдос 3-ші орын алды.

alt alt