"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 29-03-2013, 17:34, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1614

2013 жылы 20 наурыз күні колледжде «Армысың әз-Наурыз 2013» мерекелік іс-шарасы болып өтті. Іс-шара барысында әкімшілік колледждің 1-2 курс студенттерінің арасында мерекелік дастархан байқауын өткізіп, жеңімпаздарды марапаттады, мерекелік шара оқытушылар мен студенттер ұйымдастырған концертке ұласты.


Жаңалық қосты admin1, 29-03-2013, 17:32, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1503

2013 жылы 7-ші наурыз күні колледжде 8-ші наурыз – халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Колледж әкімшілігі мен оқытушылары және студенттері іс-шара барысында нәзік жандыларды шын жүректен құттықтап, еңбекте табыс оқуда жеміс тіледі. Кеш соңы қызықты концертке ұласты.

Жаңалық қосты admin1, 7-03-2013, 11:41, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1340

2013 жылы 20 ақпанда колледждің жастар комитеті мен облыстық «Жас Отан» жастар қанатының өкілдерінің қатысуымен кездесу болып өтті. Бұл кездесуде жастар қанатының мүшелері Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан 2050» Стратегиялық Жолдауын, оның ішінде білім беру, жастар саясаты бөлімдерін талқылап, жастар қанаты жастар арасында қандай түсіндірмелік жұмыстар жүргізіп жатқандығын айтты. Іс-шара соңында «Жас Отан» жастар қанатына мүшелікке өтуге ниет білдірген студенттер өтініш жазды.


Жаңалық қосты admin1, 7-03-2013, 11:37, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1452

2013 жылы 19 ақпанда колледжің акт залында қазақстандық ұлтжандылыққа тәрбиелеу және Ауғанстанда өздерінің интернационалдық борышын атқарған жауынгерлерді жас ұрпақтарның естерінде сақтату мақсатында дөңгелек үстел өткізілді, оған Әскери даңқ мұражайының меңгерушісі Әзірбаев Аслан Дыбысбекұлы шақырылды. Студенттер Ауған соғысы туралы әңгімелерді қызығушылықпен тыңдап, құжаттық фильмді көрді. іс-шара соңында өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауаптар алды.


Жаңалық қосты admin1, 7-03-2013, 11:34, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1278

2013 жылы 21 ақпанда Павлодар машина жасау колледжінде «Донор күні» өткізілді.

Колледждің студенттері осы іс-шарада белсенділік танытып, олардың қандары ауру адамдардың өмірін арашалап қалуға дер кезінде қажет болуы үшін өздерінің азаматтық парыздарын орындады.


Жаңалық қосты admin1, 25-02-2013, 09:41, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1377

23.02.2013жылы Павлодар машина жасау колледжінде «Павлодар облысындағы ғылым мен өндірістің инновациялық-техникалық дамуы» атты ғылыми- тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға  12 студент қатысты. Олар машина жасау, металлургия және құрылыс саласындағы өздерінің ғылыми- зерттеу жұмыстарының нәтижелерін көрсетті.Осындай іс-шаралар оқушылардың білім сапасын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және жоғары білікті мамандар даярлауға оң әсерін тигізеді.


Жаңалық қосты admin1, 22-02-2013, 14:19, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1330

Білім беру саласының қызметкерлері аясында машина жасау колледжінің командасы 2013 жылды 16.02-17.02 аралығында  волейболдан өткен XIV облыстық спартакиадаға  қатысты.


Жаңалық қосты admin1, 21-01-2013, 12:07, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1580

17.01.2013ж. Павлодар машина жасау колледжі директорының ТЖ жөніндегі орынбасары Ф.М. Акишева сынып жетекшілеріне «Тәрбие үрдісін саралау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Онда тәжірибелі сынып жетекшілері таныстырулар дайындап, төмендегі мәселелерді талқылады:

1. Оқытушының тәрбиелеу жұмысына дайындығын өздік саралау.

2. Топтардағы саралау жұмыстарының нәтижесі.

3. Топтағы студенттердің тәрбиелік саралауы.

4. Психологтың тренингі.

Дөңгелек үстел соңында ұсыныстартар айтылды. 

 


Жаңалық қосты admin1, 21-01-2013, 12:03, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1600

ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінің» 1-ші курс оқушыларына арналған (90 оқушы) «Зорлыққа жол жоқ – бақытты болуға құқығымыз бар» атты Республикалық акция болып өтті. 2012 жылы 9-шы қарашада семинар өткіздік. Семинардың мақсаты: нәзік жандыларға зорлық-зомбылық жасауға бейім тұлғалармен жеке-алдын алу жұмыстарын іске асыру, зорлық көрсетудің алдын алу және ескерту жасау.

Семинар жұмысына Павлодар қ. ІІБ полициясының инспекторы, полиция майоры А.Т. Қасымова, «Әйелдер ұлт болашағы» қоғамдық бірлестігінің директоры Ж.Ю. Бороздина қатысты.

Талқылауға ұсынылған мәселелер:

1) ҚР-дің «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңына түсініктеме беру.
2) Өз-өзіне қол жұмсаушылықтың алдын алу.

 


Жаңалық қосты admin1, 16-01-2013, 08:39, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1596

«Павлодар облысына 75 жыл» мерейтолық медалімен наградталды

Павлодар облысы әкімінің 2012 жылғы 11 желтоксандағы өкіміне сәйкес Акишева Фарида Мақсұтқызы

alt

alt alt